Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 26.09.2024 № 174 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына және 2-тармағына, "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауын реформалау және дамыту туралы мемлекеттік бағдарламасы" 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 1438 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығының 3-тармағына, "2005-2010 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтауын реформалау және дамыту туралы мемлекеттік бағдарламасы" Солтүстік Қазақстан облыс әкімдігінің 2005 жылғы 19 қаңтардагы № 11 қаулысына, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 20 сәуіріндегі № 107 қаулысымен бекітілген "2005-2007 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының емдеу-сақтандыру үйымдарының медициналық кадрлармен қамтамасыз ету бағдарламасы" 5-тармағы, 5.1) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Медициналық білімі бар жэне Ақжар ауданына жұмыс істеуге келген жас мамандарға бірыңғай әлеуметтік көмек төлемін тағайындау туралы" (Ақжар ауданының әділет басқармасында 2007 жылғы 29 тамызында № 13-4-48 тіркелген) аудан әкімдігінің 2007 жылғы 18 шілдедегі № 243 қаулысына төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
18 шілдедегі № 243 қаулысының атауында "жас" деген сөзі шығарылсын;
қаулысының 1, 4 тармағында "жас" деген сөзі шығарылсын;
2-тармағы 4) тармақшасын "жас мамандарға" деген сөзбен толықтырылсын;
2-тармағы 7) тармақшасы "еңбек шартының көшірмесі" сөзімен толықтырылсын.
2. Осы қаулы оның бірінші рет ресми жарияланған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ. Пшенбаев |