Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 02 қарашадағы № 4/515 қаулысымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 22 қаңтардағы "Алматы қаласының Жер комиссиясы туралы" N 1/56 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізбесінде 770 нөмірімен тіркелді, 2008 жылғы 1 сәуірдегі N 41 "Вечерний Алматы" және 2008 жылғы 5 сәуірдегі N 38 "Алматы Ақшамы" газеттерінде жарияланды) келесі өзгертулер енгізілсін:
1-тармақтың күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланудан кейінгі он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | А. Есімов |