"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 13 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Петропавл қаласы ономастика комиссиясының шешімі, түсініктеме хаты, экономикалық есептеулер негізінде, Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ АЛДЫ және Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :
1.Қаланың мына көшелерiнiң атаулары өзгертілсін:
1) Каманин көшесі Астана көшесіне
2) 5-линия көшесі Нель Болатбаевтың көшесіне
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ә.З. Сәрсембаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы рет баспасөзде ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.
Қала әкімі м.а. Т.Құлжанова
Петропавл қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы А. Фомин
Петропавл қалалық
мәслихат хатшысы Р. Сыздықов