Мүгедектер үшін 2009 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімиятының 2008 жылғы 26 желтоқсандағы N 755/12 қаулысы. Павлодар облысы Екібастұз қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 21 қаңтарда N 211 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 7 мамырдағы N 3-05/74 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010.05.07 N 3-05/74 хаты).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабы 7-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 5-2-тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабы 1-тармақшасына сәйкес, жұмыссыз ретінде тіркелген мүгедектерді жұмыспен қамту мәселесін шешуде әлеуметтік кепілдікпен қамтамасыз ету мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Екібастұз өңірінің кәсіпорындары мен ұйымдарында (келісім бойынша) жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С.Ә.Арыстанов) жұмыс берушілерге тиісті жолдамалар беру жолымен квоталық жұмыс орындарына мүгедектердің жұмысқа орналасуларына ықпал етуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А.А.Құрмановаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі                  Н. Нәбиев

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2009 год

Постановление акимата города Экибастуза Павлодарской области от 26 декабря 2008 года N 755/12. Зарегистрировано Управлением юстиции города Экибастуза Павлодарской области 21 января 2009 года N 211. Утратило силу в связи с истечением срока действия (письмо акимата города Экибастуза Павлодарской области от 7 мая 2010 года N 3-05/74)

      Сноска. Утратило силу в связи с истечением срока действия (письмо акимата города Экибастуза Павлодарской области от 07.05.2010 N 3-05/74).

      В соответствии с подпунктом 13 пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении в Республике Казахстан", подпунктом 7 статьи 18 Трудового кодекса Республики Казахстан, подпунктом 5-2 статьи 7 Закона Республики Казахстан "О занятости населения", подпункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", в целях обеспечения социальных гарантий в решении вопросов занятости инвалидов, зарегистрированных в качестве безработных, акимат города Экибастуза ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства инвалидов в размере трех процентов от общей численности рабочих мест на предприятиях и в организациях Экибастузского региона, (по согласованию).
      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ акимата города Экибастуза" (Аристанов С.А.) обеспечить содействие в трудоустройстве инвалидов на квотируемые рабочие места путем выдачи соответствующих направлений работодателям.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Экибастуза Курманову А.А.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Аким города Экибастуза                     Н.Набиев.