"Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының" 31-бабына, "Әскери міндет және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19, 23 баптарына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 563 Жарлығына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2008 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында шұғыл әскери қызметке кезекті шақыру өткізілсін.
2. "Қостанай облысының денсаулық сақтау департаменті" мемлекеттік мекемесінің директорына ұсынылсын (келісім бойынша):
1) клиникалық және сараптамалық тәжірибесінің стажы бар тәжірибелі дәрігер-мамандарды, сонымен қатар орташа медициналық қызметкерлердің медициналық куәландыру үшін әскер қатарына шақырылғандар жолдау;
2) әскер қатарына шақырылғандар үшін алдын ала тексерілу қамтамасыз ету;
3) қалалық медициналық комиссиясының дәрігер-мамандарының емдеу-сауықтыру мекемелеріне жолдау бойынша әскер қатарына шақырылғандар үшін кезексіз қосымша тексерілу қамтамасыз ету.
3. "Қостанай қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығына ұсынылсын (келісім бойынша):
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлерге және әскери құрылымдарға жолданған азаматтарды салтанатты шығарып салу бойынша шаралар ұйымдастыру.
4. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "Қостанай қаласының Қорғаныс істері бойынша басқармасының шығындар сметасында қарастырылған арнайы бөлінген қаражаттың есебінен 2008 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті шақыруды ұйымдастыруға және өткізуге байланысты шараларды қаржыландыру жүргізсін.
5. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жүргізу және қамтамасыз ету туралы" Қостанай қаласы Әкімдігінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 916 қаулысы (2007 жылғы 8 мамырдағы тіркеу № 9-1-74, "Қостанай" газетінің 2007 жылғы 17 мамырдағы № 20 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары орынбасары М.Қ. Жүндібаевқа жүктелсін.
Қостанай қаласының әкімі