Тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерлерін белгілеу туралы

Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2008 жылғы 29 ақпандағы № 61 шешімі. Қостанай облысы Рудный қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 4 сәуірде № 9-2-103 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2009 жылғы 10 сәуірде № 189 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2009.04.10 № 189 шешімімен.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 394-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қазандағы № 1016 "Тiркелген жиынтық салықтың ең төменгi және ең жоғары базалық cтавкаларының мөлшерiн бекiту туралы" қаулысына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
      1. Рудный қаласының әкімшілік аумағында бір салық салу объектісінен тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерлері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Рудный қалалық мәслихаты тексеру комиссиясының төрағасына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихаттың кезектен
      тыс сессиясының төрағасы                   А. Маханько

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                В. Лощинин
 
 

Мәслихаттың     
2008 жылғы 29 ақпандағы
№ 61 шешіміне қосымша

Рудный қаласының әкімшілік аумағында бір салық салу объектісінен тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерлері

р/р
Салық салу объектісінің атауы Жылына бір салық салу объектісіне тіркелген жиынтық салық (айлық есеп айырсу көрсеткішіндегі) ставкасы

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы

10

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ақшасыз ұтыс ойын автоматы

15

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер

10

4

Ойын жолы

85

5

Карт

25

6

Бильярд үстелі

37

Об установлении размеров ставок фиксированного суммарного налога

Решение маслихата города Рудного Костанайской области от 29 февраля 2008 года № 61. Зарегистрировано Управлением юстиции города Рудного Костанайской области 4 апреля 2008 года № 9-2-103. Утратило силу решением маслихата города Рудного Костанайской области от 10 апреля 2009 № 189

      Сноска. Утратило силу решением маслихата города Рудного Костанайской области от 10.04.2009 № 189.
      В соответствии со статьей 394 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2006 года № 1016 "Об утверждении размеров минимальных и максимальных базовых ставок фиксированного суммарного налога" маслихат РЕШИЛ:
      1. Установить размеры ставок фиксированного суммарного налога с единицы объекта налогообложения на административной территории города Рудного согласно приложению.
      2. Контроль над исполнением данного решения возложить на председателя ревизионной комиссии Рудненского городского маслихата.
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель внеочередной сессии
      городского маслихата                       А. Маханько

      Секретарь городского маслихата             В. Лощинин

Приложение        
к решению маслихата   
от 29 февраля 2008 года 
№ 61          

Размеры ставок фиксированного суммарного налога с единицы объекта налогообложения на административной территории города Рудного

№ п/ п Наименование объекта налогообложения Ставка фиксированного суммарного налога на единицу объекта налогообложения в год (в месячных расчетных показателях)

1

Игровой автомат без денежного выигрыша, предназначенный для проведения игры с одним игроком

10

2

Игровой автомат без денежного выигрыша, предназначенный для проведения игры с участием более одного игрока

15

3

Персональный компьютер, используемый для проведения игры

10

4

Игровая дорожка

85

5

Карт

25

6

Бильярдный стол

37