18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау кезінде жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыстарды есептеу үшін статистика органдарымен берілген 2008 жылға арналған бағаларды түзету туралы

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 72 қаулысы. Қостанай облысы Жітіқара ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 14 ақпанда № 9-10-90 тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 2 тармағы 31 бабына және Қазақстан Республикасы "Балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген, балаларға жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу Қағидасының 30 тармағына сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 18 жасқа дейінгі балаларға арналған 30 % дейін төмендетілген ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау кезінде жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыстарды есептеу үшін статистика органдарымен берілген, 2008 жылға арналған бағалар түзетілсін.

      2. "Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалуына үміткер өтініш берушілердің жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыстарды есептеу кезінде осы қаулыны басшылыққа алсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау әкім орынбасары М.Қ. Жүндібаевқа жүктелсін.

      4. Қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткенінен соң қолданысқа енеді.

      Аудан әкімі                                А. Әбенов

      КЕЛІСІЛГЕН

      "Жітіқара ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
      И. Григорьева

      "Жітіқара ауданының статистика
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Ә. Әлкенова

О корректировке цен на 2008 год, представляемых органами статистики для исчисления доходов от личного подсобного хозяйства при назначении ежемесячного государственного пособия на детей до 18 лет

Постановление акимата Житикаринского района Костанайской области от 21 января 2008 года № 72. Зарегистрировано управлением юстиции Житикаринского района Костанайской области 14 февраля 2008 года № 9-10-90

      В соответствии с пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении в Республике Казахстан" и пунктом 30 Правил исчисления совокупного дохода семьи, претендующей на получение пособия на детей, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 ноября 2005 года № 1092 "О некоторых мерах по реализации Закона Республики Казахстан "О государственных пособиях семьям, имеющим детей" акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Корректировать цены на 2008 год, представляемые органами статистики для исчисления доходов от личного подсобного хозяйства при назначении ежемесячного государственного пособия на детей до 18 лет путем уменьшения на 30 %.

      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Житикаринского района" при исчислении доходов от личного подсобного хозяйства заявителей, претендующих на назначение ежемесячного государственного пособия на детей до 18 лет руководствоваться настоящим постановлением.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Жундубаева М.К.

      4. Постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района                                А. Абенов

      СОГЛАСОВАНО

      Начальник
      государственного учреждения
      "Отдел занятости и социальной
      программы Житикаринского района"
      И. Григорьева

      Начальник
      государственного учреждения
      "Житикаринский районный отдел статистики"
      А. Алькенова