Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2009.04.10 № 189 шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 394-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қазандағы № 1016 "Тiркелген жиынтық салықтың ең төменгi және ең жоғары базалық cтавкаларының мөлшерiн бекiту туралы" қаулысына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
1. Рудный қаласының әкімшілік аумағында бір салық салу объектісінен тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерлері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Рудный қалалық мәслихаты тексеру комиссиясының төрағасына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың кезектен
тыс сессиясының төрағасы А. Маханько
Қалалық мәслихаттың хатшысы В. Лощинин
Мәслихаттың
2008 жылғы 29 ақпандағы
№ 61 шешіміне қосымша
Рудный қаласының әкімшілік аумағында бір салық салу объектісінен тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерлері
р/р № |
Салық салу объектісінің атауы | Жылына бір салық салу объектісіне тіркелген жиынтық салық (айлық есеп айырсу көрсеткішіндегі) ставкасы |
---|---|---|
1 |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы |
10 |
2 |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ақшасыз ұтыс ойын автоматы |
15 |
3 |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер |
10 |
4 |
Ойын жолы |
85 |
5 |
Карт |
25 |
6 |
Бильярд үстелі |
37 |