"Жер теліміне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің Стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 118 қаулысы. Қостанай облысы Әділет департаментінде 2008 жылғы 12 наурызда № 3623 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 11 мамырдағы № 181 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2010.05.11 № 181 қаулысымен.
      "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 9-1-бабына, Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" және қаулыcына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Жер теліміне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.М. Садуақасовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Облыс әкімінің 
       міндетін атқарушы 

       КЕЛІСІЛДІ 

  Әкімдіктің             
2008 жылғы 5 ақпандағы 
N 118 қаулысымен       
бекітілген             

"Жер теліміне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу"
мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

  1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: жер теліміне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Осы мемлекеттік қызметтің түрі Қазақстан Республикасы Жер кодексінің  14-1-бабы 3-тармағы 13) тармақшасының,  152-бабының ,   153-бабының 9) тармақшасының негізінде көрсетіледі.
      4. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік орган, мемлекеттік мекеменің немесе басқа субъектілердің атауы: қалалық және аудандық жер қатынастары бөлімдері (әрі қарай - Жер қатынастары бөлімі) осы Стандарттың 4-қосымшасына сәйкес, "Қостанай ҒӨО" еншілес мемлекеттік кәсіпорны.
      5. Өтініш беруші алатын мемлекеттік қызметтің нәтижесі жер теліміне жеке меншік құқығына акт (сәйкестендірілген құжат) болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімдері: 
      1) құжаттарды ресімдеу мерзімі 15 күнтізбелік күн ішінде, қосымша қарауды және материалдарды тексеруді өткізу  қажет болған жағдайда ресімдеу мерзімі 20 күнтізбелік күнге дейін ұзартылады.
      2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 40 минуттан көп емес;
      3) қажетті құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 40 минуттан көп емес.
      8. Сәйкестендірілетін құжаттарды дайындау бойынша, қызметтерді төлеу қызметтің сол түрін орындайтын арнайы мемлекеттік кәсіпорындардың бағаларымен сәйкес жүргізіледі ("Қостанай ҒӨО" еншілес мемлекеттік кәсіпорны), қызмет көрсету орыны: Қостанай қаласы, Амангелді көшесі, 93 а, № 309 кабинет, телефоны 54-08-01.  
      9. "Жер теліміне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты: 
      1) Жер қатынастары бөлімінде ақпараттық және анықтамалық стендтерде, осы Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес мекенжай бойынша орналасқан;
      2) Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік электрондық қызмет көрсету www.e.kostanay.kz сайтында орналасқан.
      10. Мемлекеттік қызмет күн сайын сағат 9.00-ден 18.00 сағатқа дейін, сағат 13.00-ден 14.00 сағатқа дейін үзіліспен көрсетіледі. Қабылдау алдын-ала жазылусыз кезек күту тәртібімен жүргізіледі.
      11. Жер қатынастары бөлімінде, жер телімінің орналасуына қарай, қызметті алу үшін барлық жағдай жасалынған: залда күту үшін креслолар, өтініштердің, толтырылған бланктердің үлгілері бар ақпараттық стендтер бар. Мүмкіншілігі шектеулі адамдар үшін жағдай қарастырылған.                                                                     

  2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін қызығушылық танытқан жеке және заңды тұлғалар келесі құжаттар тізбесін береді:
      1) сәйкестендірілген құжатты дайындау үшін өтініш;
      2) жер теліміне сәйкестендірілген құжатты дайындау үшін тапсырыс бланкі. 
      13. Тапсырыс бланкі "Қостанай ҒӨО" еншілес мемлекеттік кәсіпорнымен мына мекенжай бойынша беріледі: Қостанай қаласы, Амангелді көшесі, 93 а, N 309 кабинет, телефоны 54-08-01, өтініштердің үлгілері Жер қатынастары бөлімінің арнайы стендтерінде және күту залында орналастырылған.
      14. Өтініш және басқа да құжаттар жер телімінің орналасуына қарай Жер қатынастары бөліміне тапсырылады. Жер қатынастары бөлімінің мекенжайлары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген. 
      15. Өтініш берушіге сәйкес құжаттардың қабылдағаны туралы:  
      сұратылған мемлекеттік қызмет түрінің;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атының;
      құжаттарды беру мерзімі (уақыты) мен орнының;
      құжаттарды ресімдеуде  өтінішті қабылдаған қызметкердің фамилиясы, аты-жөнінің көрсетілуімен  өтініш-қолхат бланкісінің үзілмелі талоны беріледі.
      16. Қызмет көрсетудің жеткізілуі жеке бару, дайын құжаттарды беру арнайы жабдықталған орында көрсетілген мерзімде қолхаттың негізінде Жер қатынастары бөлімімен жүзеге асырылады. 
      17. Құжаттарды ресімдеуде қателерді (дұрыстау, өшіру) шығарған кезде, Жер қатынастары бөлімі құжат пакетін алғаннан кейін бір жұмыс күнінің ішінде қайтару себебін жазбаша негіздемемен  қайтарады.

  3. Жұмыс қағидаттары

      18. Мемлекеттік органның қызмет көрсетуді өтініш берушіге қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттары:  
      көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпараттың ұсынылуы;
      Жер қатынастары бөлімінің қызметкерлері жағынан сыпайылық және құжаттарды ресімдеуде білікті көмек көрсету;
      ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету; 
      өтініш беруші белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
      құжаттарды ресімдеуде қателер табылған кезде, өтініш берушіні қысқа мерзімде хабардар етеді. 

  4. Жұмыс нәтижелері

      19. Өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

  5. Шағымдану тәртібі

       21. Өкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне), шағымдану жағдайында:
      осы Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес қаланың немесе ауданның әкімдігіне; 
      осы Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес Жер қатынастары бөліміне баруға болады;
      Қабылдау аптаның 1, 2, 3, 4 күндері сағат 09.00-ден 18.00 сағатқа дейін апта сайын жүргізіледі.
      22. Шағым жер телімінің орналасуына қарай Жер қатынастары бөліміне және қалалық және аудандық әкімдіктерге беріледі (осы Стандарттың 3-қосымшасы).
      23. Шағыммен келген жеке және заңды тұлғаға өтінішті қабылдаған тұлғаның фамилиясы және аты-жөнінің, тіркелімнің мерзімі мен уақытының көрсетілуімен талон, сонымен қатар, оның қаралу барысын білуге болатын телефон нөмірі (осы Стандарттың 3-қосымшасы), жауапты алудың мерзімі мен уақыты беріледі

    6. Байланыс ақпараты

      24. Мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін мемлекеттік мекеме басшысының байланыс мәліметтері осы Стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген. 
      25. Басқа пайдалы ақпаратты Қостанай облысы әкімдігінің электрондық қызмет көрсету  www.e.kostanay.kz сайтынан табуға болады.

Мемлекеттік қызмет  
көрсету Стандартына 
1-қосымша           
 


Атауы 

Жер қатынастары бөлімдерінің орналасқан мекенжайы

Электрондық мекенжайы

Телефон нөмірі

1

"Алтынсарин
ауданы
әкімдігінің
жер қатынастары
бөлімі" ММ

Обаған селосы
Ленин к-сі, 4

altyn@ozo.kz
8-714-45
3-42-35

2

"Амангелді
ауданының
жер қатынастары
бөлімі" ММ

Амангелді селосы
Майлин к-сі, 14

Amanzher86
@mail.ru
8-714-40
2-12-76

3

"Әулиекөл
ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ

Әулиекөл селосы
Целинная к-сі, 7

Auliekoljer
@mail.ru
AIKS@mail.kz
8-714-53
2-11-63

4

"Жангелдин ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ

Торғай селосы
Алтынсарин к-сі,
4

Jangeldi-jer
@mail.ru
8-714-39
2-16-35

5

"Денисов
ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ

Денисов селосы
Калинин к-сі, 5
 

Denzemotdel
@kostanay.kz
8-714-34
9-26-73

6

"Жітіқара
ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ

Жітіқара қ.
Асанбаев к-сі,
51
 

zemla
@mail.kz
8-714-35
2-22-96

7

"Қамысты
ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ

Қамысты селосы
Ержанов к-сі,
61

Zem-kamysty
@yandex.ru
8-714-37
2-21-82

8

"Қарабалық ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ

Қарабалық
поселкесі 
Космонавттар к-сі, 16

Kar_zemot
@mail.kz
8-714-41
3-21-08

9

"Қарасу ауданы
әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ

Қарасу селосы 
Исаков к-сі, 66

karasuzem
@mail.ru
8-714-52
2-17-71

10

"Қостанай ауданы
әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ

Затобол поселкесі
Калинин к-сі, 66

zemotbelkst
@mail.ru
8-714-55
2-26-83

11

"Меңдіқара
ауданының жер
қатынастары
бөлімі" ММ

Боровской
селосы 
Королев к-сі,
5

mendzem
@mail. ru
mendjkx
@mail.ru
8-714-43
2-15-78

12

"Науырзым
ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ

Қарамеңді селосы 
Шақшақ Жәнібек к-сі, 1

naurzher
@mail.kz
8-714-54
2-15-26

13

"Сарыкөл ауданы
әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ

Сарыкөл
поселкесі 
Ленин к-сі, 76

zem1@mail.kz
zemkom2007
@rambler.ru
8-714-51
2-18-49

14

"Таран ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ

Таран селосы
Калинин к-сі,
60

Zemly_taran
@mail.kz
8-714-36
3-64-51

15

"Ұзынкөл
ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ

Ұзынкөл селосы 
Мүсірепов к-сі,
14

Zem1
@mail.kz
8-714-44
2-15-47

16

"Федоров
ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ

Федоров селосы
Красноармейский
к-сі, 57

Fed_zem
@mail.ru
8-714-42
2-18-76

17

"Арқалық қаласының жер қатынастары бөлімі" ММ

Арқалық қ.
Абай даңғылы,
29 524-кабинет

Zem.ark
@mail.kz
8-714-30
7-23-52

18

"Қостанай
қаласының жер қатынастары бөлімі" ММ

Қостанай қ.
Амангелді к-сі,
93А, 219-кабинет

gorzem
@mail.ru
57-57-44

19

"Рудный қаласының жер қатынастары бөлімі" ММ

Рудный қ. 
Космонавттар даңғылы, 12
301-кабинет

zem
@rudny.kz
8-714-31
4-09-73

20

"Лисаков қаласының жер қатынастары бөлімі" ММ

Лисаков қ.
Мир к-сі, 31,
32-кабинет

Terra_lsk
@mail.kz
8-714-33
3-32-34

Мемлекеттік қызмет  
көрсету Стандартына 
2-қосымша      

       Кесте. Сапа және қол көрсеткітерінің мәні

Сапа және қол
жетімділік
көрсеткіштері

Көрсет
кіштің
нормативтік мәні

Көрсет
кіштің
алдағы жылдағы мақсатты мәні

Көрсет
кіштің
есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уа қ ытылы ғ ы

1.1. Құжат тапсырған
сәттен бастап бекітілген
уақытта қызметті көрсету
жағдайы % (үлесі)

95%

40%

30%

1.2. Қызметті алу үшін
өтініш берушілердің 40
минуттан көп емес
күткендері % (үлесі)

90%

85%

80%

2. Сапасы

2.1. Қызметті көрсету
үдерісінің сапасымен
қанағаттанған өтініш
берушілер % (үлесі)

90%

65%

57,4%

2.2. (жүргізілген
есептеулер, есептер және
т.б.) лауазымды
тұлғалармен дұрыс
ресімделген жағдайлар
% (үлесі)

95%

85%

75%

3.  Қ ол жетімділік

3.1. Қызметті көрсету
тәртібі туралы сапа және
ақпаратпен қанағаттанған
өтініш берушілер
% (үлесі)

80%

65%

56,5%

3.3. Интернет арқылы
алуға болатын қызмет
ақпараты % (үлесі)

100%

60%

50%

4. Ша ғ ымдану  ү дерісі

4.1. Берілген қызметтің
түрі бойынша жалпы
санына қызмет
көрсетілген өтініш
берушілердің негізделген
шағымы % (үлесі)

0,1%

0,3%

0,5%

4.2. Негізделген
шағымдардың бекітілген
мерзімде қаралған және
қанағаттандырылғаны
% (үлесі)

95%

70%

60%

4.3. Қолданыстағы
шағымдану тәртібімен
қанағаттанған өтініш
берушілер % (үлесі)

95%

60%

50%

4.4. Шағымның уақытымен 
қанағаттанған өтініш
берушілер % (үлесі)

90%

60%

50%

5. Сыпайылы ғ ы

5.1. Қызметкерлердің
сыпайылығына 
қанағаттанған өтініш
берушілер % (үлесі)

90%

75%

66,1%

Мемлекеттік қызмет  
көрсету Стандартына 
3-қосымша       


Атауы

Жер қатынастары бөлімдерінің 
орналасқан мекенжайы

Электрондық 
мекенжайы, 
телефон нөмірі

1

Алтынсарин
ауданының
әкімдігі

Обағган селосы, Мир к-сі, 1

altynsar
@kostanay.kz
8-714-45
3-42-20

"Алтынсарин ауданы 
әкімдігінің жер 
қатынастары бөлімі" ММ

Обаған селосы, Ленин к-сі, 4

altyn
@ozo.kz
8-714-45
3-42-35

2

Амангелді ауданының 
әкімдігі

Амангелді селосы, Майлин
к-сі, 14

amangeldy
@kostanay.kz
8-714-40
2-11-00

"Амангелді ауданының жер 
қатынастары
бөлімі" ММ

Амангелді селосы, Майлин
к-сі, 14

Amanzher86
@mail.ru
8-714-40
2-12-76

3

Әулиекөл
ауданының
әкімдігі

Әулиекөл
селосы, 1 Май
к-сі, 44

auliekol
@kostanay.kz
8-714-53
2-10-01

"Әулиекөл
ауданының жер
қатынастары
бөлімі" ММ

Әулиекөл
селосы,
Целинная
к-сі, 7

Auliekoljer
@mail.ru
AIKS@mail.kz
8-714-53
2-11-63

4

Жангелдин
ауданының
әкімдігі

Торғай селосы,
Алтынсарин
к-сі, 4

jangeldy
@kostanay.kz
8-714-39
2-11-01

"Жангелдин ауданының жер 
қатынастары
бөлімі" ММ

Торғай селосы,
Алтынсарин к-сі, 4

Jangeldi-jer
@mail.ru
8-714-39
2-16-35

5

Денисов
ауданының
әкімдігі

Денисов селосы,
Калинин к-сі, 5

denisovka
@kostanay.kz
8-714-34
9-15-01

"Денисов
ауданының жер
қатынастары
бөлімі" ММ

Денисов селосы,
Калинин к-сі, 5

Den_zemotdel
@kostanay.kz
8-714-34
9-26-73

6

Жітіқара
ауданының
әкімдігі

Жітіқара қ. 
6 мөлтекаудан,
65-үй

zhitikara
@kostanay.kz
8-714-35
2-33-16

"Жітіқара ауданының жер 
қатынастары
бөлімі" ММ

Жітіқара қ.
Асанбаев к-сі, 51

zemla
@mail.kz
8-714-35
2-22-96

7

Қамысты
ауданының
әкімдігі

Қамысты селосы,
Киров к-сі, 61

kamysty
@kostanay.kz
8-714-37
2-13-00

"Қамысты ауданының жер 
қатынастары
бөлімі" ММ

Қамысты селосы,
Ержанов
к-сі, 61

Zem-kamysty
@yandex.ru
8-714-37
2-21-82

8

Қарабалық
ауданының
әкімдігі

Қарабалық 
поселкесі,
Космонавттар к-сі, 31

karabalyk
@kostanay.kz
8-714-41
3-31-57

"Қарабалық 
ауданының жер 
қатынастары
бөлімі" ММ

Қарабалық 
поселкесі,
Космонавттар к-сі, 16

Kar_zemot
@mail.kz
8-714-41
3-21-08

9

Қарасу
ауданының
әкімдігі

Қарасу селосы,
А.Исаков к-сі, 66

karasu
@kostanay.kz
8-714-52
2-11-05

"Қарасу ауданы
әкімдігінің 
жер қатынастары
бөлімі" ММ

Қарасу селосы,
А.Исаков к-сі, 66

karasuzem
@mail.ru
8-714-52
2-17-71

10

Қостанай
ауданының
әкімдігі

Затобол поселкесі,
Калинин
к-сі, 65

kostregion
@kostanay.kz
8-714-55
2-13-48

"Қостанай ауданы
әкімдігінің жер
қатынастары
бөлімі" ММ

Затобол поселкесі,
Калинин
к-сі, 66

zemotbelkst
@mail.ru
8-714-55
2-26-83

11

Меңдіқара
ауданының
әкімдігі

Боровской селосы,
Королев
к-сі, 5

mendikara
@kostanay.kz
8-714-43
2-15-71

"Меңдіқара ауданының жер 
қатынастары бөлімі" ММ

Боровской селосы,
Королев к-сі, 5

mendzem
@mail.ru
mendjkx
@mail.ru
8-714-43
2-15-78

12

Науырзым
ауданының
әкімдігі

Қарамеңді селосы,
Шақшақ Жәнібек к-сі, 1

naurzum
@kostanay.kz
8-714-54
9-14-33

"Науырзым ауданының жер 
қатынастары
бөлімі" ММ

Қарамеңді селосы,
Шақшақ Жәнібек к-сі, 1

naurzher
@mail.kz
8-714-54
2-15-26

13

Сарыкөл
ауданының
әкімдігі

Сарыкөл поселкесі,
Ленин к-сі, 72

sarykol
@kostanay.kz
8-714-51
2-11-38

"Сарыкөл ауданы
әкімдігінің
жер қатынастары
бөлімі" ММ

Сарыкөл поселкесі,
Ленин к-сі, 76

zem1
@mail.kz
zemkom2007
@rambler.ru
8-714-51
2-18-49

14

Таран ауданының
әкімдігі

Таран селосы,
Калинин
к-сі, 60

taranovka
@kostanay.kz
8-714-36
3-61-44

"Таран ауданының
жер қатынастары
бөлімі" ММ

Таран селосы,
Калинин
к-сі, 60

Zemly_taran
@mail.kz
8-714-36
3-64-51

15

Ұзынкөл
ауданының
әкімдігі

Ұзынкөл селосы,
Мүсірепов к-сі, 14

taranovka
@kostanay.kz
8-714-44
2-12-55

"Ұзынкөл ауданының жер
қатынастары
бөлімі" ММ

Ұзынкөл селосы,
Мүсірепов к-сі, 14

Zem1
@mail.kz
8-714-44
2-15-47

16

Федоров
ауданының
әкімдігі

Федоров селосы,
Калинин
к-сі, 53

akimatfed
@mail.ru
fedorovka
@kostanay.kz
8-714-42
2-16-32

"Федоров ауданының жер 
қатынастары
бөлімі" ММ

Федоров селосы,
Красноармейский к-сі, 57

Fed_zem
@mail.ru
8-714-42
2-18-76

17

Арқалық
қаласының
әкімдігі

Арқалық қ.
Абай даңғылы,
29

arkalyk
@kostanay.kz
8-714-30
7-12-42

"Арқалық
қаласының 
жер қатынастары
бөлімі" ММ

Арқалық қ.,
Абай даңғылы,
29,
524-кабинет

Zem.ark
@mail.kz
8-714-30
7-23-52

18

Қостанай
қаласының
әкімдігі

Қостанай қ.,
Пушкин
к-сі, 98

gorakimat
@kostanay.kz
57-57-01

"Қостанай
қаласының жер
қатынастары
бөлімі" ММ

Қостанай қ.,
Амангелді к-сі, 93А,
219-кабинет

gorzem
@mail.ru
57-57-44

19

Рудный қаласының 
әкімдігі

Рудный қ.,
Парковый к-сі,
124

rudny
@kostanay.kz
8-714-31
4-54-00

"Рудный қаласының 
жер қатынастары
бөлімі" ММ

Рудный қ.,
Космонавттар
даңғылы, 12
301-кабинет

zem
@rudny.kz
8-714-31
4-09-73

20

Лисаков
қаласының
әкімдігі

Лисаков қ.,
Мир к-сі, 31,

lisakovsk
@kostanay.kz
8-714-33
2-40-50

"Лисаков
қаласының
жер қатынастары
бөлімі" ММ

Лисаков қ.,
Мир к-сі, 31,
32-кабинет

Terra_lsk
@mail.kz
8-714-33
3-32-34

      Ескерту:

      ММ   - мемлекеттік мекеме
      қ.   - қала
      к-сі - көшесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады