Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихаттың 2012.11.05 N 8/12 Шешімімен
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 238-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, «Агроөндірістік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес Қызылжар аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. 2008 жылы аудандық бюджет есебінен, Аудан аумағында жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім және мәдениет мамандарына лауазымдық еңбекақылары мен тарифтік ставкаларына 25 пайыздық жоғарылату бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
А. Рамазанов А. Молдахметова