Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2010.05.11 № 181 қаулысымен.
"Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 9-1-бабына, Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" және қаулыcына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Жер теліміне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.М. Садуақасовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің
міндетін атқарушы
КЕЛІСІЛДІ
Әкімдіктің
2008 жылғы 5 ақпандағы
N 118 қаулысымен
бекітілген
"Жер теліміне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу"
мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: жер теліміне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Осы мемлекеттік қызметтің түрі Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1-бабы 3-тармағы 13) тармақшасының, 152-бабының , 153-бабының 9) тармақшасының негізінде көрсетіледі.
4. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік орган, мемлекеттік мекеменің немесе басқа субъектілердің атауы: қалалық және аудандық жер қатынастары бөлімдері (әрі қарай - Жер қатынастары бөлімі) осы Стандарттың 4-қосымшасына сәйкес, "Қостанай ҒӨО" еншілес мемлекеттік кәсіпорны.
5. Өтініш беруші алатын мемлекеттік қызметтің нәтижесі жер теліміне жеке меншік құқығына акт (сәйкестендірілген құжат) болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
1) құжаттарды ресімдеу мерзімі 15 күнтізбелік күн ішінде, қосымша қарауды және материалдарды тексеруді өткізу қажет болған жағдайда ресімдеу мерзімі 20 күнтізбелік күнге дейін ұзартылады.
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 40 минуттан көп емес;
3) қажетті құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 40 минуттан көп емес.
8. Сәйкестендірілетін құжаттарды дайындау бойынша, қызметтерді төлеу қызметтің сол түрін орындайтын арнайы мемлекеттік кәсіпорындардың бағаларымен сәйкес жүргізіледі ("Қостанай ҒӨО" еншілес мемлекеттік кәсіпорны), қызмет көрсету орыны: Қостанай қаласы, Амангелді көшесі, 93 а, № 309 кабинет, телефоны 54-08-01.
9. "Жер теліміне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты:
1) Жер қатынастары бөлімінде ақпараттық және анықтамалық стендтерде, осы Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес мекенжай бойынша орналасқан;
2) Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік электрондық қызмет көрсету www.e.kostanay.kz сайтында орналасқан.
10. Мемлекеттік қызмет күн сайын сағат 9.00-ден 18.00 сағатқа дейін, сағат 13.00-ден 14.00 сағатқа дейін үзіліспен көрсетіледі. Қабылдау алдын-ала жазылусыз кезек күту тәртібімен жүргізіледі.
11. Жер қатынастары бөлімінде, жер телімінің орналасуына қарай, қызметті алу үшін барлық жағдай жасалынған: залда күту үшін креслолар, өтініштердің, толтырылған бланктердің үлгілері бар ақпараттық стендтер бар. Мүмкіншілігі шектеулі адамдар үшін жағдай қарастырылған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін қызығушылық танытқан жеке және заңды тұлғалар келесі құжаттар тізбесін береді:
1) сәйкестендірілген құжатты дайындау үшін өтініш;
2) жер теліміне сәйкестендірілген құжатты дайындау үшін тапсырыс бланкі.
13. Тапсырыс бланкі "Қостанай ҒӨО" еншілес мемлекеттік кәсіпорнымен мына мекенжай бойынша беріледі: Қостанай қаласы, Амангелді көшесі, 93 а, N 309 кабинет, телефоны 54-08-01, өтініштердің үлгілері Жер қатынастары бөлімінің арнайы стендтерінде және күту залында орналастырылған.
14. Өтініш және басқа да құжаттар жер телімінің орналасуына қарай Жер қатынастары бөліміне тапсырылады. Жер қатынастары бөлімінің мекенжайлары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
15. Өтініш берушіге сәйкес құжаттардың қабылдағаны туралы:
сұратылған мемлекеттік қызмет түрінің;
қоса берілген құжаттардың саны мен атының;
құжаттарды беру мерзімі (уақыты) мен орнының;
құжаттарды ресімдеуде өтінішті қабылдаған қызметкердің фамилиясы, аты-жөнінің көрсетілуімен өтініш-қолхат бланкісінің үзілмелі талоны беріледі.
16. Қызмет көрсетудің жеткізілуі жеке бару, дайын құжаттарды беру арнайы жабдықталған орында көрсетілген мерзімде қолхаттың негізінде Жер қатынастары бөлімімен жүзеге асырылады.
17. Құжаттарды ресімдеуде қателерді (дұрыстау, өшіру) шығарған кезде, Жер қатынастары бөлімі құжат пакетін алғаннан кейін бір жұмыс күнінің ішінде қайтару себебін жазбаша негіздемемен қайтарады.
18. Мемлекеттік органның қызмет көрсетуді өтініш берушіге қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттары:
көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпараттың ұсынылуы;
Жер қатынастары бөлімінің қызметкерлері жағынан сыпайылық және құжаттарды ресімдеуде білікті көмек көрсету;
ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
өтініш беруші белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
құжаттарды ресімдеуде қателер табылған кезде, өтініш берушіні қысқа мерзімде хабардар етеді.
19. Өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
21. Өкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне), шағымдану жағдайында:
осы Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес қаланың немесе ауданның әкімдігіне;
осы Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес Жер қатынастары бөліміне баруға болады;
Қабылдау аптаның 1, 2, 3, 4 күндері сағат 09.00-ден 18.00 сағатқа дейін апта сайын жүргізіледі.
22. Шағым жер телімінің орналасуына қарай Жер қатынастары бөліміне және қалалық және аудандық әкімдіктерге беріледі (осы Стандарттың 3-қосымшасы).
23. Шағыммен келген жеке және заңды тұлғаға өтінішті қабылдаған тұлғаның фамилиясы және аты-жөнінің, тіркелімнің мерзімі мен уақытының көрсетілуімен талон, сонымен қатар, оның қаралу барысын білуге болатын телефон нөмірі (осы Стандарттың 3-қосымшасы), жауапты алудың мерзімі мен уақыты беріледі
24. Мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін мемлекеттік мекеме басшысының байланыс мәліметтері осы Стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген.
25. Басқа пайдалы ақпаратты Қостанай облысы әкімдігінің электрондық қызмет көрсету www.e.kostanay.kz сайтынан табуға болады.
Мемлекеттік қызмет
көрсету Стандартына
1-қосымша
Атауы |
Жер қатынастары бөлімдерінің орналасқан мекенжайы |
Электрондық мекенжайы Телефон нөмірі |
|
1 |
"Алтынсарин |
Обаған селосы |
altyn@ozo.kz |
2 |
"Амангелді |
Амангелді селосы |
Amanzher86 |
3 |
"Әулиекөл |
Әулиекөл селосы |
Auliekoljer |
4 |
"Жангелдин ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ |
Торғай селосы |
Jangeldi-jer |
5 |
"Денисов |
Денисов селосы |
Denzemotdel |
6 |
"Жітіқара |
Жітіқара қ. |
zemla |
7 |
"Қамысты |
Қамысты селосы |
Zem-kamysty |
8 |
"Қарабалық ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ |
Қарабалық |
Kar_zemot |
9 |
"Қарасу ауданы |
Қарасу селосы |
karasuzem |
10 |
"Қостанай ауданы |
Затобол поселкесі |
zemotbelkst |
11 |
"Меңдіқара |
Боровской |
mendzem |
12 |
"Науырзым |
Қарамеңді селосы |
naurzher |
13 |
"Сарыкөл ауданы |
Сарыкөл |
zem1@mail.kz |
14 |
"Таран ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ |
Таран селосы |
Zemly_taran |
15 |
"Ұзынкөл |
Ұзынкөл селосы |
Zem1 |
16 |
"Федоров |
Федоров селосы |
Fed_zem |
17 |
"Арқалық қаласының жер қатынастары бөлімі" ММ |
Арқалық қ. |
Zem.ark |
18 |
"Қостанай |
Қостанай қ. |
gorzem |
19 |
"Рудный қаласының жер қатынастары бөлімі" ММ |
Рудный қ. |
zem |
20 |
"Лисаков қаласының жер қатынастары бөлімі" ММ |
Лисаков қ. |
Terra_lsk |
Мемлекеттік қызмет
көрсету Стандартына
2-қосымша
Кесте. Сапа және қол көрсеткітерінің мәні
Сапа және қол |
Көрсет |
Көрсет |
Көрсет |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уа қ ытылы ғ ы |
|||
1.1. Құжат тапсырған |
95% |
40% |
30% |
1.2. Қызметті алу үшін |
90% |
85% |
80% |
2. Сапасы |
|||
2.1. Қызметті көрсету |
90% |
65% |
57,4% |
2.2. (жүргізілген |
95% |
85% |
75% |
3. Қ ол жетімділік |
|||
3.1. Қызметті көрсету |
80% |
65% |
56,5% |
3.3. Интернет арқылы |
100% |
60% |
50% |
4. Ша ғ ымдану ү дерісі |
|||
4.1. Берілген қызметтің |
0,1% |
0,3% |
0,5% |
4.2. Негізделген |
95% |
70% |
60% |
4.3. Қолданыстағы |
95% |
60% |
50% |
4.4. Шағымның уақытымен |
90% |
60% |
50% |
5. Сыпайылы ғ ы |
|||
5.1. Қызметкерлердің |
90% |
75% |
66,1% |
Мемлекеттік қызмет
көрсету Стандартына
3-қосымша
Атауы |
Жер қатынастары бөлімдерінің |
Электрондық |
|
1 |
Алтынсарин |
Обағган селосы, Мир к-сі, 1 |
altynsar |
"Алтынсарин ауданы |
Обаған селосы, Ленин к-сі, 4 |
altyn |
|
2 |
Амангелді ауданының |
Амангелді селосы, Майлин |
amangeldy |
"Амангелді ауданының жер |
Амангелді селосы, Майлин |
Amanzher86 |
|
3 |
Әулиекөл |
Әулиекөл |
auliekol |
"Әулиекөл |
Әулиекөл |
Auliekoljer |
|
4 |
Жангелдин |
Торғай селосы, |
jangeldy |
"Жангелдин ауданының жер |
Торғай селосы, |
Jangeldi-jer |
|
5 |
Денисов |
Денисов селосы, |
denisovka |
"Денисов |
Денисов селосы, |
Den_zemotdel |
|
6 |
Жітіқара |
Жітіқара қ. |
zhitikara |
"Жітіқара ауданының жер |
Жітіқара қ. |
zemla |
|
7 |
Қамысты |
Қамысты селосы, |
kamysty |
"Қамысты ауданының жер |
Қамысты селосы, |
Zem-kamysty |
|
8 |
Қарабалық |
Қарабалық |
karabalyk |
"Қарабалық |
Қарабалық |
Kar_zemot |
|
9 |
Қарасу |
Қарасу селосы, |
karasu |
"Қарасу ауданы |
Қарасу селосы, |
karasuzem |
|
10 |
Қостанай |
Затобол поселкесі, |
kostregion |
"Қостанай ауданы |
Затобол поселкесі, |
zemotbelkst |
|
11 |
Меңдіқара |
Боровской селосы, |
mendikara |
"Меңдіқара ауданының жер |
Боровской селосы, |
mendzem |
|
12 |
Науырзым |
Қарамеңді селосы, |
naurzum |
"Науырзым ауданының жер |
Қарамеңді селосы, |
naurzher |
|
13 |
Сарыкөл |
Сарыкөл поселкесі, |
sarykol |
"Сарыкөл ауданы |
Сарыкөл поселкесі, |
zem1 |
|
14 |
Таран ауданының |
Таран селосы, |
taranovka |
"Таран ауданының |
Таран селосы, |
Zemly_taran |
|
15 |
Ұзынкөл |
Ұзынкөл селосы, |
taranovka |
"Ұзынкөл ауданының жер |
Ұзынкөл селосы, |
Zem1 |
|
16 |
Федоров |
Федоров селосы, |
akimatfed |
"Федоров ауданының жер |
Федоров селосы, |
Fed_zem |
|
17 |
Арқалық |
Арқалық қ. |
arkalyk |
"Арқалық |
Арқалық қ., |
Zem.ark |
|
18 |
Қостанай |
Қостанай қ., |
gorakimat |
"Қостанай |
Қостанай қ., |
gorzem |
|
19 |
Рудный қаласының |
Рудный қ., |
rudny |
"Рудный қаласының |
Рудный қ., |
zem |
|
20 |
Лисаков |
Лисаков қ., |
lisakovsk |
"Лисаков |
Лисаков қ., |
Terra_lsk |
Ескерту:
ММ - мемлекеттік мекеме
қ. - қала
к-сі - көшесі