Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2012.02.23 № 27 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Қостанай қаласындағы аумақты көріктендіру, санитарлық тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау, қорғау және шығарып тастау ережелері" мен Қостанай қаласын көріктендіру мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы" мәслихатының 2003 жылғы 13 маусымдағы № 254 шешіміне (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2344, 2003 жылғы 31 шілдедегі № 86 "Қостанай" газеті, бұрын "Қостанай қаласындағы аумақты көріктендіру, санитарлық тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау, қорғау және шығарып тастау ережелері" мен Қостанай қаласын көріктендіру мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы" мәслихатының 2003 жылғы 13 маусымдағы № 254 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (тіркеу нөмірі 2344) мәслихаттың 2004 жылғы 17 ақпандағы № 33 шешімімен өзгерістер енгізілген, мемлекеттік тіркеу нөмірі 2784, "Қостанай қаласындағы аумақты көріктендіру, санитарлық тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау, қорғау және шығарып тастау ережелері" мен Қостанай қаласын көріктендіру мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы" мәслихатының 2003 жылғы 13 маусымдағы № 254 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" мәслихаттың 2005 жылғы 24 маусымдағы № 155 шешімімен өзгерістер енгізілген, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-1-13) мына толықтыру енгізілсін:
2-тарау мына мазмұндағы 12-1 тармағымен толықтырылсын:
"12-1. Белгіленген орындардан тыс жарияланымдар, афишалар, үндеухаттар, хабарлама қағаздарды жапсыруға, сондай-ақ құрылыстан бос көшелердің көлікпен және жаяу жүру бөлігін және жалпы пайдаланатын басқа орындарын қоқыстың кез-келген түрлерімен, оның ішінде үндеухаттармен, үгіттік материалдармен ластауға жол берілмейді".
2. Осы шешім әділет басқармасында мемлекеттік тіркеу күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы,
№ 1 сайлау округы бойынша депутатты
Қалалық мәслихат хатшысы