Алматы қаласының Жер комиссиясы туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 22 қаңтардағы N 1/56 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2008 жылғы 22 ақпанда N 770 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 02 қарашадағы № 4/515 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 02 қарашадағы № 4/515 қаулысымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. (1 тармақтың күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 22 қаңтардағы N 1/56 қаулысымен ).

      2. Алматы қаласының Жер комиссиясы туралы ережені және Алматы қаласының Жер комиссиясы қорытындысының үлгісін 2, 3 қосымшаларға сәйкес бекітсін.

      3. Алматы қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 17 маусымдағы "Алматы қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 12 сәуірдегі N 2/211 "Жер құқық қатынастарын реттеу салалары бойынша Алматы қаласының мемлекеттік өкілетті органдарының қызметі жайлы кейбір мәселелері туралы" қаулысына өзгертулер енгізу туралы" N 3/364 қаулысымен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2005 жылғы 12 шілдеде 665 нөмірімен тіркелді, 2005 жылғы 4 тамыздағы N 156 "Вечерний Алматы" және 2005 жылғы 23 шілдедегі N 83 "Алматы Ақшамы" газеттерінде жарияланды) және 2006 жылғы 3 қазандағы "Алматы қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 12 сәуірдегі N 2/211 "Жер құқық қатынастарын реттеу салалары бойынша Алматы қаласының мемлекеттік өкілетті органдарының қызметі жайлы кейбір мәселелері туралы" қаулысына өзгертулер енгізу туралы" N 6/1167 қаулысымен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2006 жылғы 2 қарашада 715 нөмірімен тіркелді, 2006 жылғы 7 желтоқсандағы N 236-238 "Вечерний Алматы" және 2006 жылғы 2 желтоқсандағы N 139 "Алматы Ақшамы" газеттерінде жарияланды), Алматы қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 10 қаңтардағы "Алматы қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 12 сәуірдегі N2/211 "Жер құқық қатынастарын реттеу салалары бойынша Алматы қаласының мемлекеттік өкілетті органдарының қызметі жайлы кейбір мәселелері туралы" қаулысына өзгертулер енгізу туралы" N 1/71 қаулысымен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2007 жылғы 24 қаңтарда 733 нөмірімен тіркелді, 2007 жылғы 15 ақпандағы N 33-36 "Вечерний Алматы" және 2007 жылғы 15 ақпандағы N 19 "Алматы Ақшамы" газеттерінде жарияланды) N 1/71 қаулысымен және Алматы қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 28 ақпандағы "Алматы қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 12 сәуірдегі N 2/211 "Жер құқық қатынастарын реттеу салалары бойынша Алматы қаласының мемлекеттік өкілетті органдарының қызметі жайлы кейбір мәселелері туралы" қаулысына өзгертулер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2007 жылғы 16 наурызда 740 нөмірімен тіркелді, 2007 жылғы 3 сәуірдегі N 75 "Вечерний Алматы" және 2007 жылғы 27 наурыздағы N 35 "Алматы Ақшамы" газеттерінде жарияланды) N 2/288 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен Алматы қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 12 сәуірдегі "Жер құқық қатынастарын реттеу салалары бойынша Алматы қаласының мемлекеттік өкілетті органдарының қызметі жайлы кейбір мәселелері туралы" N 2/211 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылы 20 мамырда 658 нөмірімен тіркелген, Вечерний Алматы" газетінде 2005 жылғы 2 маусымда және "Алматы ақшамы" газетінде 2005 жылғы 28 мамырдағы жарияланды) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы қаулы бірінші ресми жарияланудан кейінгі он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі И. Тасмағамбетов

  Алматы қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 22 қаңтардағы
N 1/56 қаулысына
1 қосымша

Алматы қаласының Жер комиссиясының
ҚҰРАМЫ

      Ескерту. 1 қосымшаның күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 22 қаңтардағы N 1/56 қаулысымен .

  Алматы қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 22 қаңтардағы
N 1/56 қаулысына
2 қосымша

Алматы қаласының Жер комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер

      1. Алматы қаласының Жер комиссиясы (одан әрі - Комиссия) жер учаскелеріне құқықтар беру, жер учаскелерін сату немесе жер учаскелеріне жалдау құқығын беру, жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту және Алматы қаласында мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алу, соның ішінде елді мекен жерлеріндегі жер учаскелерін ортақ пайдалану жерлеріне жатқызу, сонымен қатар жер учаскелерінің нысаналы мақсатының өзгеруіне байланысты оларды ортақ пайдалану жерлерінің құрамынан шығару жөніндегі Қазақстан Республикасының Жер кодексінің ережелерін орындау мақсатында құрылды.

      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңнаманы және осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссия құрамы

      3. Комиссия Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының қатарынан, Алматы қаласы жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы басқармалары, Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы және басқа да органдар мен ұйымдардың өкілдерінен құрылады.

      Комиссия құрамына Комиссия төрағасы, оның орынбасары, Комиссия мүшелері кіреді.

      Комиссияның төрағасы Алматы қаласы әкімінің орынбасары болады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы әкімдігінің 10.09.2015 № 3/541 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi); 06.09.2017 № 3/351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi) қаулыларымен.

      4. Комиссия мүшелерінің саны тақ сан болады және жеті адамнан кем болмауы тиіс.

      Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды және Комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы жоқ.

      Комиссия хатшысы хаттама жүргізуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы әкімдігінің 10.09.2015 № 3/541 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi); 06.09.2017 № 3/351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi) қаулыларымен.
      5. Комиссия отырысы аптасына бір рет шақырылуы тиіс.

      6. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру жолымен, көпшілік дауыстың берілуіне қарай қабылданады, ал бірдей дауыс берілген жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Егер дауыс беруге комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан көбісі қатысса, комиссия шешімдерінің заңды күші бар деп танылады.

      7. Комиссияның кезекті отырысының күн тәртібін құру, комиссия мүшелерін шақыру, комиссия қорытындысының жобасын дайындауды және басқа да шаралардың орындалуын Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасы қамтамасыз етеді.

3. Комиссияның міндеттері мен құқықтары

      8. Комиссияның міндеттері:

      1) жер учаскелеріне құқықтар беру, жер учаскелерін сату немесе жер учаскелеріне жалдау құқығын беру, жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту және мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алу туралы арыздарды қарайды;

      2) арызын қанағаттандыру туралы немесе қанағаттандырудан бас тарту туралы қорытындысын береді;

      3) Алматы қаласы Мәслихатымен бекітілген тізімге сәйкес, сауда-саттыққа қойылған жер учаскелерінің жалдау құқығын немесе нақты жер учаскелерін анықтайды.

      4) елді мекен жерлеріндегі жер учаскелерін ортақ пайдалану жерлеріне жатқызу, сонымен қатар жер учаскелерінің нысаналы мақсатының өзгеруіне байланысты оларды ортақ пайдалануға арналған жерлердің құрамынан шығаруға қатысты мәселелерді қарайды.

      Комиссияның құқықтары:

      1) жер учаскелерін сату және алу, беру мәселелері бойынша қажетті ақпараттарды азаматтардан және лауазымды адамдардан, мемлекеттік органдардан және басқа да мекемелерден сұрау және алу;

      2) жер учаскелерін сату және алу, беру туралы ұсыныстарды Алматы қаласы Әкімдігінің қарауына енгізу.

4. Комиссия төрағасының өкілеттігі

      9. Комиссия төрағасы:

      1) комиссия қызметіне басшылық жасайды;

      2) комиссия отырысын жүргізеді;

      3) комиссияның қорытындысын бекітеді.

      Комиссия төрағасы болмаған жағдайда, оның өкілеттігі Комиссия төрағасының орынбасарына жүктеледі.

5. Қорытынды ережелер

      10. Комиссия қорытындысы Алматы қаласы әкімдігінің тиісті қаулысының жобасын заңда белгіленген тәртіппен дайындау үшін негіз болып табылады.

  Алматы қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 22 қаңтардағы
N 1/56 қаулысына
3 қосымша

      Бекітемін:

      Утверждаю :

      Алматы қаласы әкімінің орынбасары,

      Алматы қаласының жер комиссиясының төрағасы

      Заместитель акима города Алматы,

      Председатель земельной комиссии города Алматы

      ___________________ Қ.Т. Сұлтанбеков

      200___ жылғы "___" _______________

Алматы қаласының Жер комиссиясының
ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЗАКЛЮЧЕНИЕ
Земельной комиссии города Алматы

      ________________________________________________арызына және

      (АЖӘА, заңды тұлғаның атауы, хаттың нөмірі)

      Алматы қаласы әкімдігінің 200__ жылғы "____"_______________

      N ____, тапсырмасына сәйкес________________________________

      (объектінің нысаналы бағыты)

      ___________________________________________________________

      (жер учаскесінің орналасқан жері)

      жер учаскесін беру туралы Жер комиссиясы берілген мәліметтерді

      қарап, жер учаскесін көрсетілген нысаналы мақсат бойынша

      беруге ______________________ деп есептейді.

      (болады немесе болмайды)

      Ескерту:___________________________________________________

      (жер учаскесін беру мүмкіндігі болмаған жағдайда заң

      нормасына сілтеме жасаумен бас тарту себептері)

      Согласно заявлению_________________________________________

      (Ф.И.О., наименование юридического лица,номер письма)

      и по поручению акимата города Алматы от "___" _____________

      200__ года N ____, Земельная комиссия, рассмотрев материалы о

      предоставлении земельного участка

      ___________________________________________________________

      (назначение объекта)

      ___________________________________________________________

      (место расположения земельного участка)

      считает_______________ предоставление земельного участка по

      (возможным или невозможным) указанному целевому назначению.

      Примечание:________________________________________________

      (причины, со ссылкой на норму закона, в случае

      невозможности предоставления земельного участка)

      КЕЛІСІЛДІ:

      СОГЛАСОВАНО:

Алматы қаласының Жер қатынастары
басқармасының бастығы

Начальник Управления земельных отношений города Алматы

Б. Торғаев

Алматы қаласының сәулет және қала
құрылысы Департаментiнiң директоры

Директор Департамента архитектуры и
градостроительства города Алматы





Я. Заяц

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің
Алматы облысы мен Алматы қаласы
бойынша өңіраралық жер инспекциясының
бастығы (келісім бойынша)

Ә. Бегманов

Алматы қалалық Мәслихатының депутаты
Депутат Алматинского городского
Маслихата

Т. Есболов

Алматы қалалық төтенше жағдайлар
саласындағы мемлекеттік бақылау
және қадағалау басқармасының
бастығы
Начальник Управления государствен-
ного контроля и надзора в области
чрезвычайных ситуаций города Алматы

О. Нақысбеков

Алматы қаласының мемлекеттiк
санитарлық-эпидемиологиялық бақылау
департаментiнiң директоры
Директор Департамента государствен-
ного санитарно-эпидемиологического
надзора города Алматы







Е. Дүрімбетов

Алматы қаласының мемлекеттік
сәулет-құрылысын бақылау
департаментінің директоры
Директор Департамента государствен-
ного архитектурно-строительного
контроля города Алматы

Қ. Қоңырбаев

Алматы қаласының құрылыс департамен-
тінің бастығының орынбасары
Заместитель директора Департамента
строительства города Алматы

Қ. Нұрқаділов

Алматы қаласының табиғат ресурстары
және табиғатты пайдалануды реттеу
Департаментінің директоры
Директор Департамента природных
ресурсов и регулирования
природопользования города Алматы






С. Мәкежанов

Алматы қалалық аумақтық қоршаған
ортаны қорғау басқармасының бастығы
Начальник Алматинского городского
управления охраны окружающей среды




Ғ.Сәдібеков

Балқаш-Алакөл бассейндік су
шаруашылығы басқармасы бастығының
орынбасары
Заместитель начальника
Балхаш-Алакольского бассейнового
водохозяйственного управления






Ж.Аманбаев

"Атамекен" кәсіпкерлер мен жұмыс
берушілердің жалпы ұлттық одағының
Алматы қаласындағы филиалының
директоры
Директор филиала в городе Алматы
Общенационального союза
предпринимателей и работодателей
"Атамекен"

Ә. Ыбыраев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады