Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2010.02.10 N 25/158 Шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 3-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 43-бабы 1-тармағын жүзеге асыру мақсатында аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Аудандық мәслихаттың 2001 жылғы 12 шілдедегі № 17с-1-95 «Есіл ауданының елді мекенді жерлерін абаттандыру, санитарлық тазарту, жасыл көшеттерді, селолық инфрақұрылым нысаналарын күтіп ұстау Ережелері туралы» шешімімен бекітілген Есіл ауданының елді мекенді жерлерін абаттандыру, санитарлық тазарту, жасыл көшеттерді, селолық инфрақұрылым нысаналарын күтіп ұстау Ережелеріне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-тараудың 5-тармағы 2-тармақшасы алып тасталсын,
3 тараудағы «Аудан аумағында тыйым салынады» сөзі «Аудан аумағында рұқсат етілмейді» сөзімен ауыстырылсын
3-тарау келесі мазмұндағы 2.1 тармағымен толықтырылсын:
«Тұрмыстық және құрылыс, өндіріс қалдықтарын, ағаш кесінділерін, жапырақтарды, қарларды Есіл ауданының елді мекенді жерлерінен тыс бұған белгіленбеген жерлерге төгу».
7-тараудың 1-тармағында «Магистральді су құбырларын пайдаланудың Есілдік басқармасы және қарамағында жер асты жүйесі орналасқан басқа да иегерлер» сөзі «Магистральді су құбырларының айыру жүйесін пайдалану кәсіпорны» сөзімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихаттың
сессиясының төрағасы хатшысы
С. Калиева Б. Шериязданов