Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігінің 2009.08.14 N 197 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабының 2, 3-тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету Тізімі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің Үлгі стандартын бекіту туралы» № 558 қаулысының 2-тармағы негізінде және мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жоғарлату мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қара мал жөніндегі мәліметтер» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
2. Аудан әкімінің қүқықтық мәселелері жөніндегі кеңесшісі (Галиаскарова А.В.) осы қаулының Айыртау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Н. Кислинаға жүктелсін.
4. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е. Айнабеков
Айыртау ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 20 тамыздағы
№ 233 қаулысымен бекітілген
«Қара мал жөніндегі мәліметтер» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы мемлекеттік қызмет қара мал жөніндегі мәліметтерді анықтайды (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148-11 Заңының 35-бабының 1-тармағының 16) тармақшасы - «Статистикалық шаруашылық есеп жүргізу», Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы «Мемлекеттік статистика туралы» № 98-1 Заңы негізінде жүзеге асырылады - «Ауылдық (селолық) округ, ауыл (село) әкімдері шаруашылық кітаптарына тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастырады».
4. Осы мемлекеттік қызметті селолық округ әкімінің аппараттары (әрі қарай - мемлекеттік орган) көрсетеді, осы стандарттың
1-қосымшасында көрсетілген.
5. Мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны болып қосалқы шаруашылығының бар екендігі туралы анықтама беру болып табылады.
6.Мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
1) селолық жерлерде тұратын жеке тұлғаларға (әрі қарай - тұтынушы);
2) тұрғылықты жерінен басқа жерде қосалқы шаруашылығы бар жеке тұлғаларға (әрі қарай - тұтынушы).
7. Мемлекеттік қызмет келесі мерзімде көрсетіледі:
1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі қажетті құжаттарды өткізгеннен кейін: бір жұмыс күні мерзімінде;
2) қажет құжаттарды қалыптасқан электронды сұрауға тапсырғанда ең көп берілген күту уақыты: 40 минуттан көп емес;
3) құжат алу үшін кезекте тұрудың ең көп уақыты: 10 минуттан көп емес;
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет тәртібі туралы ақпарат ресми ақпараттық көздерінде корсету стандарты, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері мемлекеттік органдардың стенділерінде орналасқан, сондай-ақ Айыртау ауданы әкімінің аппаратының арнайы сайтында: airtay-akimat@mail.kz.
10. Жұмыс уақыты: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00.-ден 18.00.-дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Қабылдау кезекпен, алдын-ала жазылусыз және тез қызмет көрсетіледі.
11. Осы мемлекеттік қызмет көрсетілетін мемлекеттік органдардың ғимараттарында күту залы, құжаттарды толтыру үшін орындар, қажетті құжаттар тізімі мен оларды толтыру үлгілері жабдықталған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін ұсынылады:
1) өтініш иесінің жеке куәлігінің көшірмесі;
2) Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігінің агро өнеркәсіптік кешенінде мемлекеттік инспекция Комитетінің Айыртау аудандық аумақтық инспекциясымен берілген ауылшаруашылық малдарына ветеринарлық төлқұжат (көшірмесі), мына мекен-жайда: 150100, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, Озерная көшесі, 4, телефон 8 (71533) 21154, 8 (71533) 20044, электронды пошта: airtay-akimat@mail.kz.
13. Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін керекті өтініштің бланктерін толтыру қажет етпейді.
14. Осы стандарттың 12-тармағында атап өтілген құжаттар осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілгендей мемлекеттік органдарға өткізіледі.
15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттарды тапсырғаннан соң өтінішті қабылдаған маманның аты-жөні, қабылдаған мерзімі көрсетілген талон беріледі.
16. Анықтаманы дайындығы туралы өтініш иесі мемлекеттік органдарының мамандарымен телефон арқылы немесе өзі жеке барғанда ала алады.
17. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуы мүмкін:
1) осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін тұтынушы ұсынбаған жағдайда;
2) ұсынылған құжаттардың сәйкес келмеуі.
3. Жұмыс қағидаттары
18. Мемлекеттік органдардың қызметтері адамның конституциялық құқықтары мен заңдарын, қызметтік міндеттерін орындауда заңдылықтарды сақтауға негізделеді және сыпайылық түрде жүзеге асырылады, жеткілікті ақпарат ұсыну, оны сақтауды, қорғауды және таралмауын қамтамасыз ету.
4. Жұмыс нәтижелері
19. Мемлекеттік органдар жұмысының нәтижелері тұтынушыларға осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдарының жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құралған жұмыс топтары бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі
21. Мемлекеттік қызметті көрсетуде селолық округ әкімі аппараттарының мамандарының әрекетіне (әрекетсіз) шағымдану аудан әкімінің, селолық округ әкімінің атына жазбаша түрде пошта арқылы немесе қолма-қол осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекен-жай бойынша селолық округ әкімі аппаратының қабылдау бөлмесіне және аудан әкімі аппаратының жалпы бөліміне мына мекен-жай бойынша тапсырылады: «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 150100, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, Ш.Уәлиханов көшесі, 44, телефон 8(71533) 22648, электронды пошта: airtay-akimat@mail.kz.
22. Шағымдар осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекен-жай бойынша селолық округ әкімі аппараттарының қабылдау бөлмесі арқылы немесе аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімі арқылы мына мекен-жай бойынша қабылданады: «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 150100, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, Ш.Уәлиханов көшесі, 44, телефон 8(71533) 22648, электронды пошта: airtay-akimat@mail.kz.
23. Қабылданған шағым азаматтардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі және заңдылықпен белгіленген уақытында қаралады.
Шағымдарды қарау барысын шағымды қабылдаған мемлекеттік органның телефоны арқылы білуге болады.
Шағымдарды қарау нәтижелері туралы өтініш иесіне жазбаша түрде пошта арқылы немесе жеке қабылдауда болуымен хабарланады.
Таласты сұрақтар азаматтық соттық іс жүргізу тәртібімен шешіледі.
6. Байланыс ақпараты
24. Мемлекеттік қызмет ұсынуға жауапты мемлекеттік органдардың мамандарының мекен-жайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
25. Мекен-жайы:«Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 150100, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, Ш.Уәлиханов көшесі, 44, қабылдау бөлмесінің телефоны (871533)21102, электрондық мекен-жайы: airtay-akimat@mail.kz
«Қара мал жөніндегі мәліметтер»
мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына 1-қосымша
№ |
Мемлекеттік орган атауы |
Мемлекеттік органның мекен-жайы |
Телефоны |
1 |
«Антонов селолық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
150100, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Антоновка селосы |
8(71533)26117 8(71533)26332 |
2 |
«Арықбалық селолық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
150103, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Арықбалық селосы |
8(71533)41140 8(71533)41141 |
3 |
«Володар селолық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
150100, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл селосы, М.Янко көшесі 19 үй |
8(71533)21153 8(71533)21857 |
4 |
«Гусаковка селолық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
150105, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Гусаковка селосы |
8(71533)48444 8(71533)48217 |
5 |
«Елецкий селолық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
150100, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Елецкое селосы |
8(71533)29634 |
6 |
«Жетікөл селолық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
150100, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкол селосы, Ш.Уәлиханов көшесі, Березовая көшесі, 16 үй |
8(71533)21186 |
7 |
«Имантау селолық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
150107, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Имантау селосы |
8(71533)45668 8(71533)45543 |
8 |
«Казанка селолық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
150108, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Казанка селосы |
8(71533)23148 |
9 |
«Қамсақты селолық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
150114, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Карасевка селосы |
8(71533)25332 |
10 |
«Қаратал селолық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
150117, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Қаратал селосы |
8(71533)29323 |
11 |
«Константиновка селолық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
150111, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Константиновка селосы |
8(71533)45174 |
12 |
«Лобанов селолық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
150115, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Лобаново селосы |
8(71533)46244 8(71533)46288 |
13 |
«Нижнебурлук селолық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
150116, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Нижнебурлук селосы |
8(71533)48444 |
14 |
«Сырымбет селолық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
150121, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Сырымбет селосы |
8(71533)28123 |
15 |
«Украин селолық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
150110, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Кирилловка селосы |
8(71533)24182 8(71533)24197 |
«Қара мал жөніндегі мәліметтер»
мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына 2-қосымша
Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа мен қол жетімділіктің көрсеткіштері |
Көрсеткіш- |
Келесі жылы көрсеткіш- |
Есептік жылы көрсеткіш- |
1. Уақыттылығы |
|||
1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсетуді ұсыну оқиғасының % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
1.2. Қызмет көрсетуді алу үшін кезекте 40 минуттан артық емес күткен тұтынушылардың % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
2. Сапасы |
|||
2.1. Қызмет көрсетуді ұсыну сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
2.2. Лауазымды тұлғамен дұрыс ресімделген құжаттардың оқиғаларының % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
3. Қол жетімділік |
|||
3.1. Қызмет көрсетуді ұсыну тәртібі туралы сапамен және ақпаратпен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
3.2. Тұтынушымен дұрыс толтырылған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
3.3. Ақпараты Интернет арқылы қолжетімді қызмет көрсетудің % (үлесі) |
0 |
0 |
0 |
4. Шағымдану үдерісі |
|||
4.1. Қызмет көрсетудің аталмыш түрі бойынша қызмет көрсетілген тұрғындардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі) |
0 |
0 |
0 |
4.2. Белгіленген мерзімде қарастырылған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібімен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
4.4. Шағымданудың мерзімімен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
5. Сыпайылық |
|||
5.1. Қызметкерлер- |
100 |
100 |
100 |