Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2011.06.10 № 253 қаулысымен.
"Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына және "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 маусымдағы N 561 қаулыларына орай Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің
міндетін атқарушы
КЕЛІСІЛДІ
Әкімдіктің
2008 жылғы 30 қаңтардағы
N 106 қаулысымен бекітілген
"Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері
бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету
Стандарты
1. "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдер" бюджеттік бағдарламаның аясында мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ақшалай төлемақы түрінде әлеуметтік көмек беріледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: жартылай автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет:
1) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 64-1-бабының 3)-тармақшасы, 53-бабының 1-тармағы, 4)-тармақшасы;
2) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағы 1-3), 14)-тармақшалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдерінің тиісті жылға бюджетті іске асыру жөніндегі қаулылары (бұдан әрі - аудан (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдерінің қаулылары) негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі - Бөлімдер) арқылы көрсетіледі. Бөлімдердің толық атауы, олардың мекенжайлары мен веб-сайттары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
5. Өтініш беруші алатын мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны (нәтижесі) әлеуметтік көмекті тағайындау туралы хабардар ету болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлғалардың (өтініш берушілердің) санаты аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдіктерінің қаулыларына сәйкес анықталады.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақытқа шектеу мерзімдері:
1) мемлекеттік қызмет өтініш берушіге талонды берген сәттен бастап он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде көрсетіледі. Басқа субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпаратты алу қажет болған, немесе тексеріс орынға барып жүргізілген жағдайда қызмет отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде көрсетіледі.
2) қажет құжаттарды тапсырғанда кезекте тұрған рұқсат етілетін ең ұзақ уақыт - 40 минуттан аспауы;
3) қажет құжаттарды алғанда кезекте тұрған рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 40 минуттан аспауы.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету тегін.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Бөлімдердің веб-сайттарында, және Бөлімдердің үй-жайларындағы стендтерде орналастырылады. Бөлімдердің мекенжайлары мен веб-сайттары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету күн сайын (сенбі мен жексенбіден басқа) жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін ұсынылады. Қабылдау кезек тәртібінде, алдын-ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне кезектен тыс қызмет көрсетіледі.
11. Мемлекеттік қызмет өтініш берушінің тұрғылықты жеріндегі Бөлімдердің ғимараттарында көрсетіледі. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін, күту мен қажетті құжаттарды даярлау үшін қолайлы жағдайлар көзделген. Ақпараттық стендтер, қажетті құжаттарды толтыру үлгілері бар.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттар тізімі, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктерінің қаулыларына сәйкес анықталады.
13. Мемлекеттік қызмет еркін түрдегі жазбаша өтініш бойынша өтініш берушіге беріледі.
14. Өтініш берушілер қажетті құжаттармен тұрғылықты жеріндегі Бөлімге өтініш білдіреді. Бөлімдердің мекенжайлары және веб-сайттары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
15. Құжаттарды қабылдаған тұлғаның тегі, аты-жөні, тіркеу күні мен уақыты көрсетілген талон, өтініш беруші барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын дәлелдейді.
16. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу өтініш беруші тұрғылықты жеріндегі Бөлімге бару арқылы немесе пошталық хабарлама арқылы жүзеге асырылады. Бөлімдердің мекенжайлары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
17. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту және (немесе) тоқтату аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктерінің қаулыларына сәйкес анықталады.
18. Бөлім қызметі:
1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
2) қызметтік борышты сақтау кезінде заңдылықты сақтау;
3) сыпайылық;
4) түбегейлі және толық ақпарат беру;
5) ақпаратты қорғау және құпиялылық;
6) белгіленген уақытта өтініш беруші алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
19. Өтініш берушілерге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
21. Бөлімдердің және олардың лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру, сондай-ақ шағымды дайындауға көмекті жоғары тұрған мемлекеттік органдарда - аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктерінде алуға болады. Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктерінің электрондық поштасының мекенжайлары осы Стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген.
22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта бойынша немесе электронды түрде аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктеріне беріледі. Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктерінің электрондық поштасының мекенжайлары осы Стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген.
23. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен берiлген өтiнiштер мiндеттi түрде қабылдануға, тiркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиiс.
Шағымды қабылдау, өтініш берушіге шағымды қабылдап алған адамның тегі, аты-жөні, күні мен уақыты көрсетілген, сондай-ақ оның қарау барысы туралы білуге болатын телефоны көрсетілген талон беріледі.
24. Бөлімдердің және олардың жоғары тұрған органдарының байланыс деректері:
1) веб-сайт, электрондық поштаның мекенжайы, заңды мекенжайы, телефоны, Бөлім бастықтарының және олардың орынбасарларының азаматтарды қабылдау кестелері осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген;
2) веб-сайт, электрондық поштаның мекенжайы, орналасқан жері, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдіктерінің телефондары осы Стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдерінің және олардың орынбасарларының қабылдау мен жұмыс кестесі туралы ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде осы Стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша ғимараттардың үй-жайларындағы ақпараттық стендтерде орналасқан.
25. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қосымша ақпаратты өтініш беруші "Қостанай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі - Департамент) алады.
Департаменттің мекенжайы: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Қасымқанов көшесі, 34, электрондық поштаның мекенжайы social@kostanay.kz, oblsots@mail. ru., Қостанай облысы әкімінің веб-сайты www.kostanay.kz электрондық қызметтер - www.e.kostanay.kz, байланыс телефоны: 8 (7142) 500616.
"Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері
бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау
және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің
Стандартына 1-қосымша
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
Бөлімдерінің байланыс деректері
N |
Бөлімдердің атауы |
Заңды мекенжайы, телефондардың нөмірлері және Бөлімдердің |
Веб- |
Электрон- |
1 |
"Алтынсарин ауданы кімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ) |
110101, Алтынсарин ауданы, |
http:// |
sobes_ |
2 |
"Амангелді ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ |
110200, Амангелді ауданы, Амангелді селосы, Майлин көшесі, 18, телефон нөмірі 8-(71440)-21-5-92, бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: бейсенбі сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін бастықтың |
http:// |
Sobes_ |
3 |
"Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ |
110400, Әулиекөл ауданы, |
http:// |
aulsots |
4 |
"Жангелдин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ |
110660, Жангелдин ауданы, Торғай кенті, Амангелді көшесі, 38, телефон нөмірі 8-(71439)-21-5-60, бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: сәрсенбі сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін бастықтың |
http:// |
djansots |
5 |
"Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ |
110500, Қостанай облысы, Денисов селосы, Калинин көшесі, 6, телефон нөмірі 8-(71434)-9-13-44, бастықтың азаматтарды |
http:// |
densots |
6 |
"Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ |
100701, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, Асанбаев көшесі, 51, телефон нөмірі 8 (71435)-2-33-70, бастықтың азаматтарды |
http:// |
jitsots |
7 |
"Қамысты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ |
110800, Қамысты ауданы, Қамысты кенті, Ленин көшесі, 22, телефон нөмірі 8-(71437)-21-8-49, бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: дүйсенбі және бейсенбі сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін бастықтың орынбасарының азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі және жұма сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін |
http:// |
kamsots |
8 |
"Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ |
110900, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавтов көшесі, 16, телефон нөмірі 8 (71441)-3-29-48, бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: бейсенбі сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін, жұма сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін бастықтың орынбасарының азаматтарды қабылдау кестесі: сәрсенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін |
http:// |
karasots |
9 |
"Қарасу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ |
111000, Қарасу ауданы, Қарасу селосы, А. Исаков көшесі, 68, телефон нөмірі 8 (71452)-21-0-59, бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі және бейсенбі сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін және сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін |
http:// |
karusots |
10 |
"Қостанай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ |
111100, Қостанай ауданы, Затобол кенті, Казахская көшесі, 5, телефон нөмірі 8-(71455)-2-12-95, бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: сәрсенбі сағат 14.00-ден 7.30-ға дейін бастықтың орынбасарының азаматтарды қабылдау кестесі: жұма сағат 14.00-ден 17.30-ға дейін |
http:// |
Sobes_ |
11 |
"Мендіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ |
111300, Мендіқара ауданы, Боровской селосы, Летунов көшесі, 7, телефон нөмірі 8-(71443)-2-23-02 бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі және бейсенбі сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін |
http:// |
Sobes_ |
12 |
"Науырзым ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағрламалар бөлімі" ММ |
111400, Науырзым ауданы, Қараменді селосы, Абай көшесі, 14, телефон нөмірі 8-(71454)-2-17-87 бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі сағат 10.00-ден 12.00-ге және сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін |
http:// |
sobes_ |
13 |
"Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ |
111600, Сарыкөл ауданы, Сарыкөл кенті, Ленин көшесі, 104, телефон нөмірі 8-(71451)-21-9-48 бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі және жұма сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін және сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін бастықтың орынбасарының азаматтарды қабылдау кестесі: дүйсенбі және бейсенбі сағат 10.00-ден 13.00-ге және сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін |
http:// |
sarsots |
14 |
"Таран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ |
111700, Таран ауданы, Таран селосы, Калинин көшесі, 72, телефон нөмірі 8-(71436)-3-67-08 бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: сәрсенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін бастықтың орынбасарының азаматтарды қабылдау кестесі: дүйсенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін |
http:// |
zagita |
15 |
"Ұзынкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ |
111800, Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл селосы, Абылайхан көшесі, 53, телефон нөмірі 8-(71444)-2-16-33 бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін және бейсенбі сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін бастықтың орынбасарының азаматтарды қабылдау кестесі: дүйсенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге және жұма сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін |
http:// |
sobes_ |
16 |
"Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ |
111900, Федоров ауданы, Федоров селосы, Красноармейский көшесі, 53, телефон нөмірі 8-(71442)-21-9-96, бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін |
http:// |
fedsots @mail.ru |
17 |
"Арқалық қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама- |
110300, Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 62,телефон нөмірі 8-(71430)-7-09-12, бастықтың азаматтарды |
http:// |
sobes_ |
18 |
"Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ |
110000, Қостанай қаласы, Қасымқанов көшесі, 36, |
http:// |
gorsob |
19 |
"Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама- |
111200, Лисаков қаласы, 4 ағын аудан, 37А"үй, телефон нөмірі 8-(71433)-3-21-71, бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: бейсенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін бастықтың орынбасарының азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін |
http:// |
lissoc |
20 |
"Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама- |
111500, Рудный қаласы, Пионерский көшесі, 21, телефон нөмірі 8-(71431)-4-40-75, бастықтың азаматтарды қабылдау кестесі: сәрсенбі сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін бастықтың орынбасарының азаматтарды қабылдау кестесі: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін |
http:// |
rudsots |
"Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері
бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарына әлеуметік көмек тағайынддау
және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің
Стандартына 2-қосымша
Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштердің маңызы
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері |
Көрсеткіштің нормативтік маңызы |
Келесі жылы көрсеткіштің нысаналы маңызы |
Есептік жылы көрсет- |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақытылылық |
|||
1.1. Құжат тапсырылған уақыттан бастап белгіленген мерзімде қызметтер көрсетудің % (үлесі) жағдайы |
90 |
95 |
90 |
1.2. Кезекте 40 минуттан аспай қызмет көрсетілуін күткен тұтынушылардың % (үлесі) |
80 |
85 |
81 |
2. Сапа |
|||
2.1. Тұтынушылар |
89 |
90 |
89 |
2.2. Лауазымды тұлғамен құжаттарды дұрыс толтыру |
85 |
90 |
85 |
3. Қол жетімділік |
|||
3.1. Қызмет көрсету сапасы мен тәртібі туралы ақпаратпен |
80 |
85 |
80 |
3.2. Тұтынушының |
80 |
85 |
79 |
3.3. Интернет арқылы |
40 |
45 |
30 |
4. Шағым беру үдерісі |
|||
4.1. Осы қызмет түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына дәлелді шағымдар % (үлесі) |
0,5 |
0,2 |
0,1 |
4.2.Белгіленген мерзімде қаралып, |
89 |
95 |
89 |
4.3. Тұтынушылардың |
90 |
95 |
85 |
4.4. Тұтынушылар шағым беру мерзіміне |
88 |
90 |
89 |
5. Сыпайылық |
|||
5.1. Тұтынушылардың |
89 |
90 |
88 |
%-пайыз
"Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері
бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарына әлеуметік көмек тағайынддау
және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің
Стандартына 3-қосымша
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)
әкімдіктерінің байланыс деректері
N |
Аудан- |
Орналасқан жері мен телефондардың нөмірлері |
Веб-Сайт |
Электрон- |
1 |
Алтынсарин ауданының әкімдігі |
110101, Алтынсарин ауданы, Обаған селосы, Ленин көшесі, 4, телефон нөмірі 8-(71445)-34-1-78 |
http:// |
altynsar |
2 |
Амангелді ауданының әкімдігі |
110200, Амангелді ауданы, Амангелді селосы, Б. Майлин көшесі, 19, телефон нөмірі 8-(71440)-21-4-00 |
http:// |
amangeldy |
3 |
Әулиекөл ауданының әкімдігі |
110400, Әулиекөл ауданы, Әулиекөл селосы, 1 Май көшесі, 44 үй, телефон нөмірі 8-(71453)-21-0-33 |
http:// |
auliekol |
4 |
Жангелдин ауданының әкімдігі |
110660, Жангелдин ауданы, Торғай кенті, Алтынсарин көшесі, 4, телефон нөмірі 8-(71439)-21-1-07 |
http:// |
jangeldy |
5 |
Денисов ауданының әкімдігі |
110500, Қостанай облысы, Денисов селосы, Калинин көшесі, 5, телефон нөмірі 8-(71434)-9-15-01 |
http:// |
denisovka |
6 |
Жітіқара ауданының әкімдігі |
100701, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, 6 шағын аудан, 65 үй, телефон нөмірі 8 (71435)-2-00-02 |
http:// |
zhitikara |
7 |
Қамысты ауданының әкімдігі |
110800, Қамысты ауданы, Қамысты кенті, Ержанов көшесі, 61 үй, телефон нөмірі 8-(71437)-21-7-44 |
http:// |
kamysty |
8 |
Қарабалық ауданының әкімдігі |
110900, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавтов көшесі, 31, телефон нөмірі 8 (71441)-3-35-70 |
http:// |
karabalyk |
9 |
Қарасу ауданының әкімдігі |
111000, Қарасу ауданы, Қарасу селосы, А. Исаков көшесі, 73, телефон нөмірі 8(71452)-21-2-80 |
http:// |
karasu |
10 |
Қостанай ауданының әкімдігі |
111100, Қостанай ауданы, Затобол кенті, Калинин көшесі, 65, телефон нөмірі 8-(71455)-2-12-05 |
http:// |
kost_region |
11 |
Мендіқара ауданының әкімдігі |
111300, Мендіқара ауданы, Боровской селосы, Королев көшесі, 5, телефон нөмірі 8-(71443)-2-16-06 |
http:// |
mendikara |
12 |
Науырзым ауданының әкімдігі |
111400, Науырзым ауданы, Қараменді селосы, Жәнібек көшесі, 1, телефон нөмірі 8-(71454)-2-14-85 |
http:// |
naurzum |
13 |
Сарыкөл ауданының әкімдігі |
111600, Сарыкөл ауданы, Сарыкөл кенті, Ленин көшесі, 72, телефон нөмірі 8-(71451)-21-7-90 |
http:// |
sarykol |
14 |
Таран ауданының әкімдігі |
111700, Таран ауданы, Таран селосы, Калинин көшесі, 60, телефон нөмірі 8-(71436)-3-71-45 |
http:// |
taranovka |
15 |
Ұзынкөл ауданының әкімдігі |
111800, Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл селосы, Мүсірепов көшесі, 14, телефон нөмірі 8-(71444)-2-13-90 |
http:// |
uzunkol |
16 |
Федоров ауданының әкімдігі |
111900, Федоров ауданы, Федоров селосы, Калинин көшесі, 53, телефон нөмірі 8-(71442)-2-13-04 |
http:// |
fedorovka |
17 |
Арқалық қаласының әкімдігі |
110300, Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 29, телефон нөмірі 8-(71430)-7-12-00 |
http:// |
arkalyk |
18 |
Қостанай қаласының әкімдігі |
110000, Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 98, телефон нөмірі 8-(7142)-57-57-65 |
http:// |
gorakimat |
19 |
Лисаков қаласының әкімдігі |
111200, Лисаков қаласы, Мира көшесі, 32, телефон нөмірі 8-(71433)-3-45-76 |
http:// |
lisakovsk |
20 |
Рудный қаласының әкімдігі |
111500, Рудный қаласы, Ленин көшесі, 93, телефон нөмірі 8-(71431)-4-53-31 |
http:// |
rudny@ |