Петропавл қаласы көшелерінің атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің және мәслихатының 2008 жылғы 19 маусымдағы N 1123 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 15 шілдеде N 13-1-118 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 13 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Петропавл қаласы ономастика комиссиясының шешімі, түсініктеме хаты, экономикалық есептеулер негізінде, Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ АЛДЫ және Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :

      1.Қаланың мына көшелерiнiң атаулары өзгертілсін:
      1) Каманин көшесі Астана көшесіне
      2) 5-линия көшесі Нель Болатбаевтың көшесіне

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ә.З. Сәрсембаевқа жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы рет баспасөзде ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.

     Қала әкімі м.а.                    Т.Құлжанова
     Петропавл қалалық мәслихат
     сессиясының төрағасы               А. Фомин
     Петропавл қалалық
     мәслихат хатшысы                  Р. Сыздықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады