"Аудандық бюджет қаржысы есебінен қала жағдайында қызметтің осы түрімен айналысатын мамандардың жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар аудандық бюджеттің қаржысынан қаржыландырылатын ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының Тізбесін айқындау жөнінде" аудан әкімдігінің 2008 жылғы 27 мамырдағы N 199 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 5 қазандағы N 231 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 3 қарашада N 13-7-162 тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 наурыздағы N 66 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 13.03.2015 N 66 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 21-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Аудандық бюджет қаржысы есебiнен қала жағдайында қызметтiң осы түрімен айналысатын мамандардың жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтiк ставкаларды алуға құқығы бар аудандық бюджеттiң қаржысынан қаржыландырылатын ауылдық (селолық) жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының Тiзбесiн айқындау жөнiнде" аудан әкімдігінің 2008 жылғы 27 мамырдағы № 199 қаулысына (2008 жылғы 27 маусымда № 13-7-86 мемлекеттік тіркеу Тізбесінде тіркелген, "Ауыл арайы-Сельская новь" газетінің 2008 жылғы 11 шілдедегі 32 нөмірінде мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланды) келесі толықтыру енгізілсін:
      осы қаулымен бекітілген аудандық бюджет қаражаты есебiнен қалалық жағдайда қызметтiң осы түрлерімен айналысатын мамандардың жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтiк ставкаларды алуға құқығы бар аудандық бюджеттiң қаржысынан қаржыландырылатын ауылдық (селолық) жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамтамасыз ету, бiлiм беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының Тізбесінің 4-тармағы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Т. Баумағанбетовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С. Ыбыраев
      КЕЛІСІЛГЕН:
Жамбыл аудандық
мәслихаттың хатшысы
Б. Мұсабаев

  Аудан әкімдігінің 2011 жылдың 5 қазанындағы № 231 қаулысына қосымша
  Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 27 мамырдағы № 199 қаулысымен бекітілген

Аудандық бюджет қаражаты есебiнен қалалық жағдайда қызметтiң осы түрiмен айналысатын мамандардың жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтiк ставкаларды алуға құқығы бар аудандық бюджеттiң қаржысынан қаржыландырылатын ауылдық (селолық) жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамтамасыз ету, бiлiм беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі

      4. Бiлiм беру мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттiк мекеме мен қазыналық кәсiпорынның басшысы және басшының орынбасары (оның iшiнде бiрiншi), соның iшiнде мектепке дейiнгi мемлекеттiк мекеме мен қазыналық кәсiпорынның;
      2) мұғалiм;
      3) социолог;
      4) психолог;
      5) оқытушы;
      6) тәрбиешi;
      7) музыкалық жетекшi;
      8) нұсқаушы;
      9) мәдени ұйымдастырушы;
      10) әдiстемелiк кабинеттiң басшысы;
      11) әдiстемешi,
      12) шебер;
      13) аккомпаниатор;
      14) концертмейстер;
      15) үйiрменiң басшысы;
      16) медициналық бике;
      17) емдәм бикесi;
      18) кiтапханашы;
      19) библиограф;
      20) жетекшi;
      21) инспектор;
      22) кiтапхананың, интернаттың, психологтiк–педагогикалық түзету кабинетiнiң, шеберхананың меңгерушiсi;
      23) дәрiгер;
      24) сурдопедагог;
      25) тифлопедагог;
      26) көркемдiк басшы;
      27) балетмейстер;
      28) хормейстер;
      29) хореограф;
      30) жаттықтырушы;
      31) барлық атаудағы суретшiлер;
      32) оқу бөлiмiнiң хатшысы;
      33) лаборант.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады