Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2010.02.02 N 41 Қаулысымен
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 2-тармағы 3) тармақшасына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17, 20-баптарына сәйкес, азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлы-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдер ұсыну мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлы-курорттық емделуге әлеуметтік төлеу «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» шығыстардың бюджеттік сыныптамасының 451-007 коды бойынша ұсынылсын.
2. Санаторлы-курорттық емделу үшін әлеуметтік төлемдер Есіл ауданы аумағында тұрақты тұратын азаматтарға төленеді және азаматтардың келесі санаттарына ұсынылады:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген азаматтарға, қайталай некеге тұрмаған Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне;
Ұлы Отан соғысы жылдары және тылдағы мінсіз әскери қызметі және қайсарлық еңбегі үшін бұрынғы Социалистік Кеңес Одағының Республикалары орден және медальдарымен марапатталған тұлғаларға;
Барлық санаттағы мүгедектерге;
"Алтын Алқа", "Күміс Алқа" алқасымен марапатталған көп балалы аналарға және "Мать-героиня" атағын алдында алғандарға; зейнет жастағы саяси қуғынның құрбандарына;
"Социалистік еңбек ері", "Халық Қаһарманы" атағына ие болған, зейнеткерлік жастағы азаматтарға.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Есіл аудандық әкімдігінің 2009.09.21 N 231 Қаулысымен
3. Әлеуметтік төлемдер алу үшін жоғарыда аталған азаматтар "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (ілгеріде - уәкілеттік орган) келесі құжаттарды ұсынады: белгіленген нысан бойынша өтініш;
санаторлы-курорттык емделуге мұқтаждығы туралы медициналық мекеменің қорытындысы
2-тармақта көрсетілген санатқа жататынын растайтын құжаттар көшірмесі
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Әлеуметтік толем төлеуге қажетті кұжаттар салыстыру үшін түпнұсқа мен көшірме түрінде беріледі, содан кейін түпнұсқа өтініш иесіне қайтарып беріледі.
Уәкілеттік органның жұмысшылары құжат көшірмелерін куәландырады, тіркеу журналында қоса берілген құжаттармен өтінішті тіркейді.
Уәкілеттік орган істі түзеді және біржолғы әлеуметтік көмек тағайындау немесе тағайындамау туралы шешім қабылдайды.
Санаторлы-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдер бюджетте қарастырылған қаржы көлемінде әлеуметтік төлем алуға құқығы бар тұлғаларға жылына 1 рет, өтінішті тіркеу тәртібі бойынша жүргізіледі.
Уәкілеттік орган әлеуметтік төлемдерге ведомості жасайды және екінші деңгейлі банктерге ұсынады.
Біржолғы әлеуметтік көмекті төлеу Қазақстан Республикасы Халық банкінің лицензиясы бар екінші деңгейлі банк филиалдары және Қазақстан Республикасы Агенттігінің қаржы нарығын және қаржы мекемелерін басқару және қадағалау бойынша лицензиясы бар "Қазпошта" АҚ арқылы, азаматтардың жеке шоттарына салу жолымен жүзеге асырылады.
Екінші деңгейлі банктер немесе "Қазпошта" АҚ шарттар негізінде алушылардың жеке шоттарын ашу үшін ақылы қызмет көрсетеді.
4. "Есіл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі 451-007-000 "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бағдарламасы бойынша Есіл ауданының бюджетімен бекітілген ақша бөлу көлемінде әлеуметтік көмекті қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Т. Мұқашевқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Есіл ауданының әкімі В. Бубенко
Есіл ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөліміне
Санаторлы-курорттық емделуге әлеуметтік толем тағайындау туралы ӨТІНІШ
Тегі _____________________________________________________
Аты ______________________________________________________
Әкесінің аты _____________________________________________
Мекен-жайы _______________________________________________
Телефон __________________________________________________
Паспорт немесе жеке куәлігінің нөмірі ____________________
СТН ____________________________________________
Жеке шотының нөмірі ____________________________________________________ Банк филиалында
Маған санаторлы-курорттық емделуге әлеуметтік төлем ____________________________________ теңге мөлшерінде тағайындауды
сұраймын. Бөлінген қаржыны (_______________________санаторий-
профилакториінде санаторлы-курорттық емделу үшін)
______________________________санаторий-профилакторидің есеп шотына
менің шотымнан аудару жолымен қатал түрде мақсатты пайдалануға міндеттенемін.
Тапсырылған құжаттар:
1. Үлгідегі көрсетілген өтініш
2. Азаматтардың жекелеген санатына жататынын растайтын құжаттарының көшірмесі
3. Жеке куәлігінің көшірмесі
4. Санаторлы-курорттық емдеуді қажет ететіні туралы медициналық мекеменің қорытындысы
Өтініш берген күні Өтініш иесінің қолы
_______________________ ____________________
Өтініш иесінің ұсынған құжаттарының растығын куәландырамын:
Т.А.Ә.а., өтініш қабылдаған тұлғаның қолы:
_____________________________________
(қолы)