Павлодар облысы әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 169/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Павлодар облысы әкімиятының 2008 жылғы 20 тамыздағы N 220/8 қаулысы. Павлодар облысының әділет департаментінде 2008 жылғы 25 тамызда N 3122 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 236/18 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 236/18 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 17)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 маусымдағы N 359 бұйрығына сәйкес аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан, жоғары оқу орындарында оқып жүрген студенттерге, жетім студенттерге әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 169/5 қаулысына (2007 жылғы 18 маусымда Павлодар облысы әділет басқармасының тізілімінде N 2621 нөмірмен тіркелген, 2004 жылғы 6 шілдедегі N 78 "Звезда Прииртышья газетінде, 2004 жылғы 8 шілдедегі N 80 "Сарыарқа самалы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 2-тармағындағы "60" деген сандар "45" деген сандармен ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау ережесінде (бұдан әрі - Ереже):

      3-тармақтағы "60" деген сандар "45" деген сандармен ауыстырылсын.

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
      аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі облыстық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) құрамына мыналар:

Берковский
Владимир Александрович

- облыс жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы, Комиссия мүшесі

Марданова
Айгүл Қамзақызы

- облыс білім беру департаменті директорының міндетін атқарушысы, Комиссия мүшесі

Тышымханова
Дыбыс Сартайқызы

- Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры (келісім бойынша), Комиссия мүшесі

Проказова
Татьяна Викторовна

- облыс жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бөлімінің бастығы, Комиссия хатшысы болып енгізілсін.

      Тышқанова Нұржамал Сағадатқызы, Кәрімжанов Бахриден Сарбасұлы, Нухұлы Алтынбек, Мүлкатиханова Мунира Болатқызы, Нетребский Николай Архипович Комиссия құрамынан шығарылсын;

      көрсетілген қаулының, Ереженің, Комиссия ережесінің барлық мәтіні бойынша "жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті", "жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне", "жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментімен" деген сөздер тиісінше "жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы", "жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына", "жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Облыс әкімі                            Қ. Нұрпейісов

О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 14 июня 2004 года N 169/5 "О назначении социальной помощи выпускникам общеобразовательных школ из малообеспеченных семей и оставшимся без попечения родителей, для оплаты обучения в высших учебных заведениях области"

Постановление акимата Павлодарской области от 20 августа 2008 года N 220/8. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 25 августа 2008 года за N 3122. Утратило силу постановлением акимата Павлодарской области от 25 декабря 2009 года N 236/18

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Павлодарской области от 25 декабря 2009 года N 236/18.

      В соответствии с подпунктом 17) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении в Республике Казахстан", приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 июня 2008 года № 359, в целях оказания социальной поддержки студентам из малообеспеченных семей, студентам-сиротам, обучающимся в высших учебных заведениях, акимат области ПОСТАНОВЛЯЕТ :
      1. Внести в постановление акимата Павлодарской области от 14 июня 2004 года № 169/5 "О назначении социальной помощи выпускникам общеобразовательных школ из малообеспеченных семей и оставшимся без попечения родителей, для оплаты обучения в высших учебных заведениях области" (зарегистрировано в реестре управления юстиции Павлодарской области 18 июня 2004 года за № 2621, опубликовано в газетах "Звезда Прииртышья" - 6 июля 2004 года, № 78 и "Сарыарқа самалы" - 8 июля 2004 года, № 80) следующие изменения:
      в пункте 2 указанного постановления цифры "60" заменить цифрами "45";
      в Правилах назначения социальной помощи выпускникам общеобразовательных школ из малообеспеченных семей и оставшимся без попечения родителей, для оплаты обучения в высших учебных заведениях области, утвержденных указанным постановлением (далее - Правила);
      в пункте 3 цифры "60" заменить цифрами "45";
      в приложении 1 к указанному постановлению:
      ввести в состав областной комиссии по назначению социальной помощи выпускникам общеобразовательных школ из малообеспеченных семей и оставшимся без попечения родителей, для оплаты обучения в высших учебных заведениях области (далее - Комиссия):

Берковского
Владимира Александровича

- начальника управления координации занятости и социальных программ области, членом Комиссии;

Марданову
Айгуль Камзиновну

- исполняющую обязанности директора департамента образования области, членом Комиссии;

Тышимханову
Дыбыс Сартаевну

- проректора по учебно-методической работе Павлодарского государственного педагогического института (по согласованию), членом Комиссии;

Проказову
Татьяну Викторовну

- начальника отдела управления координации занятости и социальных программ области, секретарем Комиссии.

      вывести из состава Комиссии Тышканову Нуржамал Сагадатовну, Каримжанова Бахридена Сарбасовича, Нухулы Алтынбека, Мулькатиханову Муниру Булатовну, Нетребского Николая Архиповича;
      по всему тексту указанного постановления, Правил, Положения Комиссии слова "департамент координации занятости и социальных программ", "департаменту координации занятости и социальных программ", "в департамент координации занятости и социальных программ", "департаментом координации занятости и социальных программ " заменить соответственно словами "управление координации занятости и социальных программ", "управлению координации занятости и социальных программ", "в управление координации занятости и социальных программ", "управлением координации занятости и социальных программ.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Аким области                               К. Нурпеисов