Студент жастарға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 29 сәуірдегі № 170 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 30 мамырда № 9-14-81 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 4-бабының 5-тармағының 1)-тармақшасына, 5-бабының 11)-тармақшасына сәйкес, Қостанай аудандық мәслихатының 2006 жылғы 28 наурыздағы № 275 шешімімен бекітілген Қостанай ауданының 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік жастар бағдарламасының орындалуына Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Кірістері төмен отбасылардан, күндізгі оқу формасы бойынша оқитын, ауданның қоғамдық өміріне белсенді араласатын 16 студентке білім алуға байланысты шығындарды жартылай өтеу үшін 2008 жылдың бірінші жарты жылдығына аудандық бюджет қаражатынан 1383400 (бір миллион үш жүз сексен үш мың төрт жүз) теңге сомасында әлеуметтік көмек қосымшаға сәйкес көрсетілсін.
      2. Білім алуға байланысты шығындарды жартылай өтеу үшін студент жастарға әлеуметтік көмек көрсету комиссиясы үміткерлердің тізімін бекітіп және білім алуға байланысты шығындарды жартылай өтеу үшін студент жастарға әлеуметтік көмек төлеу жөнінде бюджеттік бағдарламалар әкімгері-Қостанай ауданы әкімиятының "Ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне ұсыныстар енгізсін.
      3. Қостанай ауданы әкімиятының "Ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қостанай ауданының 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік жастар бағдарламасының білім алу мерзіміне шығындарды жартылай төлеу үшін жастарға әлеуметтік көмек көрсету бөлігінде іс-шараларын орындауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Ч. Досжановқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай ауданының әкімі                   Г. Тюркин

Әкімдіктің       
2008 жылғы 29 сәуірдегі
№ 170 қаулысына қосымша

Аудандық бюджет қаражатынан 2008 жылдың
бірінші жартыжылдығына білім алуға төлемге
әлеуметтік көмек алатын студенттердің
саны және мамандықтарының тізімі

Жоғары оқу мекемесінің
атауы

Мамандық

Оқытылатындардың саны

2008 жылдың қаңтарынан маусымына дейінгі уақытқа, барлығы

1.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

1. Шет тілі;
2. Жағрафия;
3. Қазақ тілі және әдебиеті;
4. Тарих;
5. Жағрафия;
6. Қазақ тілі және әдебиеті;
7. Кәсіби оқыту;
8. Шет тілі;
9. Тарих;

1
1
1

1
1
1

1
1
1

72000
72000
32000

72000
72000
72000

84000
64200
60000

2.

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

10. Қазақ филологиясы;
11. Қаржы;
12. Биология;

1
1
1

62000
80000
66000


 


Жиынтығы:


 

808200

3.

Қостанай әлеуметтік- техникалық университеті

13. Мемлекеттік және жергілікті басқару;
14. Бұғалтерлік есеп және аудит;

1

1

101400

160000


 


Жиынтығы:

14

1069600

4.

Қарағанды медициналық академиясы

15. Емдеу ісі;
16. Емдеу ісі;

1
1

157800
156000


 


Жиынтығы:

2

313800


 


Барлығы:

16

1383400

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады