Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихаттың 2012.05.28 N 4/4 Шешімімен
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 3-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына сәйкес, Жамбыл ауданы аумағында иттер мен мысықтарды күтіп ұстау жағдайларын тәртіпке келтіру, санитарлық жағдайды жақсарту мақсатында аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Жамбыл ауданы елді мекендеріндегі иттер мен мысықтарды күтіп ұстау ережелері бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
кезектен тыс VI сессиясының хатшысы
төрағасы
Б.Оқасов Б.Мұсабаев
Жамбыл аудандық мәслихаты сессиясының
2008 жылғы 21 сәуірдегі № 6/1 шешімімен
бекітілген
Жамбыл ауданы елді мекендеріндегі
иттер мен мысықтарды күтіп ұстау
ережелері
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленді.
Осы Ереже аудан аумағында үй жануарларын, ал нақтысы ит, мысықтарды күтіп ұстауды регламенттеу мақсатында әзірленді және жеке және заңды тұлғалардың осы Ереженің бұзылуына жауаптылығын белгілейді.
Осы Ереже меншік нысанына қарамастан иттер мен мысықтарды күтіп ұстайтын барлық заңды және жеке тұлғаларға таралады.
Ереже Жамбыл ауданының елді мекендері аумағында қолданылады.
2. Иттер мен мысықтарды күтіп ұстау
1. Жануарларды ұстайтын иелерімен санитарлық-гигиеналық, үй жануарларын күтіп ұстау ветеринарлық ережелері сақталуға тиіс.
2. Иттерді аулаларда ұстау кезінде иелері оларды байлаулы немесе тор қоршауларда ұстауға, иттің қашуын болдырмауға және көршілердің аулаларынан қашықтықта ұстауға тиісті. Аулаға кіре бергенде қақпада ит бар туралы ескерту кестешесі болуға тиісті. Иттер мен мысықтарды ұстау саны шектелмейді, бірақ көршілерге қолайсыздық тудырмауға тиіс.
3. Көшелерде және өзге қоғамдық жерлерде ерітіп жүретін адамсыз жүрген иттер аулануға жатады.
4. Дүкен, ауруханалардың маңында иелерімен уақытша байлаулы қалғандардан басқа қоғамдық жерлерде ерітіп жүретін адамсыз жүрген ит, мысықтар қараусыз қалғандар деп табылады.
5. Барлық үш айлықтан бастап иттер, ал мысықтар екі айлықтан бастап алғашқы тіркелуге және жыл сайын қайта тіркелуге жатады.
6. Иелері сатып алған және тұрғылықты жерін ауыстырған жағдайда үй жануарлары екі апталық мерзімде тіркеледі.
7. Ит, мысықтарды тіркеген жағдайда иесіне жануар иесінің есебінен ветеринарлық паспорт және белгіленген үлгідегі нөмірлік жетон беріледі.
Тіркеу кезінде жануар иесі осы Ережелермен таныстырылуға тиіс. Таныстырылу айғағы Тіркеу кітабында жануар иесінің қолымен куәландырылады.
8. Жануар иелеріне қажет:
1) жануарларды олардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес күтіп ұстау, оларға ізгі қарау, қараусыз қалдырмау, сырқаттанған жағдайларында уақытында ветеринарлық көмек көрсету;
2) осы Ереженің талаптарына сәйкес жануарлардың тиісті дәрежеде ұсталуын қамтамасыз ету;
3) қоршағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тыныштық, санитарлық ережелерді сақтауға қажетті шаралар қабылдау;
4) ортақ пайдаланатын жерлерді кір-қоқыстан тазалау;
5) адамға немесе жануарға жануарлармен тістеу келтірілген жағдайларда бұл туралы дереу жақын жердегі медицина немесе ветеринария мекемесіне хабарлау, жануарларды мемлекеттік ветеринария қызметіне қарау мен карантин үшін жеткізуге;
6) жануарлардың мәйіттерін қоқыс жинау жерлеріне лақтырмау, өлген жануарлардың мәйіттері кәдеге жаратылуға жатады;
7) арам шыбын-шіркей және кеміргіштердің пайда болуына жол бермеу үшін шаралар қабылдау, жануарларды қараусыз қалдырмау, олардың қаңғырып жүруін болдырмау;
8) белгіленген мерзімдерде ветеринарлық іс-шараларды жүзеге асыру, жануарлардың карантиндік тәртібін сақтау, жұқпалы ауруларды жою бойынша шаралар қабылдау.
3. Осы Ережелердің бұзылуына жануар иелерінің жауаптылығы
9. Осы Ережелердің бұзылуына кінәлі жеке және заңды тұлға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 311 бабына сәйкес жауаптылыққа тартылады.
10. Материалдық нұқсан болуы жағдайында, оның орнын толтыру үшін, зардап шегушінің сотқа жүгінуге құқығы бар.