Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкімдігінің 2009.10.16 N 250 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы қарашадағы № 107 «Әкімдіктің әс жосықтары туралы» Заңының 1, 9-1, 15-1 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы», № 561 «Жеке заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» қаулыларына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді жасау үшін қорғаншылар мен қамқоршылар кеңесінің шешіміне анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Алтыншаш Жұлдызбекқызы Тайшабаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Әділет басқармасына тіркеу үшін жіберілсін.
4. Осы қаулы ресми жарияланған кезден бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М. Тасмағанбетов
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімдігінің
2008 жылдың 28 наурызындағы
№ 78 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты «Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді жасау үшін қорғаншылар мен қамқоршылар кеңесінің шешіміне анықтама беру»
1. Осы мемлекеттік қызмет тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді жасау үшін қорғаншылар мен қамқоршылар кеңесінің шешіміне анықтама беру тәртібін анықтайды.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: Ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 22, 23, 24-баптары, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 13-бабы 3 тармағы, Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының 114-бабы, Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының 58-бабы 3 тармағы 1998 жылғы 17 желтоқсандағы № 321, Қазақстан Республикасының «Бала құқықтары туралы» Заңының 14-бабы 1 тармағы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі № 1346 қаулысының 1-бабы 6 тармағы «Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы және Патронат туралы ережелерді және Ата–анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталандырылған есепке алуды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» негізінде жүзеге асырылады.
4. Осы мемлекеттік қызметі Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі көрсетеді. Қызмет көрсету орны: Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Новоишим селосы, Мектеп, көшесі 19.
5. Мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны болып тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді жасау үшін қорғаншылар мен қамқоршылар кеңесінің шешіміне анықтаманы беру болып табылады (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет келесі мерзімде көрсетіледі:
1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі қажетті құжаттарды өткізгеннен кейін: он күннен көп емес мерзімде көрсетіледі;
2) қажет құжаттарды қалыптасқан электронды сұрауға тапсырғанда ең көп берілген күту уақыты: отыз минөттан көп емес;
3) құжат алу үшін кезекте тұрудың ең көп уақыты: отыз минөттан көп емес;
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет тәртібі туралы ақпарат ресми ақпараттық көздерінде көрсету стандарты Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратының залындағы тақтада орналасқан.
10. Мемлекеттік қызмет дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма сағат 9.00-ден 18.00-дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-дейін көрсетіледі. Қабылдау кезекпен, алдын ала жазылусыз және тез қызмет көрсетіледі.
11. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі үшінші қабатта ұсынылады. Құжаттарды даярлау үшін ақпараттық тақталар, күту залында орындықтар, үстелдер орналасқан.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі.
12. Қорғаншылар мен қамқоршылар кеңесінің шешіміне анықтама алу үшін ұсынылады:
осы стандарттың № 3 қосымшасына сәйкес өтініш берушінің - кәмелетке толмаған баланың қамқоршысының, қорғаншысының, патронат тәрбиешісінің өтініші;
өтініш берушінің жеке куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі;
баланың (балалардың; 10 жастағы және одан үлкен (18 жасқа дейінгі) балалардың өзінің болуы) туу туралы куәлігі;
пәтер құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері (келісім-шарт, жылжымайтын мүлік құқықтарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, пәтердің техникалық төлқұжаты, үй кітабы);
басқа да құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі (ажырасу куәлігі, қайтыс болу туралы, некелік қатынаста болмағанын растайтын құжат; баланың некеден тыс туылғаны жөнінде анықтама);
өтініш берушінің нотариалды расталған кепілді мүлікке өтініші.
13. Керекті өтініштің бланктері Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қабылдау бөлмесіндегі маманда сақталады.
14. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажет құжаттар Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің маманына тапсырылады, мекен-жайы: Новоишимское селосы, Мектеп көшесі 19, № 2-ші бөлме.
15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттарды тапсырғанын растайтын орындалу мерзімі көрсетілген талон беріледі.
16. Анықтама беру электрондық почта, сайт арқылы жүзеге асырылмайды. Анықтама жеке барғанда береді.
17. Осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін тұтынушы ұсынбаған жағдайда, білім бөлімі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуы мүмкін, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаға тиесілі тұрғын үй алаңын ауыстыру немесе сату нәтижесінде оның құқықтары мен мүддесін бұзған жағдайда.
Білім бөлімі бас тарту себебін алған соң өтініш берушіге оларды алған соң бір жұмыс күні ішінде хабардар өтеді және бас тарту себептерін жазбаша негіздері беріледі.
18. Білім бөлімінің қызметі:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау;
2. сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру;
3. көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;
4. белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
5. сыпайы және әдепті болу қағидаларына негіздемелері.
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді (қосымшаға сәйкес).
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құралған жұмыс топтары бекітеді.
21. Мемлекеттік қызметті көрсетуде лауазымды адамдардың әрекетіне шағымдану Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына тапсырылады, мекен-жайы: Новоишимское селосы, Мектеп көшесі 19, № 1, № 3 кабинет, телефон: 22-3-78, 22-3-33, электронды пошта: gm.roo @ mail.ru
«Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, мына мекен-жайы: Новоишимское селосы, Абылай хан көшесі 28;
«Солтүстік Қазақстан облысы Білім департаменті» мемлекеттік мекемесі, мына мекен-жайы: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституция көшесі 58;
«Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті» мемлекеттік мекемесі, мына мекен-жайы: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституция көшесі 60.
22. Шағымды жазбаша түрде пошта арқылы немесе өзінің келуімен Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің маманы қабылдайды, мекен-жайы:
Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишимское селосы, Мектеп көшесі 19, № 1, 5 кабинет, телефон: 22-3-78, 22-3-33, электронды пошта: gm.roo @ mail.ru жоғары тұрған ұйымдар.
23. Қабылданған шағым белгіленген Заңнамалық мерзімде азаматтардың үндеулерін тіркейтін журналға тіркеледі.
Өтініш берушіге арыздың қаралуының қорытындысы туралы жазбаша хабарланады.
24. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің байланыс деректері, мекен-жайы: Новоишимское селосы, Мектеп көшесі 19, электронды пошта: gm.roo @ mail.ru
Мекеменің бастығы: телефон 22-3-78, № 1 кабинеті;
Бастықтың орынбасары: телефон 22-3-33, № 5 кабинеті;
«Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, мына мекен-жайы: Новоишим селосы, Абылай хан көшесі 28;
«Солтүстік Қазақстан облысы Білім департаменті» мемлекеттік мекемесі, мына мекен-жайы: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституция көшесі 58;
«Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті» мемлекеттік мекемесі, мына мекен-жайы: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституция көшесі 60.
25. Қосымша ақпарат алу Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөліміне хабарласу керек. Мына мекен-жайы бойынша: Новоишим селосы, Мектеп көшесі 19.
Мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына қосымша
Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері |
Көрсет- |
Көрсеткіш- |
Көрсеткіш-тің есепті жылдағы ағымдағы мәні |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылығы |
|||
1.1. құжаттарды |
85 |
65 |
53 |
1.2. қызмет алуды |
85 |
55 |
47 |
2. Сапасы |
|||
2.1. қызметті ұсыну |
85 |
80 |
73 |
2.2. құжаттарды |
95 |
85 |
80 |
3. Қол жетімділік |
|||
3.1. қызметті ұсыну |
95 |
85 |
80 |
3.2. тұтынушы құжаттарды |
95 |
85 |
80 |
3.3. интернет арқылы қол |
0 |
0 |
0 |
4. Шағымдану үдерісі |
|||
4.1. қызметтің осы түрі |
5 |
15 |
20 |
4.2. белгіленген |
85 |
45 |
33 |
4.3. шағымданудың |
- |
- |
67 |
4.4. шағымдану мерзіміне |
- |
- |
67 |
5. Сыпайылық |
|||
5.1. қызметкерлердің |
95 |
85 |
80 |