Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2012.02.23 № 27 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Қостанай қаласындағы аумақты көріктендіру, санитарлық тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау, қорғау және шығарып тастау ережелері" және Қостанай қаласындағы көріктендіру мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы" 2003 жылғы 13 маусымдағы № 254 шешіміне (мемлекеттік тіркеу нөмірі № 2344, "Қостанай" газетінде 2003 жылғы 31 шілдедегі № 86 жарияланды, бұрын мәслихаттың "Қостанай қалалық мәслихатының "Қостанай қаласындағы аумақты көріктендіру, санитарлық тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау, қорғау және шығарып тастау ережелері" және Қостанай қаласындағы көріктендіру мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы" 2003 жылғы 13 маусымдағы № 254 шешіміне өзгертулер енгізу туралы (тіркеу нөмірі № 2344)" 2004 жылғы 17 ақпандағы № 33 шешімімен, мемлекеттік тіркеу нөмірі 2784, "Қостанай" газетінде 2004 жылғы 9 наурыздағы № 32 жарияланды, мәслихаттың "Қостанай қаласындағы аумақты көріктендіру, санитарлық тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау, қорғау және шығарып тастау ережелері" және Қостанай қаласындағы көріктендіру мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы" 2003 жылғы 13 маусымдағы № 254 шешіміне өзгертулер енгізу туралы" 2005 жылғы 24 маусымдағы № 155 шешімімен, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-1-13, "Қостанай" газетінде 2005 жылғы 15 шілдедегі № 79 жарияланды, мәслихаттың "Қостанай қаласындағы аумақты көріктендіру, санитарлық тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау, қорғау және шығарып тастау ережелері" және Қостанай қаласындағы көріктендіру мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы" 2003 жылғы 13 маусымдағы № 254 шешіміне толықтыру енгізу туралы" 2005 жылғы 21 қазандағы № 182 шешімімен, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-1-27, "Қостанай" газетінде 2005 жылғы 28 қазандағы № 123 жарияланды, өзгертулер мен толықтырулар енгізілді) мына өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
атауындағы "мен Қостанай қаласын көріктендіру мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын" деген сөздер шығарылсын;
аталған шешімімен бекітілген, Қостанай қаласындағы аумақты көріктендіру, санитарлық тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау, қорғау және шығарып тастау ережелерінде:
3 тармақ шығарылсын;
13 тармақта:
бірінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
"Жеке және заңды тұлғалар сәулеттік және санитарлық талаптарға сәйкес бөлінген аумақтарда тазалық пен тәртіпті сақтау қажет, атап айтқанда:"
мына мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) жеке қаражат есебінен немесе келісімдер орнату бойынша тұрмыстық қалдықтарды уақытылы жою".
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, № 14 сайлау
округі бойынша депутаты Д. Сейтказинов
Қалалық мәслихатының хатшысы С. Төкенов