Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 23.07.2015 № 347 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХХХ сессиясының "Жер учаскелері төлемдерінің базалық ставкаларының түзету коэффициенттерін және жерлерді бағамдық аймақтандыру шекараларын бекіту туралы" 2007 жылғы 5 маусымдағы N 351 (нормативтік құқық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 751 рет санымен 2007 жылдың 18 шілдесінде тіркелген, 2007 жылдың 4 тамызында "Алматы ақшамы" газетінің N 90 нөмірінде және 2007 жылдың 4 тамызында "Вечерний Алматы" газетінің N 195 нөмірінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген 1, 2 қосымшалар осы шешімнің 1 және 2 қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
IV сайланған Алматы
қаласы мәслихаты
кезектен тыс
XIІ сессиясының
төрағасы Б. Оспанов
IV сайланған Алматы
қаласы мәслихатының
хатшысы Т. Мұқашев
IV сайланған Алматы
қаласы мәслихатының
2008 жылғы 20 тамызындағы
кезектен тыс ХІI сессиясының
N 139 шешіміне 1 қосымша
Алматы қаласы бойынша жер телімдер төлемінің базалық
ставкаларына енгізілген түзету коэффициенттері
Бағалау аймағының сипаттамасы
Айма қ ты ң номері | Ә кімшілік аудандар ж ә не айма ққ а кіретін кадастр кварталдарыны ң номері | Т ү зету коэффициетнті |
---|---|---|
I | Алмалы (004-009, 016-018,042-043, 045-047) |
1,93 (2,0-1,85) |
II | Алмалы (001-003, 010-013) |
1,60 (1,84-1,34) |
III | Алмалы (019, 020-027, 041, 044, 046-048) |
1,03 (1,33-0,73) |
IV | Алмалы (028-040) |
0,63 (0,72-0,54) |
V | Жетісу (002, 006-013, 023-037, 043-060, 038-040) |
0,52 (0,53-0,50) |
IV сайланған Алматы
қаласы мәслихатының
2008 жылғы 20 тамызындағы
кезектен тыс ХІI сессиясының
N 139 шешіміне 2 қосымша
Алматы қаласының жер учаскелеріне
төлемақының базалық ставкаларына
түзету коэффициентін анықтау үшін жерді
бағалы аймақтарға бөлу шекаралары
РҚАО ескертуі: схеманың қағаз нұсқасын Алматы қ. қараңыз