Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 4-бабының 5-тармағының 1)-тармақшасына, 5-бабының 11)-тармақшасына сәйкес, Қостанай аудандық мәслихатының 2006 жылғы 28 наурыздағы № 275 шешімімен бекітілген Қостанай ауданының 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік жастар бағдарламасының орындалуына Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кірістері төмен отбасылардан, күндізгі оқу формасы бойынша оқитын, ауданның қоғамдық өміріне белсенді араласатын 16 студентке білім алуға байланысты шығындарды жартылай өтеу үшін 2008 жылдың бірінші жарты жылдығына аудандық бюджет қаражатынан 1383400 (бір миллион үш жүз сексен үш мың төрт жүз) теңге сомасында әлеуметтік көмек қосымшаға сәйкес көрсетілсін.
2. Білім алуға байланысты шығындарды жартылай өтеу үшін студент жастарға әлеуметтік көмек көрсету комиссиясы үміткерлердің тізімін бекітіп және білім алуға байланысты шығындарды жартылай өтеу үшін студент жастарға әлеуметтік көмек төлеу жөнінде бюджеттік бағдарламалар әкімгері-Қостанай ауданы әкімиятының "Ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне ұсыныстар енгізсін.
3. Қостанай ауданы әкімиятының "Ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қостанай ауданының 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік жастар бағдарламасының білім алу мерзіміне шығындарды жартылай төлеу үшін жастарға әлеуметтік көмек көрсету бөлігінде іс-шараларын орындауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Ч. Досжановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай ауданының әкімі Г. Тюркин
Әкімдіктің
2008 жылғы 29 сәуірдегі
№ 170 қаулысына қосымша
Аудандық бюджет қаражатынан 2008 жылдың
бірінші жартыжылдығына білім алуға төлемге
әлеуметтік көмек алатын студенттердің
саны және мамандықтарының тізімі
№ |
Жоғары оқу мекемесінің |
Мамандық |
Оқытылатындардың саны |
2008 жылдың қаңтарынан маусымына дейінгі уақытқа, барлығы |
1. |
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты |
1. Шет тілі; |
1 1 1 |
72000 72000 84000 |
2. |
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті |
10. Қазақ филологиясы; |
1 |
62000 |
|
Жиынтығы: |
|
808200 |
|
3. |
Қостанай әлеуметтік- техникалық университеті |
13. Мемлекеттік және жергілікті басқару; |
1 1 |
101400 160000 |
|
Жиынтығы: |
14 |
1069600 |
|
4. |
Қарағанды медициналық академиясы |
15. Емдеу ісі; |
1 |
157800 |
|
Жиынтығы: |
2 |
313800 |
|
|
Барлығы: |
16 |
1383400 |