"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы 27 бабы 2 тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңы 28 бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысында мүгедектер үшін әлеуметтік жұмыс орындарын квоталаудың ережесін бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2005 жылғы 22 қазандағы N 241
қаулысына
(2005 жылғы 15 қараша Солтүстік Қазақстан өңірлік мемлекеттік тіркеу тізілімінің бөлімшесінде N 1603 тіркелді, 2005 жылғы 25 қараша "Солтүстік Қазақстан" газетінде, 2005 жылғы 25 қараша "Северный Казахстан" газетінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2 тармақта "департамент" деген сөз "басқармасы" деген сөзбен ауыстырылсын;
4 тармақта "облыс әкімінің орынбасары Ж.Ы. Омаровқа" деген сөздер "облыс әкімінің бірінші орынбасары М.К. Мырзалинға" деген сөздермен ауыстырылсын;
аталған қаулымен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысында мүгедектер үшін әлеуметтік жұмыс орындарын квоталау ережесінде:
9 тармақта "жеке" деген сөз алынып тасталсын;
11 тармақта "департаментіне" деген сөз "басқармасына" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі С. Біләлов