Ескерту. Күші жойылды Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 52 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына , "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына , "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4 , 11-баптарына сәйкес, сондай-ақ Қостанай облыстық мәслихатының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 267 шешімімен бекітілген Қостанай облысының 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік жастар бағдарламасын орындауда Қостанай облысының әкімдігі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жоғары оқу орындарының мамандарды үш деңгейлі даярлау жүйесіне көшуіне және аспирантураға қабылдаудың тоқтатылуына байланысты бұрынырақ "2006-2008 жылдарға арналған өңірлік жастар бағдарламасын бекіту туралы" Қостанай облыстық мәслихатының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 267 шешімімен бекітілген 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік жастар бағдарламасы (бұдан әрі - Өңірлік бағдарлама) шеңберінде аспирантурада оқу үшін бөлінген қаржы кандидаттық диссертациясын қорғау үшін жас ғалымдарды қолдауға жіберілсін.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі:
дарынды жастарға мемлекеттік қолдау көрсету бөлігіндегі өңірлік бағдарлама іс-шараларының орындалуын;
2008 жылы Қостанай облысының дарынды жастарына – бес жас ғалымға кандидаттық диссертациясын қорғау үшін мемлекеттік қолдау 296000,0 (екі жүз тоқсан алты мың) теңге мөлшерінде көрсетілуін қамтамасыз етсін.
3. Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес үміткерлердің тізімін бекітсін және бюджеттік бағдарламалар әкімгері – "Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі дарынды жастар арасынан үміткерлерге мемлекеттік қолдау көрсету жөнінде ұсыныс енгізсін.
4. Осы қаулы оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі С. Кулагин
Әкімдік мүшелері:
КЕЛІСІЛДІ