Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 2 тармағы 31 бабына және Қазақстан Республикасы "Балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген, балаларға жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу Қағидасының 30 тармағына сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 18 жасқа дейінгі балаларға арналған 30 % дейін төмендетілген ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау кезінде жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыстарды есептеу үшін статистика органдарымен берілген, 2008 жылға арналған бағалар түзетілсін.
2. "Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалуына үміткер өтініш берушілердің жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыстарды есептеу кезінде осы қаулыны басшылыққа алсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау әкім орынбасары М.Қ. Жүндібаевқа жүктелсін.
4. Қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткенінен соң қолданысқа енеді.
Аудан әкімі А. Әбенов
КЕЛІСІЛГЕН
"Жітіқара ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
И. Григорьева
"Жітіқара ауданының статистика
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
Ә. Әлкенова