IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХI сессиясының 2008 жылғы 2 шілдедегі N 118 "Алматы қаласында жануарларды ұстау Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХІІ сессиясының 2008 жылғы 10 қазандағы N 150 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2008 жылғы 21 қазанда N 798 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2013 жылғы 28 тамыздағы № 167 шешімімен

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Алматы қаласы мәслихатының 2012.09.14 № 56 шешімімен күші жойылуы көзделген (01.01.2013 бастап күшіне енеді).
      Күшін жою туралы шешімнің күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2012.12.12 № 86 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 28.08.2013 N  167 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 7 бабының 1 тармағына сәйкес ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХI сессиясының "Алматы қаласында жануарларды ұстау Ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 2 шілдедегі N 118 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 787 рет санымен 2008 жылдың 14 тамызында тіркелген, 2008 жылдың 28 тамызында "Алматы ақшамы" газетінің N 98 нөмірінде және 2008 жылдың 30 тамызында "Вечерний Алматы" газетінің N 104-105 нөмірлерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:      
      көрсетілген шешімімен бекітілген Алматы қаласында жануарларды ұстау Ережесіне:      
      7 тармақ келесі мәтіндегі абзацпен толықтырылсын "Иттер мен мысықтардың санын реттеу оларды иелерінің қалауы бойынша олардың есебінен ветеринарлық емханаларда зарарсыздандыру арқылы жүзеге асырылады";      
      22 тармақ алынып тасталсын;      
      17 тармақтың 7 тармақшасындағы үшінші абзац алынып тасталсын;
      5 тараудың тақырыбы жаңа редакциядағы келесі мазмұнда жазылсын:
      "5 тарау. Алматы қаласында жануарларды ұстау Ережесінің орындалуы";      
      33 тармақта:
      "Пәтер иелері кооперативі, тұрғын үй кооперативі, жеке жайлар иелері кооперативі, кондоминиумдар:" сөздері "Осы Ережелерді сақтауға өкілетті органдарға жәрдемдесу мақсатында пәтер иелері кооперативтері, тұрғын үй кооперативтері, жеке жайлар иелері кооперативтері, кондоминиумдар:" сөздерімен ауыстырылсын;      
      1 тармақша жаңа редакциядағы келесі мазмұнда жазылсын:
      "1) өз қарамағындағы үйлерде пәтер иелері ұстайтын жануарлардың саны туралы мәліметтерді жинайды және оларды тіркеуді жүзеге асыру үшін өкілетті органдарға (тіркеу органдарына) береді;".      
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      IV сайланған Алматы қаласы
      мәслихаты XІII сессиясының
      төрағасы                                   Б. Оспанов

      ІV сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының хатшысы                       Т. Мұқашев

О внесении изменений и дополнений в решение XI-й сессии маслихата города Алматы IV-го созыва от 2 июля 2008 года N 118 "Об утверждении Правил содержания животных в городе Алматы"

Решение ХIII-й сессии маслихата города Алматы IV-го созыва от 10 октября 2008 года N 150. Зарегистрировано в Департаменте юстиции города Алматы 21 ноября 2008 года за N 798. Утратило силу решением маслихата города Алматы от 28 августа 2013 года N 167

      Примечание РЦПИ:
      Утрачивает силу решением Маслихата города Алматы от 14.09.2012 № 56 (вступает в силу с 01.01.2013).
      Решение об утрате силы отменено решением Маслихата города Алматы от 12.12.2012 № 86.
      Утратило силу решением маслихата города Алматы от 28.08.2013 N 167.

      В соответствии с пунктом 1 cтатьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении в Республике Казахстан" маслихат города Алматы IV-го созыва РЕШИЛ:
      1. Внести в решение XI-й сессии маслихата города Алматы IV-го созыва "Об утверждении Правил содержания животных в городе Алматы" от 2 июля 2008 года N 118 (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 787 от 14 августа 2008 года, опубликовано 28 августа 2008 года в газете "Алматы Ақшамы" N 98 и 30 августа 2008 года в газете "Вечерний Алматы" N 104-105) следующее изменение и дополнение:
      в Правилах содержания животных в городе Алматы, утвержденных указанным решением:
      пункт 7 дополнить абзацем следующего содержания "Стерилизация собак и кошек производится в ветеринарных клиниках за счет владельцев животных.";
      пункт 22 исключить;
      в подпункте 7 пункта 17 третий абзац исключить;
       заголовок главы 5 изложить в новой редакции следующего содержания:
      "Глава 5. Соблюдение Правил содержания животных в городе Алматы";
      в пункте 33:
      слова "Кооперативы собственников квартир, жилищные кооперативы, кооперативы собственников помещений, кондоминиумы:" заменить словами: "В целях оказания содействия уполномоченным органам за соблюдением настоящих Правил кооперативы собственников квартир, жилищные кооперативы, кооперативы собственников помещений, кондоминиумы:";
      подпункт 1 изложить в новой редакции следующего содержания:
      "1) собирают и передают уполномоченному органу (регистрирующему органу) сведения о количестве животных содержащихся собственниками квартир в подведомственных им домах, для осуществления их регистрации;".
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель ХIII-й сессии
      маслихата города Алматы
      IV-го созыва                       Б. Оспанов

      Секретарь маслихата
      города Алматы IV-го созыва         Т. Мукашев