"Медициналық білімі бар және Ақжар ауданына жұмыс істеуге келген жас мамандарға бірынғай әлеуметтік көмек төлемін тағайындау туралы" аудан әкімдігінің 2007 жылғы 18 шілдедегі N 243 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі N 136 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 27 мамырда N 13-4-71 тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 174 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 26.09.2024 № 174 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына және 2-тармағына, "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауын реформалау және дамыту туралы мемлекеттік бағдарламасы" 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 1438 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығының 3-тармағына, "2005-2010 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтауын реформалау және дамыту туралы мемлекеттік бағдарламасы" Солтүстік Қазақстан облыс әкімдігінің 2005 жылғы 19 қаңтардагы № 11 қаулысына, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 20 сәуіріндегі № 107 қаулысымен бекітілген "2005-2007 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының емдеу-сақтандыру үйымдарының медициналық кадрлармен қамтамасыз ету бағдарламасы" 5-тармағы, 5.1) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Медициналық білімі бар жэне Ақжар ауданына жұмыс істеуге келген жас мамандарға бірыңғай әлеуметтік көмек төлемін тағайындау туралы" (Ақжар ауданының әділет басқармасында 2007 жылғы 29 тамызында № 13-4-48 тіркелген) аудан әкімдігінің 2007 жылғы 18 шілдедегі № 243 қаулысына төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      18 шілдедегі № 243 қаулысының атауында "жас" деген сөзі шығарылсын;

      қаулысының 1, 4 тармағында "жас" деген сөзі шығарылсын;

      2-тармағы 4) тармақшасын "жас мамандарға" деген сөзбен толықтырылсын;

      2-тармағы 7) тармақшасы "еңбек шартының көшірмесі" сөзімен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы оның бірінші рет ресми жарияланған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

Қ. Пшенбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады