Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2009.11.02 N 264 Қаулысымен
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2000 жылғы 27 қарашадағы 9-1 бабының, «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысының 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектеріне бір қатар әлеуметтік көмектерді тағайындау және төлеу» бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің қоса беріліп отырған үлгі стандарты бекітілсін.
2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығына осы қаулыны бөлімнің қызметкерлері оқып білсін және міндетті түрде орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Аудан әкімі Н. Биболаев
Жамбыл ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 12 ақпандағы
№ 50 қаулысымен
бектілді
«Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектеріне әлеуметтік көмектерді тағайындау және төлеу» бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі СТАНДАРТЫ 1. Жалпы ереже
1. Бұл үлгі стандарты жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектеріне әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды. (ілгеріде –мемлекеттік қызмет)
2. Мемлекеттік қызметтің нысаны – жарым-жартылай автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, «Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік көмекті көрсету Ережесімен келісу және мөлшерін белгілеу жөнінде» аудан әкімдігінің 2005 жылғы 14 наурыздағы № 62 қаулысының негізінде көрсетіледі. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1565 тіркелген).
4. Мемлекеттік қызметті «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесі көрсетеді, орналасқан жері Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Дружба көшесі № 6 (бірінші қабат), № 8 кабинет, телефон 2-26-11.
5. Мемлекеттік қызметті аяқтау нышаны жәрдемақыны тағайындау немесе баст тарту туралы тұтынушы алатын хабарлау (талон )болып табылады.
6. Мемлекеттік қызметті Ұлы Отан соғысына қатысушылар және мүгедектер алуға құқылы
7. Мемлекеттік қызмет келесі мерзімдерде көрсетіледі.
1) мемлекеттік қызметті тұтынушының қажетті құжаттарды тапсырған сәтінен: 30 күнге дейін;
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге берілген уақыттың жоғары деңгейі: - 30 минут;
мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде кезек күтуге берілген уақыттың жоғары деңгейі: - 30 минут
8. Осы мемлекеттік қызмет ақысыз жүргізіледі.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және және қажетті құжаттар туралы ақпараттар, сонымен қатар оларды толтыру үлгілері «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің стендінде, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Дружба көшесі № 6 үйде орналасқан. (бірінші қабат)
10. Мемлекеттік қызметті аптасына бес рет дүйсенбіден-жұмаға дейін ұсынады, жергілікті уақытпен сағат 9 00-дан 1800-ға дейін, 1300-ден 1400-ге дейін түскі үзіліс. Қабылдау кезек тәртібімен жүзеге асырылады, алдын ала жазылмайды және жылдам қызмет көрсетілмейді.
11. «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің ғимаратында күту залы, құжаттарды толтыратын орындар, қажетті құжаттардың тізбесі мен олардың толтырылған үлгілері бар стенд ұйымдастырылған, мүмкіндігі шектелген азаматтарға пандус, отыратын орындықтар бар.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші:
белгіленген нысанда өтінішін;
жеке басын куәландыратын құжатын;
3) мәртебесін куәландыратын куәлігін;
тұрғылықты мекен-жайын және отбасының құрамын растайтын құжатын;
салық төлеуге берілген тіркеу нөмірі туралы куәлігін;
тұрғылықты мекен-жайынан анықтамасын (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі) ұсынады.
Құжаттарды растайтын қосымшаларымен салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері ұсынылады, кейіннен өтініш иесіне құжаттардың түпнұсқалары қайтарылады.
13. Бланкілер «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесінде беріледі. Мекен-жайы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Дружба көшесі № 6 (бірінші қабат), № 8 кабинет, телефон 2-26-11.
14.Қажетті құжаттардың толық қоржыны “Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” Мемлеккеттік мекемесіне тапсырылады, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Дружба көшесі № 6 (бірінші қабат) № 8 кабинет, телефон 2-26-11.
15. Қажетті құжаттарды тапсырған өтініш иесіне қабылданған күні мен орындау мерзімі көрсетілген талон беріледі.
16. Хабар пошта арқылы жіберіледі немесе мына мекен-жайға:
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» Мемлекеттік мекемесі Дружба көшесі № 6, № 8 кабинетте тұтынушының жеке өзінің қабылдауда болғанында ғана беріледі.
17. Мемлекеттік қызметті көрсетуді тоқтату немесе бас тарту үшін негіздер:
1) өтініш берушінің ұсынған мәліметтерінің дұрыс болмаған жағдайында;
2) ұсынған құжаттарының сәйкессіздігі.
3. Жұмыс принціпі
18. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлерінің қызметі адамның конституциялық құқығын, мемлекеттік міндетін орындау заңдылығын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс Кодексін сақтағанда және сыпайылық, жан- жақты толық ақпаратты ұсыну, оның сақталуын қамтамасыз ету, қорғау және құпиялылық принциптерінде жүзеге асады.
4. Жұмыс нәтижелері
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелері осы стандарттың қосымшасында көрсетілген сапалылық пен қол жеткізушілік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субьектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі
21. «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті ұсыныу сапасы бойынша орын алған дағуа әрекеттеріне шағымдану «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлар бөлімі» Мемлекеттік мекемесі бастығының атына немесе орынбасарына немесе «Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаменті» Мемлекеттік мекемесінің бастығының атына ұсынылады.Даулы мәселелер азаматтық сот ісімен шешіледі.
22. Шағымдар жазбаша түрде пошта, электронды пошта немесе қабылдау бөлмесі арқылы жұмыс күндері шабарман арқылы қабылданады.
23. Қабылданған шағым ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі. Шағым иесіне шағымын қабылдағандықтары туралы жыртпалы талон беріледі, онда қабылданған күні мен уақыты көрсетілген.
Қаралған шағымдарының нәтижелерін шағымданушыға жазбаша түрде пошта арқылы немесе электрондық пошта арқылы хабарланады.
6. Байланыс ақпарат
24. «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бастығы мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Дружба көшесі № 6 (бірінші қабат) № 1 кабинет, телефон 2-13-38 электрондық поштаның мекен-жайы: ro_gatmbl@mail.kz.
25. «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бастығының орынбасары, мекен-жайы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Дружба көшесі № 6 (бірінші қабат) № 4 кабинет, телефон 2-26-09 электрондық поштаның мекен-жайы: ro_gatmbl@mail.kz.
26. Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаменті Мемлекеттік мекемесінің бастығы, мекен-жайы: Солтүстік қазақстан облысы Петропавл қаласы Абай көшесі 64, телефон 46-56-48, № 213 кабинет, электрондық поштаның мекен-жайы: obl_dep@mail.online.kz
«Ұлы Отан соғысына қатысушыларға
және мүгедектеріне бір қатар
әлеуметтік көмектерді тағайындау
және төлеу» бойынша мемлекеттік
қызмет көрсетудің үлгі стандартына
қосымша
Таблица. Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштерінің
мағынасы
Сапа мен қол жеткізушілік |
Көрсеткіш- тердің нормативтік мағынасы |
Келесі жыл- дағы көрсет- кіштердің |
Есеп беру жылындағы |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Дер кезділік |
|||
1.1. құжатты |
98 |
98 |
98 |
1.2. кезекте 40 минуттан астам қызмет көрсетуді пайдалануды күткен тұтынушылар % (үлесі) |
85 |
85 |
85 |
2. Сапа |
|||
2.1.қызмет көрсетулер үрдісінің сапасына қанағаттанған |
85 |
85 |
85 |
2.2.лауазымды тұлғалармен құжаттарды |
99 |
99 |
99 |
3. Қол жеткізушілік |
|||
3.1. қызмет көрсету- лер тәртібі туралы |
88 |
88 |
88 |
3.2.тұтынушылармен |
77 |
77 |
77 |
3.3. Интернет арқылы қол жеткізе алатын |
47 |
47 |
47 |
4. Шағымдану үрдісі |
|||
4.1. іс бойынша |
0,4 |
0,4 |
0,4 |
4.2. белгіленген мерзімде қаралып және қанағаттандырылып негізделген шағымдар % (үлесі) |
99 |
99 |
99 |
4.3. шағымданудың |
90 |
90 |
90 |
4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылар % |
90 |
90 |
90 |
5. Сыпайылық |
|||
5.1.персоналдық сыпайылығына қанағат- танған тұтынушылар % (үлесі) |
89 |
89 |
89 |