Солтүстiк Қазақстан облысында мүгедектер үшiн жұмыс орындарын квоталау ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 22 қазандағы N 241 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2005 жылғы 15 қарашада N 1603 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 4 наурыздағы N 45 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi N 39 Заңы 31 бабы 1) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңы 7 бабы 5-2) тармақшасына сәйкес мүгедектер үшiн жұмыс орындарын квоталау кезiнде бiрегей жағдайлар белгiлеу мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Солтүстiк Қазақстан облысында мүгедектер үшiн жұмыс орындарын квоталаудың қоса берiлген Ережесi (бұдан әрi -Ереже) бекiтiлсiн.
      2. Солтүстiк Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы Ереженi iске асыру жөнiндегi ұйымдастыру және әдiстемелiк жұмыстарды жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
      Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 12 тамыздағы N 239 қаулысымен.
      3. Аудандар мен Петропавл қаласының әкiмдiктерi аталған Ереженi iске асыру үшiн қажеттi жағдайлар жасасын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бірінші орынбасары М.К. Мырзалинға жүктелсiн.
      Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 12 тамыздағы N 239 қаулысымен.

      Облыс әкiмi

Солтүстiк Қазақстан облысы  
әкiмдiгiнiң 2005 жылғы 22 қазандағы
N 241 қаулысымен бекiтiлген 

Солтүстiк Қазақстан облысында
мүгедектер үшiн жұмыс орындарын
квоталау ережесi

      Солтүстiк Қазақстан облысында мүгедектер үшiн жұмыс орындарын квоталаудың осы Ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Халықты жұмыспен қамту туралы" және "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес мүгедектер үшiн жұмыс орындары квотасын белгiлеу тәртiбiн айқындайды және әлеуметтiк қорғауға аса мұқтаж мүгедектердi жұмыспен қамту кепiлдiктерiн бекiтедi.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар мынадай:
      1) мүгедек- тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiлiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған адам;
      2) жұмыс берушi- қызметкер онымен еңбек қатынастарында тұрған заңды немесе жеке тұлға;
      3) жұмыспен қамту мәселесi жөнiндегi уәкiлеттi орган - жергiлiктi атқарушы органдардың жергiлiктi деңгейде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудi және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшелерi;
      2. Мүгедектердi жұмыспен қамтуға жәрдем көрсету және жұмысқа қабылдау мақсатында жұмыс берушiлерде жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарының квотасы белгiленедi.

2. Квоталау жағдайлары мен тәртiбi

      3. Мүгедектер үшiн жұмыс орындарының квотасы белгiленетiн жұмыс берушiлердi айқындау жөнiндегi ұсыныстарды жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдар өңiрдегi жұмыс күшiне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау негiзiнде әзiрлейдi.
      4. Жергiлiктi атқарушы органдар жұмыспен қамту мәселесi жөнiндегi уәкiлеттi органдар ұсынған ұсыныстар негiзiнде квота белгiленетiн жұмыс берушiлер тiзбесiн тиiстi қаулылармен бекiтедi. Осындай тiзбеге жыл сайын түзетулер енгiзiледi.
      5. Мүгедектер үшiн жұмыс орындары квотасы белгiленетiн жұмыс берушiлердi айқындау кезiнде жұмыс орындарының жалпы саны, қысқартылған жұмыс уақыты жағдайларында жұмыс ұйымдастыру мүмкiндiгi, сондай-ақ жұмыс берушiнiң қызмет түрi, жұмыс жағдайлары мен қаржы мүмкiндiктерi ескерiледi.
      6. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдар тiзбе бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде оның бекiтiлгенi туралы жұмыс берушiлердi хабардар етедi.
      7. Жұмыс берушiлер белгiленген квотаға сәйкес мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшiн қажеттi жұмыс орындарын бөледi.
      8. Мүгедектердi жұмыс орындарына квота бойынша жұмысқа орналастыру жұмыспен қамту мәселесi жөнiндегi уәкiлеттi органның жолдамасы бойынша жүргiзiледi.

3. Жұмыс берушiлердiң мүгедектердi
жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге қатысуы

      9. Жұмыс берушiлер жұмыспен қамту мәселесi жөнiндегi уәкiлеттi органдар жiберген мүгедектердi жұмысқа белгiленген квотаға сәйкес қабылдайды, еңбек заңнамасына сәйкес олармен еңбек шарттарын жасасады.
      Ескерту: 9-тармақ өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 12 тамыздағы N 239 қаулысы
      10. Жұмыс берушiлер жұмыспен қамту мәселесi жөнiндегi уәкiлеттi органға мынадай ақпаратты ұсынады:
      белгiленген квота шеңберiнде бөлiнген, босатылатын жұмыс орындары туралы;
      квота есебiнен бөлiнген жұмыс орындарының толықтырылуы жөнiндегi.

4. Квоталаудың сақталуын бақылау

      11. Мүгедектер үшiн жұмыс орындарын квоталау жөнiндегi жұмысты үйлестiрудi iске асыру үшiн жұмыспен қамту мәселесi жөнiндегi уәкiлеттi органдар квоталанатын жұмыс орындарын толтыру туралы мәлiметтердi есеп беруден кейiнгi кейiнгi келесi айдың бiрiншi күнi ай сайын Солтүстiк Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасына ұсынады.
       Ескерту: 11-тармақ өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 12 тамыздағы N 239 қаулысы
      12. Квота есебiне бөлiнген жұмыс орындарының толықтырылу мониторингiнi жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдар жүзеге асырады.
      13. Мүгедектер үшiн жұмыс орындарын квоталаудың орындалуын қадағалау заңнамада белгiленген тәртiппен тиiстi мемлекеттiк органдар арқылы жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады