Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2009.06.15 N 662 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" 149 Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік-құқықтық актілер туралы" 213-І Заңының 28-бабына, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 28 наурыздағы "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2001 жылғы 19 шілдедегі "Қоғамдық жұмыстарды, жұмыссыздардың кәсіби дайындығын, біліктілігін арттыру және қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі ережені бекіту туралы" 38 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 57 қаулысының 7-тармағы 21) тармақшасына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қала әкімдігінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы "Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" 2083 қаулысына (2008 жылғы 22 қаңтардағы мемлекеттік тізілімде тіркелген 13-1-110, "Проспект СК" газетінің 2008 жылғы 8 ақпандағы 7 саны, "Қызылжар нұры" газетінің 2008 жылғы 8 ақпандағы 6 саны) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Аталған қаулымен бекітілген "Қоғамдық жұмыстардың түрлері бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері, еңбекақы мөлшерлері" қосымшасында;
1) "Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі" 8 жолда "Ай сайынғы жұмыс орындары" бағаны "50" саны "55" санымен ауыстырылсын;
2) мына мазмұндағы 10 жолмен толықтырылсын:
"Кәсіпорынның атауы" бағаны "10. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитеті" мемлекеттік мекемесі" сөздерімен;
"Ай сайынғы жұмыс орындары" бағаны "42" санымен;
"Қоғамдық жұмыстардың түрлері" бағаны "Халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту және жеделдету мақсатында деректер базасын жасауға көмектесу, салық төлеу бойынша хабарландыру тапсыру" сөздерімен;
"Разряды" бағаны "G-14" сөздерімен;
"Коффициенті" бағаны "1,43" санымен.
3) мына мазмұндағы 11 жолмен толықтырылсын:
"Кәсіпорынның атауы" бағаны "11. "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі" сөздерімен;
"Ай сайынғы жұмыс орындары" бағаны "5" санымен;
"Қоғамдық жұмыстардың түрлері" бағаны "Республикалық және өңірлік қоғамдық науқандар жүргізуге қатысу (жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша статистикалық зерттеулер)" сөздерімен;
"Разряды" бағаны "G-14" сөздерімен;
"Коффициенті" бағаны "1,43" санымен.
4) "Жиынтығы" жолдағы "Ай сайынғы жұмыс орындары" бағанындағы "280" саны "332" санымен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ә. З. Сәрсембаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарыққа шыққан күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Қала әкімі