Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010.05.07 N 3-05/74 хаты).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабы 7-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 5-2-тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабы 1-тармақшасына сәйкес, жұмыссыз ретінде тіркелген мүгедектерді жұмыспен қамту мәселесін шешуде әлеуметтік кепілдікпен қамтамасыз ету мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екібастұз өңірінің кәсіпорындары мен ұйымдарында (келісім бойынша) жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С.Ә.Арыстанов) жұмыс берушілерге тиісті жолдамалар беру жолымен квоталық жұмыс орындарына мүгедектердің жұмысқа орналасуларына ықпал етуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А.А.Құрмановаға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының әкімі Н. Нәбиев