Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2009.12.04 N 392 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 «Жеке және заңды тұлғаларға көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» қаулыларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мүгедектерге протездік-ортопедтік жәрдем көрсетуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметін көрсету стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Қадыровқа жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Қызылжар ауданының әкімі Е. Мамбетов
Қызылжар ауданы әкімдігінің
2007 жылғы 4 ақпандағы № 31
қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандарты Мүгедектерге протездік-ортопедтік жәрдем көрсетуге құжаттарды ресімдеу
1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: Мүгедектерге протездік-ортопедтік жәрдем көрсетуге құжаттады ресімдеу
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын нормативтік құқықтық актінің атауы, бабы (тармағы) және баптың (тармақтың) мазмұны.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысымен бекітілген «Мүгедектерді протезді-ортопедтік жәрдеммен және жәрдемші (өтемдік) құралдармен қамтамасыз ету туралы» Ережелерінің 11-тармағы.
4. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің , өзге де субъектілердің атауы:
«Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ
5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі): хабарлама
6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалардың санаты.
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар;
2) Қазақстан Республикасының қарулы күштері қатарында әскер міндетін атқаруына байланысты мүгедектік алған әскери қызметшілер;
3) қызметтік міндетін атқаруға байланысты мүгедектік алған ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздіқ органдарының басшылық және қатардағы құрамдарындағы тұлғалар;
4) жалпы аурулар мүгедектері;
5) балалық шағынан мүгедектер;
6) мүгедек балалар.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
1) Тұтынушы қажет құжаттарды тапсырған сәттен мемлекеттік қызметті көрсетуге дейінгі уақыт мерзімі (есепке тұру сәті, талон алуы және т.с.с.), мемлекеттік қызмет алу үшін электрондық сұраным жасағаннан бастап – 15 күнге дейін;
2) қажет құжаттарды тапсыру кезегінде барынша рауалы күту уақыты (тіркелуде, талон алуда және т.с.с.) - 20 минут
3) дайын құжаттарды алу кезегінде барынша рауалы күту уақыты - 20 минут
8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы екендігін немесе тегіндігін көрсету. Ақылы болған жағдайда құнын (алым, төлем) төлеу кезінде толтырылуы талап етілетін құжаттың қажетті нысандарын (түбіртегін) көрсету.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және қол жетімділігіне қойылатын талаптар туралы ақпарат көзі ретінде мемлекеттік қызмет көрсету стандартын міндетті түрде орналастыру орнын көрсету. Бұл стандартты ресми жариялау көзіне, мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік қызмет көрсететін өзге де субъектінің сайтына немесе мемлекеттік қызмет көрсететін органдарының мекен-жайларына сілтеме болуға тиіс.
«Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ холында стенд, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Бескөл с., Спортивная 2 к-сі, kyzil@mail.online.kz.
10. Жұмыс кестесін (күндер, сағаттар, үзілістер) көрсету, қызметті алу үшін алдын ала жазылуға бола ма (шарттары мен талаптарын көрсету), жедел қызмет көрсету бар ма (шарттары мен талаптарын көрсету).
Жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00. сағаттан 18.00. сағатқа дейін, үзіліс 13.00. сағаттан 14.00. сағатқа дейін.
11. Қызмет көрсететін орынның шарттарын көрсету (үй-жай режимі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жеке мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жасалған жағдайлар, күтудің және қажетті құжаттарды дайындаудың қолайлы жағдайлары (күту залы, үлгілер қойылған таған) және т.с.с.).
Стандарттық ғимарат, өртке қарсы қауіпсіздік сақталған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін қажетті құжаттар мен талаптардың тізбесін (мысалы, өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасының болуы), көрсету:
1) өтініш бланкі;
2) өтінушінің жеке куәлігі;
3) медициналық-әлеуметтік сараптау анықтамасы;
4) мүгедекті сауықтырудың жеке бағдарламасы;
5) мүгедектік дәрежесін анықтайтын куәлік.
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті сайтқа сілтемені не бланк берілетін орынды (өтініш нысандары және т.с.с.) көрсету.
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті сайтқа сілтемені не толтырылған бланкілерді, нысандарды, өтініштерді және басқа да құжаттарды тапсыратын жауапты адамның мекен-жайын және кабинетінің нөмірін көрсету.
«Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сіне тапсырылады, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Бескөл с., Спортивная 2 к-сі, № 2 кабинеті ,тел. 22107.
15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының мемлекеттік қызметті алған күні бар барлық барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжаттың атауын және нысанын көрсету - талон
16. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу тәсілдері мен регламенттерінің толық тізбесін көрсету – электрондық почта, сайт арқылы, жеке бару, курьер және т.с.с.
Жеке бару, немесе селолық округтың маманы арқылы
17.Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе қызметті ұсынудан бас тарту негіздерінің толық тізбесін көрсету: Біле тұра жалған мәлімдеме беру.
18. Мемлекеттік органның қызмет көрсетуде тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттарын санамалау (сыпайылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы толық ақпараттың сақталуын, қоғалуын және құпиялығын қамтамасыз ету, тұтынушы белгілеген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету).
Қызметті көрсету туралы туралы толық және егжей-тегжейлі ақпарат, мамандардың сыпайылығы, жауапкершілігі және профессионалдығы, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы толық ақпараттың сақталуын,қорғалуын және құпиялығын қамтамасыз ету.
19. Тұтынушыларға қызмет көрсету нәтижелері осы үлгі стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құралған жұмыс топтары бекітеді.
21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға жәрдем көрсететін мемлекеттік органның атауын, электрондық почтасының мекен-жайын, шақыруларды өңдеу орталықтарының (call-орталықтар) телефон нөмірлерін не лауазымды адам кабинетінің нөмірін көрсету.
«Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бастығы, мекен-жайы: Солтүстік-Қазақстан облысы, Бескөл с., Спортивная 2 к-сі, № 1 кабинеті,телефон 2-16-50,kyzil@mail.online.kz.
22. Шағым берілетін мемлекеттік органның атауын, электрондық почтасының мекен-жайын не лауазымды адам кабинетінің нөмірін көрсету.
Шағым беріледі: «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бастығына, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Бескөл с., Спортивная 2 к-сі, № 1 кабинеті, телефон 2-16-50, жоғары тұрған ұйымдарға беріледі.
«Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығына, мекен-жайы: Солтүстік-Қазақстан облысы, Бескөл с., Спортивная 2 к-сі, № 1 кабинеті, телефон 2-21-07;
«Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті» ММ-не, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы Абай к-сі, 64, телефон 465648, кабинет № 213
23. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орынды көздейтін құжаттың атауын, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерін көрсету - талон
24. Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган, мекеме немесе өзге де субъект басшысының, оның орынбасарының және жоғары тұрған ұйымның байланыс деректерін көрсету (сайт, электрондық почтасының мекен-жайы, жұмыс және қабылдау кестесі, мекен-жайы, телефондары).
«Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бастығы, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Бескөл с., Спортивная 2 к-сі, № 1 кабинеті,телефон 2-16-50, күн сайын 9.00. сағаттан 18.00. сағатқа дейін, үзіліс 13.00. сағаттан 14.00. сағатқа дейін, демалыс күндері – сенбі, жексенбі.
25. Тұтынушы үшін басқа да пайдалы ақпарат (шақыруларды іздеу орталықтарының телефондары, қосымша қызметтер туралы ақпарат және т.б.)
«Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті» ММ, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы Абай к-сі, 64, телефон 465648, кабинет № 213
«Мүгедектерге протездік-ортопедтік
жәрдем көрсетуге құжаттарды ресімдеу»
мемлекеттік қызметін көрсету стандартына
қосымша
Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері |
Көрсет- |
Көрсеткіш- |
Көрсеткіш-тің есепті жылдағы ағымдағы мәні |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылығы |
|||
1.1. құжаттарды |
99 |
99 |
99 |
1.2. қызмет алуды |
100 |
100 |
100 |
2. Сапасы |
|||
2.1. қызметті ұсыну |
95 |
95 |
95 |
2.2. құжаттарды |
100 |
100 |
100 |
3. Қол жетімділік |
|||
3.1. қызметті ұсыну |
95 |
95 |
95 |
3.2. тұтынушы құжаттарды |
95 |
95 |
95 |
3.3. интернет арқылы қол |
100 |
100 |
100 |
4. Шағымдану үдерісі |
|||
4.1. қызметтің осы түрі |
5 |
5 |
5 |
4.2. белгіленген |
100 |
100 |
100 |
4.3. шағымданудың |
90 |
90 |
90 |
4.4. шағымдану мерзіміне |
90 |
90 |
90 |
5. Сыпайылық |
|||
5.1. қызметкерлердің |
100 |
100 |
100 |