Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2011.06.10 № 253 қаулысымен.
"Әкімшілік рәсімдер туралы"»Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына және "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 маусымдағы N 561 қаулыларына орай Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің
міндетін атқарушы
Әкімдік мүшелері:
КЕЛІСІЛДІ
Әкімдіктің
2008 жылғы 7 ақпандағы
N 127 қаулысымен бекітілген
"18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға
мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау"
мемлекеттік қызмет көрсету Стандарты
1. 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау (бұдан әрі - 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы) - Қостанай облысында тоқсан сайын белгіленетін азық-түлік себетінен төмен айлық орташа жан басына шаққандағы табысы бар тұлғаларға (отбасыларға) мемлекетпен берілетін, ақшалай түрдегі төлем.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет:
1) "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2, 4, 5, 6, 9-баптары;
2) "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру бойынша кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы N 1092 қаулысымен бекітілген балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу Ережелерінің 4, 9 , 25, 28, 29-тармақтары ;
3) "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру бойынша кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы N 1092 қаулысымен бекітілген балаларға арналған жәрдемақыны алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу Ережелерінің 1-тармағы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет өтініш берушінің тұрғылықты жеріндегі аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі - Бөлімдер) арқылы көрсетіледі. Өтініш берушінің тұрғылықты жерінде Бөлім болмаған жағдайда, ол кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің әкіміне өтініш береді. Бөлімдердің толық атауы, олардың мекенжайлары мен веб-сайттары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
5. Өтініш беруші алатын мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны: 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау туралы хабардар ету болып табылады.
6. 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақысын алуға Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтардың және туған, ұл (қыз) асырап алған, сондай-ақ Қостанай облысында белгіленген отбасының орташа жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайларда, сондай-ақ балаларды қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған оралмандардың (бұдан әрі - өтініш берушілер) құқығы бар.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақытты шектеу мерзімі:
1) өтініш берушіден немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің әкімінен қажетті құжаттар келіп түскен күнінен бастап мемлекеттік қызмет он жұмыс күн ішінде көрсетіледі;
2) қажетті құжаттарды тапсырғанда кезекте күтудің барынша ұйғарымды уақыты: 40 минуттан аспау;
3) қажетті құжаттарды алғанда кезекте күтудің барынша ұйғарымды уақыты: 40 минуттан аспау.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету тегін.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Бөлімдердің веб-сайттарында, және Бөлімдердің үй-жайларындағы стендтерде орналастырылады. Бөлімдердің мекенжайлары мен веб-сайттары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету күн сайын (сенбі мен жексенбіден басқа) жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін ұсынылады. Қабылдау кезек тәртібінде, алдын-ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне кезектен тыс қызмет көрсетіледі.
11. Мемлекеттік қызмет өтініш берушінің тұрғылықты жеріндегі Бөлімдердің және мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін, күту мен қажетті құжаттарды дайындау үшін қолайлы жағдайлар көзделген. кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) әкімдер аппараттарының ғимараттарында көрсетіледі. Ақпараттық стендтер, қажетті құжаттарды толтыру үлгілері бар.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
1) өтініш (белгіленген нысан бойынша);
2) баланың туу туралы куәлігінің (куәліктерінің) көшірмесі (көшірмелері);
3) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, немесе ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);
5) отбасы мүшелерінің табыстары туралы, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылығы бар туралы мәліметтер (белгіленген нысандар бойынша) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсан үшін өтініш берушінің отбасы мүшелерінің табыстары туралы мәліметтер.
Осы жағдайда өтініш беруші:
еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыстар олардың мөлшері туралы анықтамалармен расталады. Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен берілетін әлеуметтік төлемдер түрінде табыс алуы зейнетақы немесе жәрдемақы алушы куәлігінің көшірмесімен не Зейнетақы төлеу жеріндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшелері беретін анықтамамен расталады.
жекелеген азаматтарда еңбекақы төлеу жөнінде - шарттың көшірмесі, жалға алушының анықтамасымен немесе өтініш негізінде растайды;
өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың табысы жазбаша өтінішпен расталады.
шаруа қожалығының мүшелері - салық органдарына ұсынылатын, алынған табыс туралы декларациясы;
кәсіпкерлік қызметпен арнаулы салық режимі жағдайында айналысатын адамдардың табысы бір жолғы талон, патент, оңайлатылған декларация негізінде расталады;
алименттер жөнінде: ұйымдардың аударылған алимент туралы анықтамаларымен не почта аударымдарының алынған алимент туралы түбіртегімен, сондай-ақ сот органдарының алимент өндіріп алу туралы шешім қоса берілген жазбаша өтініш негізінде расталады. Адамдардың асырауындағыларды ұстауға міндетті адамның тұрғылықты жері туралы мәліметтердің болмауы себебінен алимент отбасының жиынтық табысы көрсетілген адамның іздеуде жүргені туралы тиісті органдардан алынған құжаттар қоса берілген жазбаша өтініш негізінде алынған табыс.
жеке қосалқы шаруашылықтан: жеке қосалқы шаруашылықтан, ауыл шаруашылығы (гүл) өнімдерін өсіруден, мал мен құс ұстаудан және өсіруден алынған табыс өтініш берушінің кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі немесе басқа да құзыретті орган қол қойған жеке қосалқы шаруашылығының болуы және мөлшері туралы мәліметтерінің негізінде. Жеке қосалқы шаруашылықта өсірілген гүл өнімдерін сатудан, сондай-ақ терісі бағалы аңдар, ара, құс (тауықтан, қаздан үйректен басқа) өсіруден алынған табыс жазбаша өтініш негізінде алынған табыс.
жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын жалға беруден; бағалы қағаздардан (дивидендтер); шетелдік валютаны өткізуден; асыл тастар мен қымбат бағалы металдарды, олардан жасалған зергерлік бұйымдарды және құрамында асыл тастар мен қымбат бағалы металдар бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындыларын және антиквариат сатудан; жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын сатудан; авторлық сыйақы түрінде; жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын және басқа да мүлікті сыйға тарту, мұрагерлікке алу түрінде алынған; кредитті (шағын кредитті) пайдаланудан; қайтарымсыз алынған ақша; ақша салымдары бойынша сыйақы (мүдде); ақшалай аударылымдар; конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар, салымдар мен борышкерлік бағалы қағаздар бойынша ұтыстарды қоса алғанда, ақшалай және (немесе) заттай түрдегі ұтыстар; туысқандарының және басқа да адамдардың ақшалай және заттай көмегін (құн түрінде) қоса алғанда, өзге де мәлімделген табыстарды дәлелдейді.
6) отбасы құрамы туралы мәліметтер (белгіленген нысан бойынша);
7) жұмыссыз ретінде азаматты тіркеу туралы анықтама (жұмыссыздар үшін).
Ата-аналардың, қорғаншылардың немесе қамқоршылардың бірінің жәрдемақы тағайындату туралы өзі өтініш беруге мүмкіндігі болмаған жағдайда, ата-аналар, қорғаншылар немесе қамқоршылар жәрдемақы тағайындату туралы өтініш жасауға белгіленген тәртіппен берілген сенімхат негізінде басқа адамдарға уәкілеттік беруге құқылы.
Ұл асырап алушылар, қорғаншылар (қамқоршылар) ұл (қыз) асырап алу немесе балаға қамқорлық белгілеу туралы тиісті органның шешімінен көшірмені ұсынады.
13. Өтініш берушінің тұрғылықты жеріндегі бөлім, ал ауылдық жерде - кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің әкімі осы Стандарттың 12-тармағы 1), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың нысандарын тегін береді.
14. Өтініш беруші толтырған арыз бен басқа құжаттарды тұрғылықты жеріндегі Бөлімге, ол болмаған жағдайда кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің әкіміне тапсырады. Бөлімдердің мекенжайлары және веб-сайттары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
15. Құжаттарды қабылдаған тұлғаның тегі, аты-жөні, тіркеу күні мен уақыты көрсетілген талон, өтініш беруші барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын дәлелдейді.
16. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу өтініш беруші тұрғылықты жеріндегі Бөлімге бару арқылы немесе пошталық хабарлама арқылы жүзеге асырылады. Бөлімдердің мекенжайлары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
17. Егер баланың әкесі немесе анасы (асырап алушылары) бірінші, екінші топтағы мүгедектерді, мүгедек балаларды, сексен жастан асқан адамдарды, үш жасқа дейінгі баланы күтумен айналысатын жағдайлардан басқа, жұмысқа жарамды жұмыс істемейтін, күндізгі оқу түрі бойынша оқымайтын, әскерде қызмет атқармайтын және жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелімі жоқ болса 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақылар тағайындалмайды.
18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақыны төлеуді тоқтату үшін:
1) баланың қайтыс болуы;
2) баланы толық мемлекет қарауына берілуі;
3) өтініш беруші жәрдемақының (жәрдемақылардың) заңсыз тағайындалуына апарып соқтырған толық емес мәліметтерді ұсынуы негіз болып табылады.
18. Бөлім қызметі:
1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
2) қызметтік борышты сақтау кезінде заңдылықты сақтау;
3) сыпайылық;
4) түбегейлі және толық ақпарат беру;
5) ақпаратты қорғау және құпиялылық;
6) белгіленген уақытта өтініш беруші алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
19. Өтініш берушілерге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
21. Бөлімдердің және олардың лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру, сондай-ақ шағымды дайындауға көмекті жоғары тұрған мемлекеттік органдарда - аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктерінде алуға болады. Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктерінің электрондық поштасының мекенжайлары осы Стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген.
22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта бойынша немесе электронды түрде аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктеріне беріледі. Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктерінің электрондық поштасының мекенжайлары осы Стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген.
23. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен берiлген өтiнiштер мiндеттi түрде қабылдануға, тiркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиiс.
Шағымды қабылдау, өтініш берушіге шағымды қабылдап алған адамның тегі, аты-жөні, күні мен уақыты көрсетілген, сондай-ақ оның қарау барысы туралы білуге болатын телефоны көрсетілген талон беріледі.
24. Бөлімдердің және олардың жоғары тұрған органдарының байланыс деректері:
1) веб-сайт, электрондық поштаның мекенжайы, заңды мекенжайы, телефоны, Бөлім бастықтарының және олардың орынбасарларының азаматтарды қабылдау кестелері осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген;
2) веб-сайт, электрондық поштаның мекенжайы, орналасқан жері, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдіктерінің телефондары осы Стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдерінің және олардың орынбасарларының қабылдау мен жұмыс кестесі туралы ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде осы Стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша ғимараттардың үй-жайларындағы ақпараттық стендтерде орналасқан.
25. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қосымша ақпаратты өтініш беруші «"Қостанай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі - Департамент) алады.
Департаменттің мекенжайы: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Қасымқанов көшесі, 34, электрондық поштаның мекенжайы social@kostanay.kz, oblsots@mail. ru., Қостанай облысы әкімінің веб-сайты www.kostanay.kz электрондық қызметтер - www.e.kostanay.kz, байланыс телефоны: 8 (7142) 500616.
"18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға
мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау"
мемлекеттік қызмет көрсету Стандартына
1-қосымша
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
Бөлімдерінің байланыс деректері
|
Бөлімдердің |
Заңды мекенжайы, |
Веб-Сайт |
Электрон |
1 |
"Алтынсарин ауданы кімдігінің |
110101, Алтынсарин ауданы, Обаған селосы, |
http:// |
sobes_ |
2 |
"Амангелді ауданы |
110200, Амангелді ауданы |
http:// |
Sobes_ |
3 |
"Әулиекөл ауданы |
110400, Әулиекөл ауданы, |
http:// |
aulsots |
4 |
"Жангелдин ауданы |
110660, Жангелдин ауданы, |
http:// |
djansots |
5 |
"Денисов ауданы |
110500, Қостанай облысы, Денисов селосы, Калинин көшесі, 6, телефон нөмірі 8-(71434)-9-13-44, |
http:// |
densots |
6 |
"Жітіқара ауданы |
100701, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, Асанбаев |
http:// |
jitsots |
7 |
"Қамысты аудандық |
110800, Қамысты ауданы, Қамысты кенті, Ленин көшесі, 22, телефон нөмірі 8-(71437)-21-8-49, |
http:// |
kamsots |
8 |
"Қарабалық |
110900, Қарабалық ауданы, |
http:// |
karasots |
9 |
"Қарасу ауданы |
111000, Қарасу ауданы, |
http:// |
karusots |
10 |
"Қостанай ауданы |
111100, Қостанай ауданы, Затобол кенті, Казахская көшесі, 5, телефон нөмірі 8-(71455)-2-12-95, |
http:// |
Sobes_ |
11 |
"Мендіқара ауданы |
111300, Мендіқара ауданы, Боровской селосы, Летунов көшесі, 7, телефон нөмірі 8-(71443)-2-23-02 бастықтың азаматтарды |
http:// |
Sobes_ |
12 |
"Науырзым ауданы |
111400, Науырзым ауданы, |
http:// |
sobes_ |
13 |
"Сарыкөл ауданы |
111600, Сарыкөл ауданы, Сарыкөл кенті, Ленин көшесі 104, телефон нөмірі 8-(71451)-21-9-48 бастықтың азаматтарды |
http:// |
sarsots@ |
14 |
"Таран ауданы |
111700, Таран ауданы, Таран селосы, Калинин көшесі, 72, телефон нөмірі 8-(71436)-3-67-08 бастықтың азаматтарды |
http:// |
zagita |
15 |
"Ұзынкөл ауданы |
111800, Ұзынкөл ауданы, |
http:// |
sobes_ |
16 |
"Федоров аудандық жұмыспен |
111900, Федоров ауданы, Федоров селосы, Красноармейский көшесі, 53, телефон нөмірі 8-(71442)-21-9-96, бастықтың азаматтарды |
http:// |
fedsots |
17 |
"Арқалық |
110300, Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 62,телефон нөмірі 8-(71430)-7-09-12, бастықтың азаматтарды |
http:// |
sobes_
|
18 |
"Қостанай |
110000, Қостанай қаласы, |
http://
|
gorsob |
19 |
"Лисаков |
111200, Лисаков қаласы, 4 ағын аудан, 37А»үй, телефон нөмірі 8-(71433) -3-21-71, бастықтың |
http:// |
lissoc |
20 |
"Рудный |
111500, Рудный қаласы, Пионерский көшесі, 21, телефон нөмірі |
http:// |
rudsots |
"18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға
мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау"
мемлекеттік қызмет көрсету Стандартына
2-қосымша
Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштердің маңызы
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері |
Көрсет |
Келесі |
Есептік |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақытылылық |
|||
1.1. Құжат тапсырылған уақыттан бастап белгіленген мерзімде |
90 |
95 |
90 |
1.2. Кезекте 40 минуттан аспай қызмет көрсетілуін күткен тұтынушылардың %(үлесі) |
80 |
85 |
81 |
2. Сапа |
|||
2.1. Тұтынушылар |
89 |
90 |
89 |
2.2. Лауазымды тұлғамен құжаттарды дұрыс толтыру(жасалған |
85 |
90 |
85 |
3. Қол жетімділік |
|||
3.1. Қызмет көрсету сапасы мен тәртібі туралы ақпаратпен |
80 |
85 |
80 |
3.2. Тұтынушының |
80 |
85 |
79 |
3.3. Интернет арқылы |
40 |
45 |
30 |
4. Шағым беру үдерісі |
|||
4.1. Осы қызмет түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына дәлелді шағымдар % (үлесі) |
0,5 |
0,2 |
0,1 |
4.2.Белгіленген мерзімде қаралып, |
89 |
95 |
89 |
4.3. Тұтынушылардың |
90 |
95 |
85 |
4.4. Тұтынушылар шағым беру мерзіміне |
88 |
90 |
89 |
5. Сыпайылық |
|||
5.1. Тұтынушылардың |
89 |
90 |
88 |
"18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға
мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау"
мемлекеттік қызмет көрсету Стандартына
3-қосымша
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)
әкімдіктерінің байланыс деректері
|
Аудан- |
Орналасқан жері |
Веб-Сайт |
Электрон |
1 |
Алтынсарин |
110101, Алтынсарин ауданы, Обаған селосы, Ленин көшесі, 4, телефон нөмірі 8-(71445)-34-1-78 |
http:// |
altynsar |
2 |
Амангелді |
110200, Амангелді ауданы, |
http:// |
amangeldy |
3 |
Әулиекөл |
110400, Әулиекөл ауданы, |
http:// |
auliekol |
4 |
Жангелдин |
110660, Жангелдин ауданы, |
http:// |
jangeldy |
5 |
Денисов |
110500, Қостанай облысы, Денисов селосы, Калинин көшесі, 5, телефон нөмірі 8-(71434)-9-15-01 |
http:// |
denisovka |
6 |
Жітіқара |
100701, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, 6 шағын аудан, 65 үй, телефон нөмірі 8 (71435)-2-00-02 |
http:// |
zhitikara |
7 |
Қамысты |
110800, Қамысты ауданы, |
http: |
kamysty |
8 |
Қарабалық |
110900, Қарабалық ауданы,Қарабалық к. Космонавтов к., 31, телефон нөмірі |
http: |
karabalyk |
9 |
Қарасу |
111000, Қарасу ауданы, Қарасу с., Исаков көшесі, |
http:// |
karasu |
10 |
Қостанай |
111100, Қостанай ауданы, Затобол кенті, Калинин көшесі, 65, телефон нөмірі 8-(71455)-2-12-05 |
http: |
kost_ |
11 |
Мендіқара |
111300, Мендіқара ауданы, |
http:// |
mendikara |
12 |
Науырзым |
111400, Науырзым ауданы, |
http:// |
naurzum |
13 |
Сарыкөл |
111600, Сарыкөл ауданы, Сарыкөл кенті, Ленин көшесі, 72, телефон нөмірі 8-(71451)-21-7-90 |
http:// |
sarykol |
14 |
Таран |
111700, Таран ауданы, Таран селосы, Калинин көшесі, 60, телефон нөмірі 8-(71436)-3-71-45 |
http:// |
taranovka |
15 |
Ұзынкөл |
111800, Ұзынкөл ауданы, |
http:// |
uzunkol |
16 |
Федоров |
111900, Федоров ауданы, Федоров селосы, Калинин көшесі, 53, телефон нөмірі 8-(71442)-2-13-04 |
http:// |
fedorovka |
17 |
Арқалық |
110300, Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 29, телефон |
http: |
arkalyk |
18 |
Қостанай |
110000, Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 98, |
http: |
gorakimat |
19 |
Лисаков |
111200, Лисаков қаласы, Мира көшесі, 32, телефон нөмірі 8-(71433)-3-45-76 |
http: |
lisakovsk |
20 |
Рудный |
111500, Рудный қаласы, Ленин көшесі, 93, телефон нөмірі 8-(71431)-4-53-31 |
http: |
rudny |