Аудан аумағында жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім және мәдениет мамандарына лауазымдық еңбекақылары мен тарифтік ставкаларына 25 пайыздық жоғарылатуды бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 20 наурыздағы N 7/4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 28 сәуірде N 13-8-75 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 5 қарашадағы N 8/12 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихаттың 2012.11.05 N 8/12 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 238-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, «Агроөндірістік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес Қызылжар аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. 2008 жылы аудандық бюджет есебінен, Аудан аумағында жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім және мәдениет мамандарына лауазымдық еңбекақылары мен тарифтік ставкаларына 25 пайыздық жоғарылату бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат                            Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                         хатшысы
      А. Рамазанов                                 А. Молдахметова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады