Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2009.11.02 N 264 Қаулысымен
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2000 жылғы 27 қарашадағы 9-1 бабының, «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысының 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Лизингке техниканы сатып алу үшін анықтама беру» бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандарты бекітілсін.
2. Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі осы қаулыны бөлім қызметкерлерінің оқып білуін ұйымдастырсын және міндетті түрде орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің ауыл шаруашылық және экономика мәселелері жөніндегі әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Аудан әкімі Н. Биболаев
Жамбыл ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 6 маусымдағы № 223
қаулысымен бекітілді
«Лизингқа техниканы сатып алу үшін анықтама беру» бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі Стандарты
1. Бұл стандарт лизингқа техниканы сатып алу үшін анықтама беру тәртібін (ілгеріде – мемлекеттік қызмет) анықтайды.
2. Мемлекеттік қызметтің нысаны – жарым-жартылай автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 Қаулысының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті «Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі» Мемлекеттік мекемесі (ілгеріде – Бөлім) көрсетеді, орналасқан мекен-жайы: индекс 150600 Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Дружба көшесі 6 (бірінші қабат), телефон 2-14-81, e-maiI: dsh14@maiI. kz.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лизингке техниканы сатып алу үшін анықтама беру.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға беріледі (ілгеріде – тұтынушы).
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
Өтініш қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты туралы ақпарат Бөлімнің ғимаратындағы қабырғада орналасқан, ақпарат аудан әкімінің www.zҺb.sko.kz веб-сайтында, сонымен қатар ресми ақпарат көздерінде жарияланады.
10. Мемлекеттік қызмет аптасына бес рет, дүйсенбіден жұмаға дейін, жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-дан 18.00-ге дейін ұсынылады, түскі үзіліс сағат 13.00-тен 14.00-ке дейін. Қабылдау кезекке тұру тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет жасаумен жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін келесі жағдайлар жасалған: санитарлық-гигиеналық және өртке қарсы талаптарға жауап беретін күту залы (үстелдер, орындықтар), өтініштерді, бланкілерді толтыру үлгілері.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін келесі құжаттарды ұсынуы керек:
1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (төлқұжат), заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (заңды тұлғалар үшін). Осы құжат жоқ болғанда оны тіркелген жері бойынша мына мекен-жайдан алуға болады: Жамбыл ауданы бойынша Петропавл қаласының халыққа қызмет көрсету орталығы, индексі: 150600 Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Горький 10 бұрылысы, жұмыс істеу және қабылдау кестесі: дүйсенбі-жұма жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-дан 18.00-ға дейін, үзіліссіз, сенбі күні сағат 10.00-нан 13.00-ке дейін, телефон 2-29-10;
2) белгіленген үлгідегі өтініш Бөліммен беріледі.
13. Өтініш бланкілері мына мекен-жайда беріледі: Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Дружба көшесі 6 (бірінші қабат), телефон 2-14-81, e-maiI: dsh14@maiI. kz.
14. Осы стандарттың 12-тармағы 1)тармақшасында көрсетілген құжаттар индексі 150600 Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Дружба көшесі 6, (бірінші қабат), телефон 2-14-81; e-maiI: dsh14@maiI. kz мекен-жайы бойынша Бөлім мамандарына тапсырылады.
15. Қажетті барлық құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушы ұсынған құжаттарын растайтын талон алады, онда тұтынушының мемлекеттік қызметті алған күні көрсетіледі.
16. Мемлекеттік қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі Бөлімге тұтынушының жеке келуінде индексі 150600 Солтүстік қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Дружба көшесі 6 (бірінші қабат), телефон 2-14-81 e-maiI: dsh14@maiI. kz. мекен-жайы бойынша беріледі.
17. Өтініш иесі қажетті құжаттарды тапсырмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылуы мүмкін.
18. Бөлім тұтынушыға қатысты келесі принциптерді жетекшілікке алады:
1) сыпайылық;
2) кәсіби іскерлік;
3) жеделділік;
4) ақпаратты тереңдетіп түсіндіру;
5) өтініш иесінің құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың құпиялылығын сақтау.
6) құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.
19. Осы мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелері осы стандарттың қосымшасында көрсетілген сапалылық пен қол жеткізушілік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мақсатты маңыздылығымен және мемлекеттік қызметтің қол жетімділігімен бағаланатын Бөлімнің жұмысы жыл сайын арнайы құрылған жұмыс тобымен бекітіледі.
21. Бөлімнің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі және арызға даярлауға ықпал жасау мына мекен-жай бойынша түсіндіріледі. «Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі» Мемлекеттік мекемесінде түсіндіріледі, мекен-жайы: индексі 150600 Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Дружба көшесі 6 (бірінші қабат), телефон 2-14-81, e-maiI: dsh 14@maiI. kz.
22. Бөлім қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Бөлім бастығының атына ұсынылады.
Бөлім бастығының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Жамбыл ауданы әкімінің атына «Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесіне ұсынылады, мекен –жайы: индексі 150600, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Дружба көшесі 10, телефон 2-12-32, 2-12-33, zhambiI-akimat@sko.kz.
23. Ұсынған шағымға жауап алатын орны мен мерзімі жазылған, тіркеу журналында тіркелген, қабылданған шағымды растайтын құжат – талон болып табылады.
24. Бөлім бастығы: қабылдау күндері – сәрсенбі, жұма жергілікті уақытпен сағ. 9.00-ден сағ.18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағ.13.00-ден сағ.14.00-ге дейін, индексі 150600 Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Дружба көшесі 6 (бірінші қабат), телефон 2-12-06, e-maiI: dsh14@maiI. kz.
25. Тұтынушыға басқа да пайдалы ақпараттар аудан әкімінің www.zҺb.sko.kz сайтында орналасқан.
«Лизингке техниканы сатып алу
үшін анықтама беру» бойынша
мемлекеттік қызметтің стандартына
қосымша
Таблица. Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштерінің
мағынасы
Сапа мен қол жеткізушілік |
Көрсеткіш- тердің нормативтік мағынасы |
Келесі жыл- дағы көрсет- кіштердің |
Есеп беру жылындағы |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Дер кезділік |
|||
1.1. құжатты |
98 |
||
1.2. кезекте 40 минуттан астам қызмет көрсетуді пайдалануды күткен тұтынушылар % (үлесі) |
85 |
||
2. Сапа |
|||
2.1. қызмет көрсетулер үрдісінің сапасына қанағаттанған |
85 |
||
2.2. лауазымды тұлғалармен құжаттарды |
99 |
||
3. Қол жеткізушілік |
|||
3.1. қызмет көрсету- лер тәртібі туралы |
88 |
||
3.2. тұтынушылармен |
77 |
||
3.3. Интернет арқылы қол жеткізе алатын |
47 |
||
4. Шағымдану үрдісі |
|||
4.1. іс бойынша |
0,4 |
||
4.2. белгіленген мерзімде қаралып және қанағаттандырылып негізделген шағымдар % (үлесі) |
99 |
||
4.3. шағымданудың |
90 |
||
4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылар % |
90 |
||
5. Сыпайылық |
|||
5.1. персоналдық сыпайылығына қанағат- танған тұтынушылар % (үлесі) |
89 |