Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2009.12.25 N 20/4 Шешімімен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қызылжар аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қосымшаға сәйкес Қызылжар ауданының елді мекендерін көркейту және санитарлық тазарту ережелері бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
А. Рамазанов А.Молдахметова
Аудандық мәслихатының
2008 жылғы 20 наурыздағы 20 № 7/10
шешімін бекітілген
Қызылжар ауданының елді мекендерін көркейту Ережесі
1. Осы Ереже «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына, «Әкімшілік тәртіп бұзушылық жөнінде» Қазақстан Республикасы Кодексінің 3, 300-баптарына негізделе отырып жасалған.
Ереже Қызылжар ауданының инфрақұрылымдық нысандарын қорғау және күтіп ұстауды, жасыл желектерді күзетуді, жеке және заңды тұлғаларға айналаны көгалдандыруға жауапкершілігін нығайтуды реттейді.
2. Осы Ережеде қолданылған негізгі түсініктер мен анықтамалар
2. Қызылжар ауданының елді мекендерін көркейтудің кешенді элементтері мен жұмыстары Қызылжар ауданының инфрақұрылымдық нысандарын қорғау және күтіп ұстау, жасыл желектерді күзету, адам өмірі мен денсаулығына қолайлы ету, жеке және заңды тұлғалардың айналаны көгалдандыруға жауапкершілігін нығайтуға бағытталған.
3. Аулаішілік аумақ – жер, кіші сәулеттік құрылымдарды қалыпқа келтіру, балалар алаңы, қоқыс жинайтын алаң, автокөлік алаңы, сәндік құрылыс, үйдің кіріс жолы, үйдің шығыс жолы.
4. Бөлінген аумақ – жер телімі, пайдаланушыға берілген жер (кәсіпорын, мекеме, жеке меншік және тағы басқа өкілетті органның шешімімен иелік етуге және пайдалануға құқылы.) Қазақстан Республикасының заңнамасында қаралған нысандарын орналастыру.
5. Қосымша берілген аумақ – аумақтың (периметр бойынша шекарадан 5 метр) ғимарат шекарасымен тікелей қиылысуы, сауда нысандары, құрылысты қоршау, жарнама және басқа да нысандар, құрылыс алаңы, меншік иесін табу, енгізу, жалға беру.
6. Жерді пайдаланушы – Қызылжар ауданы елді мекендерінің жер телімдерінің кескіні, тәуелсіздік мақсатында жеке және заңды тұлға, (кәсіпорын, ұйым, коммерциялық құрылым, кәсіпорын, жеке сектордағы үйге иелік ету және басқалар)
7. Жалпы пайдалану орындары – демалыс аймағы (парктер, жағажайлар, саябақтар) алаңдар, көліктер тұрақтайтын алаңдар және тағы басқа.
8. Кіші сәулеттік құрылым – сәндік үлгімен салыстыра отырып
көлемі бойынша үлкен емес нысандарды жасау және оны тәжірибеде пайдалану:
сәндік құрылыс – мүсіндер, фонтандар және сәндік суайдындар, бедерлі суретті төсеніштер, гүлсауыттар, жалауша салғыштар және тағы басқа.
іс жүзінде пайдаланылатын құрылыстар – беседкалар, павильондар, дүңгіршектер, телефондық автоматтар, сәкілер, қоршаулар, көше кестелері, үйлер, жарнамалар, почта жәшіктері және тағы басқа.
9. Ғимараттар – жасанды құрылыс, орнатуға әкелінген және қоршалған құрылыс, құруға арналған жер бетін міндетті түрде бекіту, жағдайға байланысты анықтау, адамдардың мекендейтін және тұратын жерінде пайдалану үшін, өндірістік жұмыстарды орындау, сондай-ақ бағалы заттарды сақтау және орналастыру. Ғимарат жер асты бөлігінде де болады.
10. Құрылыс – жасанды аумақты құрылым, жазықтық немесе ұзындық аумақ, (жер үсті, су беті, және жер асты, су асты) жасанды және табиғи кеңістіктегі шекара және өндірістік жұмыстарды орындау үшін, бағалы заттарды сақтау және орналастыру немесе адамдардың уақытша мекендеуіне, коммуникация немесе жүктерді (төсеніш, өткізгіш) орналастыру. Сондай-ақ құрылыс шығармашылық-эстетикалық, сәндік- қолданбалы, қандай да бір мемориальдық тағайындауға да болады.
11. Жүргінші жүретін жол бөлігі, жүріс – жол элементтері, көлік жүрісін қамтамасыз ететін тұрақ жай және қоғамдық ғимараттар, мекемелерде, кәсіпорындарда және Қызылжар ауданының елді мекендерінің ішінде өзге де нысандарда.
12. Жаяу жүргіншілер жолы – жол элементтері, жаяу жүргіншілерге бағытталған, жүргіншілер жүретін жол бөлігіндегі қиылыстар немесе көгалдан бөлек.
13. Жолдарды күтіп үстау – кешенді жұмыс, жол жағдайларында қайсы бір транспорттық-пайдалануды қолданудың нәтижесі, автомобиль жолдарын пайдалану ережелеріне жауаптылық талаптары.
14. Аумақты тазалау – аумақты тәртіпке келтіру, жинау, тұрмыстық күл-қоқыстарды тасу және (зиян келмейтін) қалдықтарды пайдаға асыру, қоқыс, қар, лас су.
15. Өнеркәсіп және көпшілік тұтынатын шығындылар (әрі қарай шығындылар) – шикізаттардың қалдығы, заттар, жартылай фабрикаттар, басқа да бұйымдар немесе азық түліктер, көпшілік тұтынатын немесе өндіріс құрылғандағы үдеріс, сондай-ақ көпшіліктің өзіндік жарамсыз шығындылары.
16. Тұрмыстық қатты заттар (тағы–ТҚЗ) – көпшілік тұтынатын тұрмыстық қатты қалдықтар.
17. Ірі габариттік қоқыс (тағы – ІГҚ) – көпшілік және шаруашылық әрекеттегі (тұрмыстық техника, жиһаз және тағы басқа) көпшіліктің өзіндік жарамсыз қалдықтары.
18. Рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жер – өз еркімен (рұқсат етілмеген) лақтыру (орналастыру) немесе жинастыру ТҚЗ, ІГҚ, өндіріс және құрылыс қалдықтары, басқа да күл қоқыстар, қар, мұз, жеке немесе заңды тұлғалардың әрекетінің үдерісі.
19. ТҚЗ, ІГҚ жинау және тасып шығару – кешенді шаралар, жүк тасуға арналған арнайы автокөліктерге ІГҚ жүктеу, қоқыс салуға арналған контейнерлерді тазалау, күл қоқыс жинайтын орыннан пайдалануға жарайтын қалдықтарды транспорттау.
20. Өкілетті орган – мемлекеттік мекеме, облыстық тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық өкілеттілігін, коммуналдық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің Қызылжар ауданы әкімшілігі анықтайды.
3. Қызылжар ауданы елді мекендерінің аумағын тәртіпке келтіру
21. Көпшілік пайдаланатын орындарды тәртіпке келтіру және күтіп ұстауға төмендегі жұмыс түрлері жатады:
1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды тәртіпке келтіру және тасып шығару:
2) ірі габариттік қоқыстар мен қалдықтарды тәртіпке келтіру және тасып шығару:
3) жаз мезгілінде сыпыру, суару және жуу:
4) жабайы өсімдіктер мен басқа да қамыстарды жинау және тасып шығару:
5) кіші сәулетті құрылымдарды қалпына келтіру, қоршауларды сырлау және жөндеу;
6) қыс мезгілінде жүретін жолдарды тәртіпке келтіру;
7) қардан тазалау және тасып шығару;
8) жолдың бойы ірі габариттік қоқыстар мен басқа да қоқыстардан тазаланып тұру керек. Жұмысты орындау барысында қоқыстарды қайта орнына қоюға немесе жол бойына тастауға тыйым салынады.
3.2. Жаяу жүргіншілер жүретін жолдар, аялдама және егістік
алаңдарын тәртіпке келтіру
22. Жаяу жүргіншілер жүретін жолдар, көшелерді бойлай орналастыру және жүргіншілер жүретін бөліктегі гүлзарлар, өз бетімен шығуға арналмаған тұрғын үйлер, аула аумақтары, мекемелер, кәсіпорындар, сауда және қызмет көрсету нысандары, өнеркәсіп кәсіпорындары, елді мекендердегі тазалықты сақтауды және қамтамасыз етуді іске асыру.
23. Жаяу жүргіншілер жүретін жолдар туралы, жүргіншілер жүретін бөліктегі гүлзарлар және өз бетімен шығуға арналмаған тұрғын үйлер, мекемелер, кәсіпорындар, сауда және қызмет көрсету нысандары, жинастыру жұмыстары талапқа сай іске асырылады.
24. Жаяу жүргіншілер жүретін жолдар әкелінген тастар мен құмдардың қиыршықтарынан басқа да қоқыстардан таза болуы керек.
25. Елді мекендердегі жолаушылар көлігінің аялдама алаңын тәртіпке келтіру санитарлық тазалықты аудандағы кәсіпорындар іске асырады.
Аялдама алаңдары әкелінген тастар мен құмдардың қиыршықтарынан басқа да қоқыстардан таза болуы керек.
3.3 Қыс уақытында аудан елді мекендерінің жинастырудың ерекшеліктері
26. Тәртіпке келтіру барысында жолдар мен парктер, бульварлар, гүл бағы, және басқа жа жасыл аймақтар қардан тазартылады, химиялық әрекеттер пайдаланылмайды, жасыл желектердің алаңын сақтау мақсатында ерте бастан суды қайтаруды қамтамасыз етеді.
27. Қысқы мерзімде аяқ жолдар, бақтардағы орындықтар, қоқыс салатын жәшіктер басқа да, кіші сәулеттік құрылымдар, сондай-ақ кіре берістегі кеңістіктің іргесі қардан және мұздан тазаланған болуы керек.
28. Жүргіншілер жүретін жолдың бөлігі мұздан, қардан, тазалау және жинау кәсіпорындарды иелігінде.
29. Қарды үйіп қоюға рұқсат етілмейді:
барлық жолдардың қиылысы, көшелер және жүргінші жолдар, темір жолдармен өтетін жолдар бірдей деңгейде:
жол учаскелері, көліктер жабдықтарының қоршаулары немесе жоғары көмкерілген жерлер.
жүргіншілер жүретін жолдар.
30. Қарларды жүргінші жолдарға және саябақтарға ысырып тастауға рұқсат етілмейді.
31. Қарларды тасып шығаруды технологиялық операция екі этаппен іске асырылады:
бірінші кезекте (ішінара) қарды тасып шығару көпшілік
тұрғындар қатысатын орындар (ірі сауда кәсіпорындары, базарлар, автобекеттер және т.б.) емханалар аумағының кіре берісі және басқа да әлеуметтік нысандар.
соңғысы (жалпылай) қарды тасып шығару бірінші кезектегідей жалғаса отырып жұмыстың орындалуын өкілетті органдар анықтайды.
32. Көшелерді және жүретін жолдардан тазалағанған қарларды арнайы белгіленген алаңға шығарады. Қар шығаратын орын анықталмағанда оны тасуға рұқсат етілмейді.
33. Қар жинайтын уақытша орындарды қар ерігеннен кейін қоқыстан тазарту және тәртіпке келтіру жұмыстарын жүргізу керек.
34. Жүргіншілер жүретін жолдар, аулалардың аумақтары және кіре берістер асфальт жолға дейін қардан және мұздан тазартылған болуы тиіс. Мұз (мұздақ) болған жағдайда құм төсеу жұмыстары жүргізіледі.
35.Қар, аулалардың аумағында тазаланған қарды жинап қоюға
рұқсат етіледі, жаяу жүргіншілердің жолдары мен автокөліктер өтетін жолдарға қар бөгет болмауы тиіс.
36.Аула ішіндегі жиналған қар сол аумақта су болып еруі керек.
37. Жан-жағы жабылып қалған ғимараттарды тазарту, жаяу жүргіншілердің жолы, қоршалған қауіпті учаскелерді алдын ала қарап тез арада тиісті шара қолдану керек.
38. Ғимараттардың шатырын қардан тазалау, жұмысты күндізгі уақытта жүргізу, қардан тазалау барысында көшенің жан-жағына қарау, ал жайпақ шатырдың қарын тазалау барысында қар үйдің аумағына лақтырылады. Шатырды қардан тазалау барысында күзету шараларын өткізуқажет, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ғимараттың шатырынан тазаланған қарларды және мұздарды тез арада жинап алып шығару және орналастыру.
4. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету
39. Елді мекендердің аумағына тұрмыстық және құрылыстық қоқыс, өндірістік қалдықтарын, ағаштардың жаңқасын, жапырақтарды, қарларды және тағы басқа тастауға рұқсат етілмейді.
40.Күйген қоқыстарды, жапырақтарды, өндіріс қалдықтарын тастауға кәсіпорын аумағының ішіне және жеке үйлерді пайдаланушыларға рұқсат етілмейді.
41 Өнеркәсіп орындарына және жеке меншіктердің лас суларды көшеге ағызып жіберулеріне рұқсат етілмейді.
42. Су қоймаларына, су колонкасына, жалпы жерді пайдаланушыға, тұрғын пәтерлердің іші мен көліктерді тазалаған лас суларды жіберуге рұқсат етілмейді.
43. Тасылған топырақ, қоқыс, сусымалы құрылыс материалдары, жеңіл ыдыстар, жапырақтар, ағаштың жаңқалары брезентпен немесе басқа заттармен жабылмауы, жолдың бойлары ерекше лас болуы, сондай-ақ қозғалыстағы көліктердің қақпақтары немесе есіктерінің ашық қалуы, тасып әкелінген қоқыстарға рұқсат етілмейді.
44. Әр түрлі нысандарды саябақтарға, гүлбақтарға, жүргіншілер жолына, балалар алаңына, ғимараттың арқа бетіне орналастыруға рұқсат етілмейді.
45. Елді мекендердің атқарушы органдары белгілемеген орынға жарнамаларды, хабарламаларды, афишаларды үгіт-насихат материалдарын одан басқа да ақпараттық шолуларды жапсыруларына орналастыруларына рұқсат етілмейді. Жарнамалайтын өнімдерді іліп қоюға меншікті нысандарда рұқсаты болғанда жіберіледі.
46. Басып шығарылған үгіт-насихат материалдарын лақтыруға рұқсат етілмейді.
5. Қызылжар ауданының елді мекендерінің аумақтарындағы қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, шығару және пайдаға асыру
47. Үй иеленуші көлік кіруге қолайлы етіп арнайы коқыс салатын жәшікке арналған алаң бөлу керек. Қатты тұрмыс қалдықтарын жинауға арналған металл жәшіктер қабылданады.
48. Қатты тұрмыстық қалдықтар қоқыс шығаруға арналған көліктермен, үйді пайдаланушылардан шыққан сұйық шығындылар ассенизациондық вакуумдық көліктермен шығарылады.
49. Қоқыс салатын жәшік орналасқан аумақта төмендегіше талаптар орындалуйы тиіс:
1) жәшік тұратын алаң, жүретін және кіре беріс жолдары қатты жамылғы:
2) қоқыс салатын жәшік орналасқан аумақ қоршаумен қоршалған, қоқыстың жайылып жатуына қосымша аумақ бөлу.
3) аумақпен іргелес жатқан және қоқыс салатын алаңдардың санитарлық талапқа сай болуын қамтамасыз ету:
4) қоқыс жәшігіне тұрмыстық қалдықтарды күйдіруге рұқсат етілмейді;
5)қыс уақытында – қоқыс салатын алаңның кіре берісін тұрғындардың пайдалануларына және арнайы автокөліктің өтуіне ыңғайлы етіп қардан және мұздан тазалау.
6) азық-түлік қалдықтары, қатталып қалған шірінділер, және сұйық заттар, іркілдек және иленіскен шығындыларды, полиэтиленді пакеттерге және герметикалық ыдыстарға салып жинау, қалдық қоқыстарды жайғастыру;
7) ірі картондарды қатар жинау, теңдеп байланыстыру;
50. Қоқыстарды жинау, қоқыс төгетін көліктерге қоқыстарды жүктеу, ТҚЗ және ІГҚ қалдықтарын шығаруды ұйымдардың жұмысшылары іске асырады.
51. Автобекеттерде, базарларда, демалыс орындарында, алаңдарда, мекемелер мен ұйымдарда, денсаулық сақтау орындарында және басқа да көпшілік жиналатын орындарда, көшелерде, қоғамдақ жолаушылар көлігінің аялдамаларында, сауда нысандарының кіре берістерінде қоқыс салуға арналған сауытты жабдық қойылған болуы керек. Сауытты жәшік тұрғындар жиналатын алаңнан кемінде 40 метр қашықтықта, ал аулада, паркте, алаңда және басқа да аумақта аралығы 10-нан 100 метрге дейін орналасады;
Қоғамдық жолаушылар көлігі аялдамасында және сауда орындарының кіре берісінде екі қоқыс салатын сауытты жәшік қойылады.
52. Қою және сауытты жәшікті тазарту жұмыстарына аумақты пайдаланып отырған кәсіпорындар мен шаруашылық субъектілердің келісімімен мемлекеттік тапсырыс жасалғанда бұл жұмысты кәсіпкер- мердігерлер жүргізеді.
53. Қоқыс салатын сауытты жәшік ластанғанда аптасына бір рет тазартылады.
6. Кіші сәулеттік құрылымдарды күтіп ұстау
54. Құрылыс тұрғызылған аумақтар, қоғамдық аймақтар, саябақтар, көшелер, бақтар, кіші сәулеттік құрылымдағы демалыс бақтарындағы алаңдар, гүлзарлар, орындықтар, фонтандар, балаларға және ересек тұрғындарға арналған орындықтар, газеттерге арналған қабырғалықтар, сөйлесу пункттері, автокөліктерді күтуге арналған павильондар.
55. Шағын аудандардағы тұрғын үй алаңдары және қоқыс салатын жәшіктерге арналған кварталдар, төсеніштерді кептіру, демалу, балалар ойыны, спортпен айналысу, үй жануарларын серуендету, автотұрақ, парк, жасыл желек орындары.
56. Саны, жайғастыру және алаңның жабдықтары құрылыс және санитарлық талапқа сай болуы керек.
57. Тұрғын үйлердің аумақтары, шағын аудандар, сондай-ақ үй жанындағы аумақтардың шекараларындағы жер телімдерін ұстау тәртібі төмендегіше;
жабылған көпірлердің жағдайын түзету, жаяу жүргіншілер жүретін жолдар;
құрылыс материалдарының жүктеу үйдің жанындағы аумақта рұқсат етілмейді.
құдықтарды тазалау, уақтылы бақылау өткізу, инженерлік жүйе оның теңгерімі (шаруашылықтар енгізу немесе нақты басқарма) күтіп ұстау және түзету жағдайлары;
сәулетті құрылымдар, балаларға, ойындарға, спортқа арналған жабдықтар және шаруашылық алаңдары, қоршаулар және шарбақтар, олардың сыртқы көріністерін күтіп ұстау және түзету жағдайлары;
58. Үйдің жанындағы аумақтарда тыйым салу;
Апатты жағдайлардан кейін тәртіпке келтіру жұмыстары кезінде, аумақта жинастыру жұмыстарын жүргізгенде сағат 23 пен 6 аралығынан басқа уақытта тыныштық пен тәртіп бұзу болып табылады;
рұқсат етілмейді:
тұрақжай, ауладағы жасыл аймақта жеке және қызметтік көліктердің жүруіне және квартал ішілік аумаққа, балалар алаңына, жаяу жүргіншілердің жолына;
тұрақжай және автопарктер арнайы бөлінбеген және орны белгіленбеген немесе белгі қойылмаған жерге.
59. Апаттар, жер асты және жер үсті коммуникациялық жұмыстарын жүргізу немесе құрылыстарды пайдалануға беруде азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп-қатер төнбеуіне, олардың дұрыс жұмыс істеуіне, су беру нысандары ластанғанда, төтенше жағдайлар көрініс тапқанда қысқа мерзім ішінде көтерілген мәселелерге байланысты шаралар қабылдау және талап ету.
60. Апатты жағдай пайда болған мекеменің хабарлауымен апаттық бригада бір мезгілде апат болған орынға жіберіледі, жер асты және жер үсті құрылыстары айналасында, қоғамдық қызмет көрсету жолаушылар көлігінде, Қызылжар ауданының ІІБ жол полициясы бөлімі және басқа да қызметтерге Қызылжар ауданының коммуналдық шаруашылық өкілетті орган болып табылады.
61. Заңды және жеке тұлғаларға, жер асты немесе жер үсті коммуникациялық апатты аумақтың сызбаларын жасап, ақпараттандыру және басқа орындарға көшіру және жайғастыру орындарын көрсету.
62. Егер апатты жою талап етілгенде кіре беріс жартылай немесе толықтай жабылады, Қызылжар ауданының ІІБ жол полициясы бөлімі кіре берісті жабуға уақытша шешім қабылдайды, көліктерге айналып өту бағыты қаралады.
63. Апатты жұмыс орындарын тақтайлармен қоршау және апатты жұмыс жүргізіліп жатқанын білдіретін қызыл габариттік шырақтар орнату. Қызылжар ауданының ІІБ жол полициясы бөлімінің келісімімен көшелердің апатты бөлігіне өтпейтін қажетті белгілер қою. Апатты жою жұмыстары бойынша тұлғаларға жауапкершілікті ескерту, апат орындарын қоршау, жол белгілері бойынша бүтіндей жұмысты аяқтау.
64. Апат салдарын жою және апат орын алған өндірістегі жерді көркейту жұмыстарына қажетті құжаттардың мерзімін тәуліктен кешіктірмеу. Апат орын алған жерді өңдеу жұмыстарына рұқсат ету, құжатталмаған жағдайда қазу жұмыстарын тоқтату мерзіміне рұқсат етілмейді және кәсіпорын өз жауапкершілігін заңнамаға сәйкес жүзеге асырады.
65. Апат жұмыстар аяқталған соң жер иелері жедел түрде көркейту жұмыстары мен бұзылған жолдарды орнына келтіру жұмыстарын жүзеге асырады. Апат жұмыстарынан кейін асфальт жолды қалпына келтірудің сапалық жұмыстарының уақыты екі жылдан кем болмауы тиіс.
66. Апат кезінде сылтауратуға, жұмыс жоспарларын өңдеуге,
үзілді-кесілді рұқсат етілмейді.
9. Жасыл желектерді қорғау және күзету
67. Қызылжар ауданында жалпы халықтың денсаулығының басты факторы жасыл желектермен безендіру жұмыстары болып табылады. Оны күтіп ұстау және күзету әрбір жеке және заңды тұлғалардың міндеті.
68. Бөлінген аумақтарда өсірілген жасыл желектерді сақтау және күтіп ұстау жерді пайдаланушыларға, олардың иелеріне, жеке және заңды тұлғаларға беріледі.
1) Жалпы пайдаланылатын нысандар (парк, саябақ, аллея және тағы басқа) және аудандық бюджет есебінен келісім шарт негізінде көшені бойлай жаяу жүргіншілер жүретін жолдарға дейін жұмыс жүргізетін кәсіпорындар.
2) Өндіріс кәсіпорындарының аумағында, мекеме, ұйым, басқа да меншік түріндегі өндірістік кәсіпорындар, олармен қиылысқан аумақтар және санитарлық қорғау аймағы осы нысанды иеленушіге немесе кәсіпорын басшысына беріледі.
3) Құрылысқа бөлінген аумақты жұмыс басталғаннан кейін тапсырыс беруші немесе оның сенімді мердігері – құрылыс мекемесіне беріледі.
69. Жасыл желектерді қайта отырғызу және дақ түскендерін алып тастау кезінде жер асты коммуникациялары мен инженерлік жүйелердің құрылымының рұқсатымен қайта отырғызылады.
70. Өсіру жұмыстары кезіндегі қажеттіліктер:
1) зақымданған жасыл желекті қоршау
2) қала жолдарын, жаяу жүргіншілер жолдарын, қиылыстарын,
діңгекті айнала қазылған шұңқырларға, тас төсегенде және
асфальттағанда диаметрі 1 метрден кем емес орын қалдыру.
3) Жасыл желектерді күтіп баптағанда,соның ішінде:
қоқыстарды жинау, гүлдестелерді тырмамен тырмалау, құрғақ жапырақтарды жинау, арамшөптерді жұлу, гүлдестелерді ору, бұтақтарды қырқу;
шұңқырдағы ағаш діңгектерді құру кезінде топырақты қопсыту, ағаштарды ағарту;
жасыл желектерді, гүлдестелерді, гүлзарларды суару;
ағаш тамырларын, құрғақ жапырақтарды, өскіндерді сынған
бұтақтарды қию;
ағаштарды, бұтақтарды жаңарту, (мамандардың кеңесімен) кеуіп қалған және ауру ағаштарды жою (комиссия актісі бойынша) жасыл қордағы ағаштар мен бұтақтарды жөндеп отырғызу өз күштерімен ауыл шаруашылық зиянкестеріне, ауруларына қарсы күресті тыйым салынған арамшөптермен күресті жүйелі жүргізу немесе өсімдіктерді қорғау станциялары мен келісім шарты негізінде жұмыс алып бару.
Гүлдестелерде, саябақтарда және басқа да жасыл желектердің басқа да орындарда көлік тұрақтарына рұқсат етілмейді.
Саябақта және паркте жапырақтарды өртеуге рұқсат етілмейді.
71. жасыл желектердің аумағында рұқсат етілмейді;
1) құрылыс материалдарын жер, ағаш, көмір, бұтақтар, басқа да бүлінген механикалық заттарды жинастырып қоюға;
2) гүлдестелердің, гүлзарлардың, шұңқырдағы ағаш діңгектердің ластануына;
3) гүлдестелердің үстімен жүруге, ағаштарды бұтақтарды сындыруға және кесуге;
4) қолдан егілген ағаштар мен бұтақтарды пайдалануға;
5) бақшалардағы гүлдерді жұлуға, көпжылдық өсімдіктерді және түйнекті өсімдіктерді қазуға;
6) гүлдестелер мен гүлзарларда моторлы автокөліктердің жүруіне;
7) жапырақтарды күйдіруге, көкөністердің гүлдестелерін жұлуға, ағаштарды өткізіп жапсыруға;
Сым темір, әткеншек, арқан, жарнама және таблицалар, бау- бақшаның құрал-жабдықтарын бүлдіруге;
8) жалпы пайдалану орындарында мал жаюға, құс, иттің серуендеуіне;
9) цемент қоспаларын дайындауға немесе гүлдестелер мен гүлзарларды бетондауға;
10. Қызылжар ауданы елді мекендерінің аумағын тәртіпке келтіруді ұйымдастыру, санитарлық жағдайына, көркейту жұмыстарына бақылау жүргізу жөніндегі мемлекеттік органдар мен уәкілетті органдардың міндеттері
72.Қазақстан Республикасының заңына сәйкес осы Ережені сақтауды бақылау қоршаған ортаны қорғау ұйымы, ішкі істер, құрылыс, өртке қарсы және санитарлық бақылау ұйымдардың құзіреттеріне қарайды.
73. Қызылжар ауданының елді мекендерін көркейту жағдайларын жалпы бақылауды,қарау және тексеруді, мемлекеттік бақылау-қадағалау ұйымдары мен өкілетті ұйымдардың координациялық комиссиясының құзіретінде болады.
11. Ережені бұзғаны үшін заңды және жеке тұлғалардың жауапкершілігі
74. Осы Ережені бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы заңына және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі Кодексіне сәйкес кінәлі болып, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған тәртіп бұзушы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бүлінген материалдық шығынды өтеуге міндетті және тәртіп бұзушылыққа жол берілгенін мойындайды.