"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 Еңбек кодексінің 238-бабы 3-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандық бюджет қаржысы есебінен қала жағдайында қызметтің осы түрімен айналысатын мамандардың жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар аудандық бюджеттің қаржысынан қаржыландырылатын ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының Тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің ауыл шаруашылық және экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнінен он
күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Аудан әкімі | Н. Биболаев |
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 27 мамырдағы № 199 қаулысымен бекітілген |
Аудандық бюджет қаражаты есебінен қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын мамандардың жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар аудандық бюджеттің қаржысынан қаржыландырылатын ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2011.10.05 N 231 Қаулысымен (ресми жарияланғаннан кейін, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары (оның ішінде бірінші);
2) бөлімшенің, зертхананың басшысы;
3) барлық мамандықтағы дәрігерлер;
4) акушер;
5) емдәм бикесі;
6) тіс дәрігері;
7) тіс технигі;
8) барлық мамандықтағы медициналық бике;
9) медициналық статистик;
10) медициналық зертханашы;
11) провизор;
12) психолог;
13) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
14) рентген зертханашысы;
15) мамандырылған медициналық бике;
16) медициналық бикенің көмекшісі;
17) фармацевт;
18) фельдшер (зертханашы);
19) кітапханашы;
20) дәріхана меңгерушісі;
21) мәдени ұйымдастырушы;
22) еңбек жөніндегі нұсқаушы.
2. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметі мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық сараптама
орталағының бас дәрігері;
2) дәрігер–бактериолог;
3) дәрігер–паразитолог;
4) зертханашы–бактериолог;
5) зертханашы–паразитолог;
6) дезинфектор.
3. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:
1) барлық мамандықтағы дәрігерлер;
2) медициналық бике;
3) мұғалім;
4) тәрбиеші;
5) психолог;
6) емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы;
7) еңбек жөніндегі нұсқаушы;
8) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
9) мәдени ұйымдастырушы.
4. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттiк мекеме мен қазыналық кәсiпорынның басшысы және басшының орынбасары (оның iшiнде бiрiншi), соның iшiнде мектепке дейiнгi мемлекеттiк мекеме мен қазыналық кәсiпорынның;
2) мұғалiм;
3) социолог;
4) психолог;
5) оқытушы;
6) тәрбиешi;
7) музыкалық жетекшi;
8) нұсқаушы;
9) мәдени ұйымдастырушы;
10) әдiстемелiк кабинеттiң басшысы;
11) әдiстемешi,
12) шебер;
13) аккомпаниатор;
14) концертмейстер;
15) үйiрменiң басшысы;
16) медициналық бике;
17) емдәм бикесi;
18) кiтапханашы;
19) библиограф;
20) жетекшi;
21) инспектор;
22) кiтапхананың, интернаттың, психологтiк–педагогикалық түзету кабинетiнiң, шеберхананың меңгерушiсi;
23) дәрiгер;
24) сурдопедагог;
25) тифлопедагог;
26) көркемдiк басшы;
27) балетмейстер;
28) хормейстер;
29) хореограф;
30) жаттықтырушы;
31) барлық атаудағы суретшiлер;
32) оқу бөлiмiнiң хатшысы;
33) лаборант.
5. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) ұйымның директоры, басшысы, бастығы;
2) бөлімшенің жетекшісі;
3) директордың, басшының, бастықтың орынбасары;
4) сектордың, бөлімнің, қор қоймысының меңгерушісі;
5) сектор басшысы;
6) суретші-ресімдеуші, суретші-реставратор, қоюшы суретші;
7) бейнеоператоры;
8) аға ғылыми қызметкері, кіші ғылыми қызметкері, жетекші
ғылыми қызметкері, ғылыми қызметкер;
9) мұражайдағы бас күзетшісі, қор күзетшісі;
10) экскурсовод;
11) қараушы, мұражай қараушысы;
12) сақтау жөніндегі маман;
13) әдістемеші, аға әдістемеші, жетекші әдістемеші.
6. Спорт мамандарының лауазымдары:
1) басшы, директор;
2) директордың, басшының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары;
3) нұсқаушы, нұсқаушы-әдістемеші;
4) дәрігер;
5) медициналық зертханашы;
6) медициналық бике;
7) әдістемеші;
8) психолог;
9) аға жаттықтырушы, жаттықтырушы.