Жамбыл ауданы елді мекендеріндегі иттер мен мысықтарды күтіп ұстау ережелері туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 21 сәуірдегі N 6/1 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әділет басқармасында 2008 жылғы 29 мамырдағы N 13-7-85 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 28 мамырдағы N 4/4 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихаттың 2012.05.28 N 4/4 Шешімімен

      «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 3-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына сәйкес, Жамбыл ауданы аумағында иттер мен мысықтарды күтіп ұстау жағдайларын тәртіпке келтіру, санитарлық жағдайды жақсарту мақсатында аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жамбыл ауданы елді мекендеріндегі иттер мен мысықтарды күтіп ұстау ережелері бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Аудандық мәслихаттың          Аудандық мәслихаттың
      кезектен тыс VI сессиясының           хатшысы
            төрағасы
           Б.Оқасов                      Б.Мұсабаев

Жамбыл аудандық мәслихаты сессиясының
2008 жылғы 21 сәуірдегі № 6/1 шешімімен
бекітілген

Жамбыл ауданы елді мекендеріндегі
иттер мен мысықтарды күтіп ұстау
ережелері

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленді.
      Осы Ереже аудан аумағында үй жануарларын, ал нақтысы ит, мысықтарды күтіп ұстауды регламенттеу мақсатында әзірленді және жеке және заңды тұлғалардың осы Ереженің бұзылуына жауаптылығын белгілейді.
      Осы Ереже меншік нысанына қарамастан иттер мен мысықтарды күтіп ұстайтын барлық заңды және жеке тұлғаларға таралады.
      Ереже Жамбыл ауданының елді мекендері аумағында қолданылады.

2. Иттер мен мысықтарды күтіп ұстау

      1. Жануарларды ұстайтын иелерімен санитарлық-гигиеналық, үй жануарларын күтіп ұстау ветеринарлық ережелері сақталуға тиіс.
      2. Иттерді аулаларда ұстау кезінде иелері оларды байлаулы немесе тор қоршауларда ұстауға, иттің қашуын болдырмауға және көршілердің аулаларынан қашықтықта ұстауға тиісті. Аулаға кіре бергенде қақпада ит бар туралы ескерту кестешесі болуға тиісті. Иттер мен мысықтарды ұстау саны шектелмейді, бірақ көршілерге қолайсыздық тудырмауға тиіс.
      3. Көшелерде және өзге қоғамдық жерлерде ерітіп жүретін адамсыз жүрген иттер аулануға жатады.
      4. Дүкен, ауруханалардың маңында иелерімен уақытша байлаулы қалғандардан басқа қоғамдық жерлерде ерітіп жүретін адамсыз жүрген ит, мысықтар қараусыз қалғандар деп табылады.
      5. Барлық үш айлықтан бастап иттер, ал мысықтар екі айлықтан бастап алғашқы тіркелуге және жыл сайын қайта тіркелуге жатады.
      6. Иелері сатып алған және тұрғылықты жерін ауыстырған жағдайда үй жануарлары екі апталық мерзімде тіркеледі.
      7. Ит, мысықтарды тіркеген жағдайда иесіне жануар иесінің есебінен ветеринарлық паспорт және белгіленген үлгідегі нөмірлік жетон беріледі.
      Тіркеу кезінде жануар иесі осы Ережелермен таныстырылуға тиіс. Таныстырылу айғағы Тіркеу кітабында жануар иесінің қолымен куәландырылады.
      8. Жануар иелеріне қажет:
      1) жануарларды олардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес күтіп ұстау, оларға ізгі қарау, қараусыз қалдырмау, сырқаттанған жағдайларында уақытында ветеринарлық көмек көрсету;
      2) осы Ереженің талаптарына сәйкес жануарлардың тиісті дәрежеде ұсталуын қамтамасыз ету;
      3) қоршағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тыныштық, санитарлық ережелерді сақтауға қажетті шаралар қабылдау;
      4) ортақ пайдаланатын жерлерді кір-қоқыстан тазалау;
      5) адамға немесе жануарға жануарлармен тістеу келтірілген жағдайларда бұл туралы дереу жақын жердегі медицина немесе ветеринария мекемесіне хабарлау, жануарларды мемлекеттік ветеринария қызметіне қарау мен карантин үшін жеткізуге;
      6) жануарлардың мәйіттерін қоқыс жинау жерлеріне лақтырмау, өлген жануарлардың мәйіттері кәдеге жаратылуға жатады;
      7) арам шыбын-шіркей және кеміргіштердің пайда болуына жол бермеу үшін шаралар қабылдау, жануарларды қараусыз қалдырмау, олардың қаңғырып жүруін болдырмау;
      8) белгіленген мерзімдерде ветеринарлық іс-шараларды жүзеге асыру, жануарлардың карантиндік тәртібін сақтау, жұқпалы ауруларды жою бойынша шаралар қабылдау.

3. Осы Ережелердің бұзылуына жануар иелерінің жауаптылығы

      9. Осы Ережелердің бұзылуына кінәлі жеке және заңды тұлға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 311 бабына сәйкес жауаптылыққа тартылады.
      10. Материалдық нұқсан болуы жағдайында, оның орнын толтыру үшін, зардап шегушінің сотқа жүгінуге құқығы бар.
 
 

О правилах содержания собак и кошек населенных пунктах Жамбылского района

Решение маслихата Жамбылского района Северо-Казахстанской области от 21 апреля 2008 года N 6/1. Зарегистрировано управлением юстиции Жамбылского района Северо-Казахстанской области 29 мая 2008 N 13-7-85. Утратило силу - решением маслихата Жамбылского района Северо-Казахстанской области от 28 мая 2012 года N 4/4

      Сноска. Утратило силу - решением маслихата Жамбылского района Северо-Казахстанской области от 28.05.2012 N 4/4

       В соответствии с пунктом 2 статьи 3 Кодекса Республики Казахстан «Об административных правонарушениях», подпунктом 8) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении в Республике Казахстан», в целях упорядочения условий содержания собак и кошек, улучшения санитарного состояния на территории Жамбылского района, районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила содержания собак и кошек в населенных пунктах Жамбылского района.
      2. Настоящее решение вступает в силу по истечению 10 календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель VI внеочередной              Секретарь
      сессии районного маслихата           районного маслихата
      Б. Окасов                            Б. Мусабаев

Утверждены
решением сессии Жамбылского
районного маслихата
от 21 апреля 2008 года N 6/1

ПРАВИЛА
содержания собак и кошек в населенных пунктах Жамбылского района

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с Кодексом Республики Казахстан «Об административных правонарушениях», с Законом Республики Казахстан «О местном государственном управлении в Республике Казахстан», Законом Республики Казахстан «О ветеринарии».
      Настоящие Правила разработаны с целью регламентации содержания на территории района домашних животных, а именно, собак и кошек, и устанавливают ответственность физических и юридических лиц за нарушение настоящих Правил.
      Правила распространяются на всех без исключения физических и юридических лиц независимо от форм собственности, содержащих собак и кошек.
      Настоящие Правила действуют на территории населенных пунктов Жамбылского района.

2. Содержание собак и кошек

      1. Хозяевами, содержащими животных должны соблюдаться санитарно-гигиенические, ветеринарные правила содержания животных.
      2. При содержании собак на подворье, владельцам необходимо содержать их на привязи или в вольерах, исключить их побег и содержать на расстоянии от подворья соседей. О наличии собак должна быть предупредительная табличка на воротах при входе на подворье. Количество содержания собак и кошек не ограничено, но не должно создавать дискомфорта для соседей.
      3. Собаки, находящиеся на улицах и иных общественных местах без сопровождающих лиц, подлежат отлову.
      4. Собаки, кошки, находящиеся в общественных местах без сопровождающих лиц, кроме оставленных владельцами на привязи временно у магазинов, больниц, считаются безнадзорными.
      5. Все собаки с трехмесячного, а кошки с двухмесячного возраста подлежат первичной регистрации и ежегодной перерегистрации.
      6. При приобретении и перемене места жительства владельцев домашние животные регистрируются в двухнедельный срок.
      7. При регистрации собак и кошек владельцу выдаются ветеринарный паспорт и номерной жетон установленного образца за счет владельца животного.
      При регистрации владелец животного должен быть ознакомлен с настоящими Правилами. Факт ознакомления удостоверяется подписью владельца животного в Книге регистрации.
      8. Владельцам животных необходимо:
      1) содержать животных в соответствии с их биологическими особенностями, гуманно обращаться, не оставлять без присмотра, в случае заболевания вовремя оказывать ветеринарную помощь;
      2) обеспечивать надлежащее содержание животных в соответствии с требованиями настоящих Правил;
      3) принимать необходимые меры к обеспечению безопасности окружающих, соблюдению тишины, санитарных правил;
      4) устранять загрязнения из мест общего пользования;
      5) при нанесении животными укуса человеку или животному владельцы обязаны немедленно сообщить об этом в ближайшие медицинские и ветеринарные учреждения, животных доставить в государственную ветеринарную службу для осмотра и карантина;
      6) не выбрасывать трупы животных вне мест сбора отходов, трупы павших животных подлежат утилизации;
      7) принимать меры к предотвращению появления паразитирующих насекомых и грызунов, не оставлять животных без присмотра, не допускать их бродяжничества;
      8) осуществлять ветеринарные мероприятия в установленные сроки, соблюдать карантинный режим животных, принимать меры по ликвидации заразных болезней.

3. Ответственность владельцев животных за нарушение правил

      9. Физические и юридические лица, виновные в нарушении настоящих Правил привлекаются к ответственности в соответствии со статьей 311 Кодекса Республики Казахстан «Об административных правонарушениях».
      10. При наличии материального ущерба, потерпевший имеет право обратиться в суд за его возмещением.