Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы әкімиятының 2004 жылғы 14 маусымдағы N 169/5 қаулысы. Павлодар облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 18 маусымда N 2621 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 236/18 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2009.12.25 N 236/18 қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының атауында және барлық мәтіні бойынша
      "түлектеріне" деген сөзден кейінгі "облыстың" деген сөзі алынып тасталды - Павлодар облыстық әкімідгінің 2009.08.19 N 167/12 қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының атауында және барлық мәтіні бойынша "тағайындау ережесі", "тағайындау ережесінде", "тағайындау  ережесіне" деген сөздер тиісінше "тағайындау жөніндегі нұсқаулық", "тағайындау жөніндегі нұсқаулықта", "тағайындау жөніндегі нұсқаулыққа" деген сөздермен ауыстырылды - Павлодар облыстық әкімідгінің 2009.08.19 N 167/12 қаулысымен.

      Облыс азаматтарының жекелеген санаттарына атаулы әлеуметтiк көмек көрсету мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы Нұсқаулық аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау тәртібін нақтылайды.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 2009.08.19 N 167/12.
      2. Жоғары оқу орындары жанындағы қабылдау Комиссиялары (келiсiм бойынша) бiрыңғай ұлттық тестiлеу кезiнде жиыны 45 және одан артық балл жинаған, мемлекеттiк оқыту гранты немесе мемлекеттiк оқыту кредитiн ала алмаған абитуриенттер тiзiмiн тиісті жылдың 10 тамызына дейін облыс жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы беретiн болсын (бұдан әрi - Тiзiмдер).
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 2005.08.01 N 249/6; 2006.08.09 N 226/8; 2007.08.10 N 213/7; 2008.08.20 N 220/8 қаулыларымен.
      3. Алынып тасталды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2005.08.01  N 249/6 қаулысымен.
      4. Қалалар мен аудандар әкiмдерiне:
      жергілікті жерлерде еңбек нарығындағы қажеттiлiкке сәйкес  жоғары оқу орындарында оқуға арналған әлеуметтiк көмектi алуға үмiткерлерге iрiктеу жүргiзу жөнiндегi комиссиялар (бұдан әрi - үмiткерлердi iрiктеу жөнiндегi комиссиялар)құрылсын;
      Жоғары оқу орындарында оқытуға арналған әлеуметтiк көмектi алуға iрiктеуден өткен үмiткерлер тiзiмiн, олардың әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайларын тексеру кесiмдерiн, сондай-ақ қағидада қарастырылған қажеттi құжаттарды облыс жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына тиісті жылдың 15 тамызына дейiн ұсынсын.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 2005.08.01 N 249/6; 2006.08.09 N 226/8; 2008.08.20 тамыздағы N 220/8 қаулыларымен.
      5. Облыс жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына тиісті жылдың 19 тамызына дейiн қағидада қарастырылған қажеттi құжаттарды жоғары оқу орындарына оқуына ақы төлеу үшiн әлеуметтiк көмек тағайындау үшiн Комиссияның қарауына ұсынсын.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 2005.08.01 N 249/6; 2006.08.09 N 226/8; 2008.08.20  N 220/8 қаулыларымен.
      6. Комиссия тиісті жылдың 23 тамызына дейiн аталған әлеуметтiк көмектi алушылардың қорытынды тiзiмiн сәйкес тиiстi жоғары оқу орындарына дайындасын және жiберсiн.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 2005.08.01 N 249/6 қаулысымен.
      7. Облыс әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 1 сәуiрдегi "Аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiне жоғары оқу орындарындағы оқуды төлеуге арналған әлеуметтiк көмек тағайындау туралы" (2003 жылғы 15 сәуiрдегi МТН 1724) N 70/4 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Р.М. Жұмабековаға жүктелсiн.

      Облыс әкiмi                                Қ. Нұрпейiсов

Облыс әкiмдiгiнiң          
2004 жылғы 14 маусымдағы     
"Аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы
және ата-анасының қамқорлығынсыз 
қалған жалпы бiлiм беретiн мектеп  
түлектерiне жоғары оқу орындарындағы
оқуына ақы төлеу үшiн әлеуметтiк 
көмек тағайындау туралы"     
N 169/5 қаулысымен бекiтiлдi   

Аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiне
жоғары оқу орындарындағы оқу ақысын төлеу үшiн
әлеуметтiк көмек тағайындау
қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау тәртібін нақтылайды.
      Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облыстық әкімдігінің 2009.08.19 N 167/12.

2. Әлеуметтiк көмектi тағайындау шарты

      Ескерту. 2-тарауға өзгерту енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 2009.08.19 N 167/12 қаулысымен.

      2. Жан басына шаққандағы табыс облыс бойынша (тиiстi жылдың 2-тоқсаны) белгiленген күн көрiс минимумының мөлшерiнен аспайтын, аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы орта бiлiм беретiн мектеп түлектерiне жоғары оқу орындарындағы оқу ақысын төлеу үшiн әлеуметтiк көмек (бұдан әрi - әлеуметтiк көмек) конкурстық негiзде Комиссия шешiмi бойынша тағайындалады. Олардың тұратын жерлерiн әлеуметтiк - тұрмыстық жағдайларын тексеру актiлерi бiлiмi туралы диплом алғанға дейiн жоғары оқу орнында оқыған барлық кезең үшiн әлеуметтiк көмек тағайындағанда бiр рет жасалады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 2005.09.12 N 284/7 қаулысымен.
      3. Кешендi тестiлеуде 45 ұпайдан кем жинаған аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған түлектерге жоғары оқу орындарындағы оқу ақысын төлеу үшiн әлеуметтiк көмек тағайындалмайды.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 2006.08.09 N 226/8; 2007.08.10 N 213/7; 2008.08.20  N 220/8 қаулыларымен.
      Жоғары оқу орындарындағы оқу ақысын төлеу үшiн әлеуметтiк көмектi алуға үмiткерлердiң iрiктелуi жинаған ұпайдың ең жоғары саны бойынша жүргiзiледi. Ұпайлары тең болғанда жалпы бiлiм беру мектебiн бiтiргенi туралы үздiк аттестатын иеленушi басымды құқылы болады.

3. Әлеуметтiк көмектiң мөлшерi

      4. Әлеуметтiк көмек облыстың тиiстi оқу орнындағы нақты оқу құны мөлшерiнде көрсетiледi.

4. Әлеуметтiк көмектi тағайындау үшiн
қажеттi құжаттар тiзiлiмi

      5. Әлеуметтiк көмектi алуға үмiткер тұлға қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері келесi құжаттарды ұсынады:
      1) Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша өтiнiш;
      2) Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша түлек отбасының әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайын тексеру актiсi;
      3) тұрғылықты жерiнен анықтама;
      4) жұмысқа қабiлеттi (жұмыс iстеушi) отбасы мүшелерiнiң жұмыс ақысы туралы анықтама немесе жұмыс iстемейтiндердiң еңбек кiтапшаларының көшiрмесi (аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы жалпы бiлiм беру мектеп түлектерi үшiн);
      5) ата-аналарының қайтыс болғаны туралы куәлiктiң көшiрмесi (ата - анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы бiлiм беру мектеп түлектерi үшiн);
      6) қамқоршы тағайындау туралы шешiм (ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы бiлiм беру мектеп түлектерi үшiн);
      7) Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша қала немесе аудан әкiмi, студент және жоғары оқу орнының басшысы қол қойған бiлiм беру қызметтерiн көрсету үш жақты шарты;
      8) Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес өңiр үшiн осы санаттағы маманды даярлау қажеттiлiгi туралы, оны жұмысқа орналастыру кепiлдiгiмен қала немесе аудан әкiмiнiң қолдау хаты;
      9) СТТН.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 2006.08.09 N 226/8 қаулысымен.
      6. Осы әлеуметтiк көмекке үмiткер отбасының әлеуметтiк - тұрмыстық жағдайын тексеру актiлерiн қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жасайды.
      Әлеуметтiк көмектi алған тұлға Комиссия шешiмi негiзiнде халықты әлеуметтiк қорғау қалалық басқармалары, аудандық бөлiмдерiне қосымша мәлiметтер:
      тұрғылықты жерi бойынша Халықтық банк филиалынан ашылған жеке есеп шотының нөмiрiн;
      үш тарап қол қойған, бiлiм беру қызметтерiн көрсетуге үш жақты шартты ұсынады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 2006.08.09 N 226/8 қаулысымен.

5. Есеп жүргiзу мен есеп беру

      7. Әлеуметтiк көмектi алған тұлғалар ақшалай қаражаттың жеке есеп шоттарына түскеннен кейiн, алған сомасын оқуды төлеу үшiн жоғары оқу орнына өткiзуге және әлеуметтiк қорғау қалалық басқармасы немесе аудандық бөлiмiне төлеу туралы анықтама тапсыруға мiндеттi.
      8. Жыл сайын жоғары оқу орындары аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорынсыз қалған әлеуметтiк көмек алушы студенттердiң, келесi курсқа көшкенi және шығарып жіберуі туралы бұйрықтардың көшiрмелерiн жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ұсынады.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 2006.08.09 N 226/8; 2008.08.20 N 220/8 қаулыларымен.
      9. Әлеуметтiк көмек алушыны жоғары оқу орнынан шығарып жiберген жағдайда төленген әлеуметтiк көмек сомасын өндiрiп алынбайды, сессияның нәтижелерi бойынша жылына екi рет Комиссияның шешiмiмен шығарып жiберiлген студенттiң орнына ректоратпен ұсынылған аз қамтамасыз етiлген отбасындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған сол оқу орында "жақсы" және "үздiк" оқып жүрген студентке оқу құқығы берiледi, көрсетiлген студенттiң оқуына ақы төлеу белгiленген тәртiпте жүргiзiледi.
      Ескерту. Қаулы 9-тармақпен толықтырылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2005.08.01 N 249/6 қаулысымен; өзгерту енгізілді - 2006.10.19 N 283/11 қаулысымен.

Аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы
және ата-анасының қамқорлығынсыз  
қалған жалпы бiлiм беретiн мектеп 
түлектерiне жоғары оқу орындарындағы
оқуына ақы төлеу үшiн әлеуметтiк 
көмек тағайындау жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша             

(Қаланың, ауданның) әкiмiне
_______________________ 
_______________________ 
мекен-жайда тұратын   
_______________________ 
_______________________ 
аты, әкесiнiң аты, тегi 

      ӨТIНIШ

     Маған ___________________________________________________
                     жоғары оқу орнының атауы)
______________________________________________мамандығы бойынша
оқу ақысын төлеу үшiн аз қамтамасыз етiлген отбасылары және жетiм-студенттерге бөлiнетiн әлеуметтiк көмектi тағайындауыңызды өтiнемiн.
      Осы әлеуметтiк көмектi алу үшiн қажеттi құжаттарды қоса берiп отырмын.

      Өтiнiш иесiнiң қолы:
      Күнi:

Аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы
және ата-анасының қамқорлығынсыз  
қалған жалпы бiлiм беретiн мектеп  
түлектерiне жоғары оқу орындарындағы
оқуына ақы төлеу үшiн әлеуметтiк  
көмек тағайындау жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша             

Аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы немесе ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған жалпы бiлiм беретiн мектеп
түлектерiнiң әлеуметтiк-тұрмыстық тұру жағдайын
зерттеу актiсi

200__ жылғы "____" ________

1. Аты, әкесiнiң аты, тегi ____________________________________
2. Туған жылы__________________________________________________
3. Мекенжайы, тел. ____________________________________________
4. Отбасы құрамы: _____________________________________________
_______________________________________________________________
5. Отбасы мүшелерiнiң жұмысақысы, жәрдемақысы, зейнетақылары: ______________________________________________________________
________________________________________________________

6. Ата-аналарының, қамқоршыларының жеке иелiктерiнде не бар:
(жылжымалы, жылжымайтын мүлiк, қосалқы шаруашылық) ____________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
7. Отбасының жиынтық табысы (әр адамның табысы көрсетiлсiн): __
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
8. Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайының жай-күйi: ___________________
_______________________________________________________________
9. Коммуналдық қызметтер үшiн төлем сомалары: _________________
10. Қандай жеңiлдiктердi пайдаланады: _________________________
_______________________________________________________________
11. Жеке төлқұжат мәлiметтерi: ________________________________
12. Қосымша мәлiметтер: _______________________________________
_______________________________________________________________
13.Тексеру актiсi жөнiндегi қорытындысы: ______________________
_______________________________________________________________
Тексерушiнiң қолы: ____________________________________________
Ескерту: 5-7 тармақтар тек қана аз қамтамасыз етiлген отбасылары
түлектерi үшiн толтырылады.

Аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы
және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған,
жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiне
жоғары оқу орындарындағы оқуына    
ақы төлеу үшiн әлеуметтiк көмек    
тағайындау жөніндегі нұсқаулыққа   
3-қосымша              

Бiлiм беру қызметтерiн көрсетуге арналған
ШАРТ

     Павлодар қаласы                  2004 жыл "___"  _________

Бiр жағынан, бұдан әрi "Орындаушы" деп аталатын, Жарғы негiзiнде
қызмет атқаратын, ректордың атынан __________________
_________________________________________ және екіншi жағынан,
____________________________________________________ бұдан әрi
"Тапсырыс берушi" деп аталатын, Қазақстан Республикасының 2001
жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi
мемлекеттiк басқару туралы" Заңы негiзiнде iс-қимыл жасайтын қала
немесе аудан әкiмi _____________________________________, бұдан әрi
"Студент" деп аталатын ______________________бiлiм беру қызметтерiн
көрсетуге арналған осы шартты жасасты.

1. Шарттың мәнi

      1. Бiлiм саласында орталық атқарушы орган бекiткен мемлекеттiк жалпы бiлiм беру стандартына сәйкес, күндiзгi оқу нысанында оқудың толық курсын бiтiрген соң, мемлекеттiк емтихан тапсыру, бiлiктiлiгiне сәйкес дипломдық жобаны (жұмысты) қорғау және белгiленген үлгiдегi жоғары кәсiптiк бiлiм туралы диплом беруге "Орындаушы" өзiне "Студенттi" ____________________ мамандығы бойынша оқытуға мiндеттеме алады.
      2. "Тапсырыс берушi" жоғары кәсiптiк бiлiм алу үшiн осы шартқа сәйкес бiлiм беру қызметтерiн көрсеткен үшiн "Студенттiң" оқуын қаржыландыруды жүзеге асыруға мiндеттенедi.

2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      3. "Орындаушының" мiндеттерi:
      1) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнына қабылдаудың үлгi тәртiптерiне сәйкес, аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы студенттер және жетiм-студенттерге жоғары оқу орындарындағы оқуларына ақы төлеу үшiн әлеуметтiк көмектi тағайындау жөнiндегi облыстық комиссиясының шешiмi негiзiнде жоғары оқу орнының студенттерi қатарына конкурстық негiзде азамат ______________________________________________ қабылдау;
      2) "Студенттi" бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына арналған лицензиясымен, жоғары оқу орны жарғысымен, iшкi тәртiп ережелерiмен, сондай-ақ жоғары оқу орнының қабылдау тәртiбiн реттейтiн және тәрбиелiк-оқу үрдiсiн ұйымдастырудың басқа құжаттарымен таныстыру;
      3) "Студенттiң" оқуын мемлекеттiк жалпы бiлiм беру стандарты талаптарына сәйкес қамтамасыз ету;
      4) оқуды ойдағыдай бiтiрiп шыққан жағдайда, "Студентке" Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi белгiлеген, мемлекеттiк үлгiдегi диплом беру;
      5) жыл сайын студенттiң келесi курсқа көшкенi туралы немесе оның шығып қалғаны туралы бұйрықтың көшiрмесiн жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ұсыну.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 2006.08.09 N 226/8; 2008.08.20 N 220/8 қаулыларымен.
      4. "Орындаушының" мiндеттерi:
      1) "Орындаушы" осы шартқа сәйкес "Тапсырыс берушi" мен "Студенттiң" алған мiндеттемелерiнiң адал және тиiстi орындалуына талап қоюға құқылы;
      2) "Орындаушы" жоғары оқу орны жарғысымен, iшкi тәртiп ережелерiмен және осы шартпен қарастырылған мiндеттердi орындамағаны үшiн "Студентке" тәртiптiк жаза шараларын қолдануға құқылы.
      5. "Тапсырыс берушiнiң" мiндеттерi:
      1) "Тапсырыс берушi" жыл сайын қаржыландыруына қарай  "Студенттiң" барлық оқу кезеңiнде оқыту құнын оның есеп шотына бюджет қаражатын аудару жолымен төлеуге мiндеттi;
      2) "Тапсырыс берушi" "Орындаушымен" келiсе отырып, "Студенттiң" практика өтуi үшiн орын беруi және жоғары оқу орнын бiтірген соң "Студенттi" жұмысқа орналастыруға мiндеттi.
      6. "Тапсырыс берушiнiң" құқығы:
      "Тапсырыс берушi" осы шартқа сәйкес "Орындаушы" мен "Студенттiң" алған мiндеттерiнiң адал және тиiстi орындалуына талап қоюға құқылы.
      7. "Студенттiң" мiндеттерi:
      1) мемлекеттiк жалпы бiлiм беру оқу стандартының толық көлемiндегi бiлiм, машық және практикалық дағдыларды меңгеру;
      2) жоғары оқу орнының оқу жоспары мен кестесiне сәйкес оқу бағдарламасын орындау;
      3) iшкi тәртiп ережелерiн, жоғары оқу орнының жарғысында қарастырылған басқа да талаптарды орындау;
      4) жоғары оқу орнының оқу құрал-жабдықтары мен ақпараттық ресурстарына ұқыпты қарау;
      5) жоғары оқу орнының оқытушыларына, қызметкерлерi мен студенттерiне құрметпен және сыпайылықпен қарау;
      6) ауырғаны немесе басқа дәлелдi себептермен мiндеттi сабақты босатқан жағдайда, жоғары оқу орнына ресми ақтау құжаттарын тапсыру;
      7) жоғары оқу орнын бiтiргеннен соң алған бiлiктiлiгi бойынша арнайы бөлiнген жерiнде кем дегенде үш жыл жұмыс iстеу;
      8) Осы шарттың 7-тармағында көрсетiлген мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда, "Студенттi" даярлауға жұмсалған барлық ақшалай қаражатты қала (аудан) бюджетiне бiр ай iшiнде қайтару.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облыстық әкімідгінің 2009.08.19 N 167/12 қаулысымен.
      8. "Студенттiң" құқығы:
      1) қосымша ақы төлеп, қосымша қызметтер алу;
      2) жоғары оқу орнының жарғысында қарастырылған, тәртiпте жоғары оқу орнының кiтапханасы мен оқу залы базасында оқу, әдiстемелiк оқу және ғылыми әдебиет қорымен тегiн пайдалану;
      3) жеке пiкiрлерi мен сендiрулерiн еркiн айту;
      4) өзiне құрметпен қарауды талап ету;
      5) осы шартқа сәйкес "Орындаушының" өзiне алған мiндеттерiнiң адал және тиiстi орындалуын талап ету.

3. Қызметтiң құны және есеп айырысу тәртiбi

      9. Келiсiм баға оқу жылына жеке тағайындалады, жұмсалған жоспарлық шығынға бағаның индекстелуiне, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына, мамандарды даярлау жағдайының өзгеруiне байланысты болады.
      10. 2004/2005 оқу жылына _____________________________ теңге мөлшерiнде тағайындалды.
      11. Келесi жылдардағы жыл сайын көрсетiлетiн бiлiм беру ақысының мөлшерiн "Орындаушы" тағайындайды және ол туралы "Тапсырыс берушiге" сол жылдың 1-тамызына дейiн хабарлайды.

4. Таластарды шешу тәртiбi

      12. Осы шарттан немесе осы шартқа байланысты пайда болған барлық таластар тараптар келiсiмiмен шешiледi.
      13. Егер тараптар өзара келiсiмге келе алмаған жағдайда, талас Қазақстан Республикасының заңнамасы негiзiнде шешiледi.

5. Кездейсоқ жағдайлар

      14. Егер бұл шарт жасасқаннан кейiн пайда болған төтенше сипатты оқиғалар нәтижесiнде тежеусiз жағдайлар салдарынан болғанда, тараптардың алдын ала бiлмеген немесе парасатты iс-шаралармен оның алдын ала алмағанда осы шарт бойынша мiндеттердi жартылай немесе толық орындамағаны үшiн тараптар жауапкершiлiктен босатылады. Бұл жағдайда осы шарт бойынша мiндеттемелердiң орындалу мерзiмi ұқсас жағдайлар болған уақытқа сәйкес кейiн жылжытылады.
      15. Осы шарт талаптарының орындалуына кедергi келтiретiн тежеусiз күштер жағдайларына өрт, жер сiлкiнiсi, су тасқыны, апат ахуалдар оқиғалары, сондай-ақ ереуiлдер, барлық сипаттағы әскери iс-қимылдар жатады.

6. Шарттың iс-әрекет мерзiмi

      16. Осы Шарт оған тараптардың қол қойған кезiнен бастап күшiне енедi және тараптардың өз мiндеттерiн орындау кезiне дейiн қызмет етедi.
      Шарт әрекетiнiң басы 200___ жылғы 1 қыркүйек
      Шарт әрекетiнiң аяқталуы 200___ жылғы 31 тамыз.

7. Тараптардың заңды мекенжайлары
және банктiк деректемелерi

"Орындаушы": ___________________________________________
Ректор _________________________________________________
М.О.
 
"Тапсырыс берушi": _____________________________________
Қала немесе аудан әкiмi ________________________________
М.О.
 
"Студент"_______________________________________________
             (Студенттiң аты-жөнi, мекенжайы)

Аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы   
және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы
бiлiм беретiн мектеп түлектерiне жоғары  
оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу   
үшiн әлеуметтiк көмек тағайындау    
жөніндегі нұсқаулыққа           
4-қосымша                 

Аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы  
және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған,
жалпы орта бiлiм беретiн мектеп түлектерiне
жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы   
төлеу үшiн әлеуметтiк көмектi тағайындау 
жөнiндегi облыстық комиссияның     
төрағасына                

ҚОЛДАУ ЖАСАУ

     ______________________ әкiмi өңiр үшiн осы сала мамандарының
қала немесе аудан қажеттiлiгiне байланысты _____________________
____________________________________ жоғары оқу орындарындағы
___________________________________________  мамандығы бойынша
_____________________________________________________тұратын,
                 (мекен-жайда)
_____________________________________________ санатына жататын
    (жетiм, аз қамтамасыз етiлген отбасы)
______________________________________________________________
               (аты, әкесiнiң аты, тегi)
әлеуметтiк көмек бөлу қажеттiгi туралы өтiнiш жасайды.
      Кейiннен жұмысқа орналастыруға кепiлдiк беремiн.

      Қала (аудан) әкiмi____________
                            қолы

Облыс әкiмдiгiнiң         
2004 жылғы 14 маусымдағы     
"Аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы
және ата-анасының қамқорлығынсыз 
қалған жалпы бiлiм беретiн мектеп
түлектерiне жоғары оқу орындарындағы
оқуына ақы төлеу үшiн  әлеуметтiк
көмек тағайындау туралы"   
N 169/5 қаулысымен        
бекiтiлдi            

Аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының
қамқорлығынсыз қалғанжалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiне
жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшiн әлеуметтiк көмек
тағайындау жөнiндегi облыстық комиссиясының
Ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, облыс әкiмдiгi мен әкiмiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      2. Комиссия тұрақты қызмет ететiн орган болып табылады және жоғары оқу орындарындағы оқу ақысын төлеу үшiн әлеуметтiк көмектi аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата - анасының қамқорлығынсыз қалған мектеп түлектерiне конкурс және iрiктеу жүргiзу үшiн құрылған.

2. Комиссияның мiндеттерi мен функциялары

      3. Мыналар:
      1) жоғары оқу орындарындағы оқу ақысын төлеуге арналған әлеуметтiк көмектi алуға үмiттенушi аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мектеп түлектерiнiң құжаттарын қарау;
      2) облыс жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұсынған құжаттар бойынша жоғары оқу орындарындағы оқу ақысын төлеу үшiн әлеуметтiк көмек тағайындау үшiн аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мектеп түлектерiне iрiктеу жүргiзу Комиссияның негiзгi мiндеттерi болып табылады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 2006.08.09 N 226/8; 2008.08.20 N 220/8 қаулыларымен.
      4. Комиссия жүргiзiлген конкурс нәтижесi бойынша аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мектеп түлектерiне жоғары оқу орындарындағы оқу ақысын төлеуге арналған әлеуметтiк көмек тағайындау үшiн құжаттарды қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жолдайды.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 2006.08.09 N 226/8 қаулысымен.
      5. Комиссия негiзгi мiндеттерiне сәйкес мынадай функцияларды атқарады:
      1) қарауға ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексередi;
      2) жоғары оқу орындарындағы оқу ақысын төлеуге арналған әлеуметтiк көмектi алатын аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы орта бiлiм беретiн мектеп түлектерiне анықтайды;
      3) аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы орта бiлiм беретiн мектеп түлектерiне жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеуге арналған әлеуметтiк көмектi төлеуге ақшалай қаражат көлемiн анықтайды.

3. Комиссияның құқықтары

      6. Комиссия студенттен оқуға ынталы түрде қатысуын, сессияларын уақытында тапсыруын талап етуге құқылы.
      7. Осы талаптарды ынтасыз орындағанда растайтын құжаттар болған жағдайда Комиссия студенттен осы әлеуметтiк көмектi алып қоюға құқылы.

4. Комиссия қызметiн ұйымдастыру

      8. Комиссия қажетiне қарай өткiзiлетiн мәжiлiстерiнде өз мiндеттерi мен функцияларына сәйкес мәселелер қарайды және шешiмдер қабылдайды.
      9. Комиссия шешiмi көпшiлiк дауыспен, ашық түрде дауыс беру жолымен қабылданады және егер Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының жартысынан астамы дауыс берсе, онда ол қабылданды деп есептеледi.
      Дауыс саны тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешушi дауыс болып табылады.
      10. Комиссия шешiмдерiне облыстық комиссия мүшелерiнiң барлығы қол қояды.

Облыс әкiмдiгiнiң        
2004 жылғы 14 маусымдағы    
"Аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы
және ата-анасының қамқорлығынсыз 
қалған жалпы бiлiм беретiн мектеп 
түлектерiне жоғары оқу орындарындағы
оқуына ақы төлеу үшiн әлеуметтiк
көмек тағайындау туралы"   
N 169/5 қаулысына       
1-қосымша            

Аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiне
жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшiн
әлеуметтiк көмек тағайындау жөнiндегi облыстық
комиссияның құрамы

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 2006.08.09 N 226/8; 2008.08.20 N 220/8 қаулыларымен.

Жұмабекова Рысты Мағауияқызы

- облыс әкiмiнiң орынбасары, төраға

Комиссия мүшелерi:

Баймұхамбетова Зиннат Қозыбайқызы

- облыстық мәслихат депутаты (келiсiм бойынша)

Давдрикова Галина Семеновна

- облыс қаржы департаментi бастығының орынбасары (келiсiм бойынша)

Жасылғұсова Шолпан Әусағитқызы

- облыстық мәслихат депутаты (келiсiм бойынша)

Казакова Людмила Федоровна

- облыс денсаулық сақтау департаментi бастығының орынбасары

Марданова Айгүл Қамзақызы

- облыс білім беру департаменті директорының міндетін атқарушысы, Комиссия мүшесі

Пфейфер Нелли Эмилевна

- С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттiк университетiнiң ғылыми жұмыс және халық арасындағы байланыс жөнiндегi проректоры (келiсiм бойынша)

Стрелковский Владимир Анатольевич

- облыстық кәсiподақ кеңесiнiң төрағасы (келiсiм бойынша)

Тапбергенов Тимур Салауатұлы

- Семей медициналық академиясы филиалының директоры (келiсiм бойынша)

Берковский Владимир Александрович

- облыс жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы, Комиссия мүшесі

Шеломенцева Валентина Павловна

- Павлодар мемлекеттiк педагогикалық институтының оқу жұмысы жөнiндегi проректоры (келiсiм бойынша)

Проказова Татьяна Викторовна

- облыс жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бөлімінің бастығы, Комиссия хатшысы болып енгізілсін;

Тышымханова Дыбыс Сартайқызы

- Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры (келісім бойынша), Комиссия мүшесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады