Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихаттың 2012.06.18 N 6/6 Шешімімен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 6-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына сәйкес, Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Берілген қосымшаға сәйкес ауданның елді мекендерін абаттандыру және санитарлық тазарту ережелері бекітілсін.
2. «Ауданның елді мекендерін абаттандыру және санитарлық тазарту ережелері туралы» аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 20 наурыздағы № 7/10 (2008 жылғы 28 сәуірдегі 13-8-76 тіркелу нөмері) шешімінің күші жойылған болып есептелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
А. Недра А. Молдахметова
Қызылжар аудандық мәслихатының
2009 жылғы желтоқсандағы
20 сессиясының N 4 шешiмiмен
бекiтiлген
Қызылжар ауданының елді мекендерін абаттандыру және жасыл өсімдіктерін қорғау ережелері
1. Жалпы ережелері
1. Осы ережелер Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3, 300, 387-баптарына, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 3-бабына, Қазақстан Республикасындағы "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Заңының 6-бабына сәйкес әзірленді.
Ережелер абаттандыру, егістерді қорғау, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы инфрақұрылым объектілерін күтіп ұстау мен қорғау саласында жеке және заңды тұлғалардың қарым-қатынасын реттейді және жауапкершілігін анықтайды.
2. Осы ережелерде қолданылатын негізгі ұғымдар мен түсініктер
2. Елді мекенді абаттандыру – елді мекен аумағындағы адамдардың өмір тіршілігіне қолайлы, салауатты және ыңғайлы жағдай жасауға бағытталған элементтер мен жұмыстар кешені.
3. Аула ішілік аумақтар - шағын сәулет нысандарын, балалар, кір жаю, контейнер алаңшаларын, автокөлік аялдатуларын, сәндік құрылғылар орнату, үйге кіретін жолдар, аулаға енетін жолдар үшін пайдаланылатын жерлер.
4. Бөлінген аумақ - жер пайдаланушының иелігіне тапсырылған немесе Қазақстан Республикасының заңнамалармен қарастырылған, уәкілетті органдардың құқықтық шешімдеріне сәйкес пайдалану үшін, өзіне жататын объектілерді орналастыруға берілген жер учаскесі.
5. Іргелес жатқан аумақ - тікелей ғимараттар, орын-жайлар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және заңды немесе
жеке тұлғалардың балансындағы меншігінде, иелігінде, жалға алып пайдаланылуындағы, пайдалануындағы басқа объектілер шекараларына (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ.
6. Жерді пайдаланушы - мақсаты мен меншік түріне қарамастан, (кәсіпорындар, ұйымдар, коммерциялық құрылымдар, кәсіпкерлер, жеке меншік секторындағы үй иелері, пәтер иелері кооперативтері және басқалар) елді мекен шекарасында жер учаскелерін пайдаланушы заңды немесе жеке тұлға.
7. Жалпы пайдалану орындары - демалыс аймақтары (саябақтар, жағажайлар, тынымбақтар), алаңдар, көлік аялдамалары және т.б.
8. Шағын сәулеттік нысандар – көлемі жағынан кішкене әсемдік, сондай-ақ іске жарамды сипаттағы объектілер:
сәндік құрылғылар - мүсіндер, бұрқақтар мен әсемдік су тоғандар, стеллалар, оймабедерлер, гүл құмыралары, ту салғыштар және басқалар;
іске асыру сипатындағы құрылғылар - демалу орындары, павильондар, дүңгіршектер, сауда арбалары, телефон және сауда автоматтары, аттракциондар, орындықтар, қоршаулар, қоқыс қораптары, көшелер, үйлер мен жарнама тақтайшалары, пошта жәшіктері және басқалар.
9. Ғимарат – көтергіш және қоршау құрылғыларынан тұратын, міндетті түрде жер үсті тұйық көлемін жасайтын, функционалдық қызметіне қарай, адамдардың тұруы немесе болуына, өндірістік істерді орындау үшін, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыру мен сақтауға арналып салынған жасанды құрылыс. Ғимараттың жер асты бөлігі болуы мүмкін.
10. Орын-жай - өндірістік үрдістерді орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыру мен сақтауға немесе адамдар мен жүктердің уақытша тұруына (ауысуына), сондай-ақ құралдарды (құбырлар, сымдар) немесе коммуникацияларды орналастыруға арналған, көлемді, жазықты немесе тізбекті салынған жасанды құрылыс (жер үсті, су үсті немесе жер асты, су асты). Құрылғы сондай-ақ көркем-эстетикалық, сәндік-қолданбалы немесе мемориалдық болуы мүмкін.
11. Өту жолдары, өтетін жер - тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және басқа да аудандар, шағын аудандар, орамдар ішіндегі қалалық құрылыс объектілеріне көлік құралдарының кіруін қамтамасыз етуші жол элементі.
12. Жаяужолдар - жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолға жалғасып жатқан немесе одан гүл кестемен бөлініп жатқан жолдың бөлшегі.
13. Жолдарды күтіп ұстау – нәтижесінде талапқа сай келетін, жол мен жол құрылғыларының көліктік-тұтыну жағдайы сақталатын, жұмыстар жиынтығы.
14. Аумақты тазарту - аумақты жинау, тұрмыстық қалдықтарды, қоқыстарды, қарды, мұздықтарды жинау, шығару және кәдеге жарату (зарарсыздандыру).
15. Өндірістік және тұтыну қалдықтары (одан әрі - қалдықтар) - өндіру және тұтыну кезінде пайда болған шикізат, материалдар, жартылай өңделген өнімдердің, басқа да бұйымдар мен тағамдардың қалдықтары, сондай-ақ өздерінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан тауарлар (өнімдер).
16. Қатты тұрмыстық қалдықтар - тұтынудың ұсақ тұрмыстық қалдықтары.
17. Ірі көлемді қалдық - өзінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан, тұтыну және шаруашылық қызметінің қалдықтары (тұрмыстық техника, жиҺаз және т.б.).
18. Жөн-жосықсыз төгілетін қоқыстар үйінділері - заңды және жеке тұлғалардың жұмысы кезінде пайда болған қатты тұрмыстық қалдықтар, ірі көлемдегі қалдықтар өндіріс және құрылыс қалдықтары, басқа қоқыстар, қар, мұздарды өз еркімен (жөн-жосықсыз төгілетін) шығару (орналастыру) немесе үю.
19. Катты тұрмыстық қалдықтар, ірі көлемдегі қалдықтар жинау және шығару - қатты тұрмыстық қалдықтар контейнерлерден арнайы автокөліктерге арту, контейнер алаңшаларын және оларға кіретін жолдарды шашылған қоқыстардан тазарту және оларды қоқыс жинау орнынан кәдеге жарату орнына тасымалдау.
20. Уәкілетті орган - тұрғын- коммуналдық шаруашылық оның жолаушылар транспортының және автокөліктік жолдарының саласында құзыры Қызылжар ауданы әкімдігімен анықталған Мемлекеттік Мекеме.
3. Елді мекен аумағын тазарту
21. Жалпы пайдаланылатын орындарды тазарту мен күту жұмыстары мына жұмыс түрлерін енгізеді:
1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау мен шығару;
2) ірі көлемді қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;
3) сыпыру, жазғы мерзімде су құю және жуу;
4) қамыстар мен басқа жабайы өскен өсімдіктерді шабу және шығару;
5) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын жөндеу және сырлау;
6) қысқы мерзімде жол жүру бөлігін механикалық жинау;
7) механикалық жинау кезінде қарды арту және шетке шығару;
8) қарлы үйінділерді күтіп ұстау.
22.Ортақ пайдаланылатын жерлер, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, басқа нормативтік құқықтық актілермен және осы Ереже талаптарына сәйкес ұсталынуы керек.
1. Көшенің өту жолдарын тазарту
23. Жолдардың өту жерлерін барлық ені бойынша тазарту; алаңдардың, көшелердің және елді мекеннің көше желілерін, жол желілерін күту мен тазалау жұмыстарын осы жұмыстарды жүргізуге мемлекеттік тапсырыс жасау шарты негізінде, мердігер-кәсіпорындар жүргізеді.
24. Жол төсемдерін үзіліссіз қоқыстан, батпақтан, қардан, технологиялық тазарту жұмыстарын қамтамасыз ету үшін халықтық жаппай баратын объектілеріне жақын орналасқан магистральды көшелерінің бойына автокөлік құралдарын қоюға жіберілмейді;
25. Өту жолының, көшелердің және кіру жолдарының жол төсемдерін, осьтік жолақтарын, жиектемелерін сыпыру жұмыстары, алдын ала суланғаннан кейін, жоспар-ұдайы жүйеге сәйкес жүргізіледі.
26. Жолдың жүру жағы қандай да болмасын ластан толығымен тазартылуы тиіс. Өту жолдарының қозғалыс сызығымен белгіленген, осьтік жолақтары тұрақты түрде құм мен әртүрлі ұсақ қоқыстардан тазартылуы қажет.
27. Жолдардың жиектері өсімдіктен, ірі көлемді және басқа қоқыстардан тазартылуы қажет. Жұмыстарды жүргізу кезінде қоқысты көшенің және өту жолдарының жағына шығаруға тыйым салынады.
2. Жаяужолдарды, аялдама және отырғызу алаңдарын тазарту
28. Көше мен өту жолдары бойымен орналасқан немесе жол жағынан гүл кестемен бөлінген және тұрғын жай ғимараттарының кіре берісінен, аула аумақтарынан, мекемелерден, кәсіпорындардан, сауда және қызмет көрсету объектілерінен іргелес жатқан қоршауына тікелей шығу жолы жоқ жаяужолдарды тазарту жұмыстары елді мекендердің санитариясын қамсыздандыруын жүзеге асыратын коммуналдық кәсіпорындармен жүргізіледі.
29. Көпірлердегі, жол желілеріндегі жаяужолдарды, сондай-ақ инженерлік құрылғыларға және баспалдаққа шығатын жерлерге жалғасқан техникалық жаяужолдарды тазарту, осы инженерлік құрылғылардың иесі болып табылатын кәсіпорындармен жүргізіледі.
30. Көшенің жол жағынан гүл кестемен бөлінген жаяужолдар және тұрғын жай ғимараттарының кіре берісінен, аула аумақтарынан, мекемелерден, кәсіпорындардан, сауда және қызмет көрсету объектілерінен шығатын жерлердің жол жағын тазарту мен күту жұмыстары кесіп берілген жермен сәйкес орындалады.
31. Жаяужолдар толығымен топырақ-құмнан, әртүрлі қоқыстан тазартылуы қажет.
32. Қалалық жолаушылар көлігінің аялдама алаңдарын тазалау жұмыстарын қаланың санитарлық жинауын жүзеге асыратын кәсіпорындар атқарады. Отырғызу алаңшаларын тазарту жөніндегі жұмыстардың шекарасы
сызба карталарда көрсетіледі. Отырғызу алаңдары толығымен топырақ-құмнан, әртүрлі қоқыстан тазартылуы қажет.
3. Қысқы кездегі қала аумағын тазарту ерекшеліктері
33. Елді мекендерден өту жолдары мен кіру жолдарын қыста тазарту жұмыстары, осы Ережелерінің талаптарына сәйкес жүргізіледі.
34. Саябақтардағы, орман саябақтарындағы, бақтардағы, саяжолдардағы және басқа көгалды аймақтардағы жолдарды тазарту кезінде, осы мақсаттарға бұрын дайындалған алаңшаларға, жасыл отырғызғылардың сақталуы мен еріген сулардың ағуын қамтамасыз еткен жағдайда, құрамында химиялық қоспалары жоқ қарларды үюге рұқсат етіледі.
35. Қысқы кезеңде жолдар, бақ орындықтары, қоқыс салатын қораптар мен басқа да элементтер мен кіші сәулеттік формалар, сондай-ақ олардың алдындағы және бүйірлеріндегі жерлер, оларға баратын жолдар қар мен мұздықтардан тазартылуы керек.
36. Жаяужолдар мен жолдың жүру жағындағы көшелердегі инженерлік желілерде болған апаттан пайда болған мұзшықтар жарылады және осы су басуға себепші болған ұйымдармен шығарылады. Жарылған мұзшықтар белгіленген орындарға шығарылады (қарлы үйінділер).
37. Қар үйінділерін жасауға болмайтын жерлер:
бір деңгейде барлық жолдар мен көшелердің және кіру жолдарының қиылыстарында және темір жолға жақын жолдарда;
көліктік қоршаулармен жабдықталған немесе көтеріңкі жиектемелері бар жол учаскелерінде;
жаяужолдарда.
38. Жаяужолдар мен гүл кестелерге қар шығаруға рұқсат етілмейді.
39. Қар шығарудың технологиясы екі кезеңнен тұрады:
бірінші кезекте қарды шығару (таңдап) жұмыстары орындалатын жерлер: қалалық жолаушыларды тасымалдау көлігі аялдамаларынан, жер үсті жаяу жүргіншілер өтпелерінен, көпірлерден және жол желілерінен, халықтық жаппай баратын орындарынан (ірі сауда кәсіпорындардан, базарлардан, қонақ үйлерінен, сапаржайлардан, театрлардан және т.б.), ауруханаларға кіретін жолдардан және басқа да әлеуметтік маңызы бар объектілерден;
соңғы қар шығару (жаппай) жұмыстары бірінші кезектегі қар шығару жұмыстарынан кейін, уәкілетті органмен қойылған кезекке сәйкес орындалады.
40. Көшелер мен жолдардағы қарды шығару жұмыстары арнайы кесіп берілген, дайындалған алаңшаларға (қарлы үйінділерге)жүргізілуі тиіс. Белгіленген тәртіпте көрсетілмеген жерлерге қар шығаруға жол берілмейді.
41. Қарды уақытша шығаруға берілген орындар, қар ерігеннен кейін қарлы үйінділерді күтіп-ұстайтын мердігер-ұйымымен қоқыстардан тазартылып, көркейтілінуі тиіс.
42. Жаяужолдар мен көпірге шығатын жерлердегі баспалдақтарды тазарту жұмыстарына мынадай талаптар қойылады:
1) жаяужолдар мен көпір құрылғыларына шығатын жерлердегі баспалдақтар жаңа жауған қар мен тапталған қар басып кеткенге (қар-мұздықтарының пайда болуы) дейін барлық еніне дейін тазартылуы қажет;
2) тоқтаусыз қар жауған кезде жаяужолдар мен көпір құрылғыларына шығатын жерлердегі баспалдақтар тайғаққа қарсы материалдармен өңделіп және жаяу жүргіншілер жүруі үшін тазартылуы керек;
3) тайғақ болатыны немесе болу мүмкіндігі жөнінде хабарландырылған жағдайда, бірінші кезекте баспалдақтар, содан кейін жаяужолдар тайғаққа қарсы материалдармен өңделуі керек.
43. Жаяужолдар, аула аумақтары мен кіру жолдары қар мен мұздықтан асфальтқа дейін тазартылуы тиіс, қар мен жарықшақ қар үйетін жерге шығарылуы тиіс. Мұздық пайда болған жағдайда (тайғақ) ұсақ құм себу жүргізіледі.
44. Аула аумақтары мен ішкіорамдардан тазартылған қарды автокөліктің қозғалысына және жаяулардың жүруіне кедергі келтірмейтін орындарға үюге рұқсат беріледі.
45. Аула ішінде қарды үйген кезде, жылғалардың ағып кету жағын қарастыру керек.
46. Жаяу жүргіншілер жағындағы ғимараттың шатырын тазарту жұмыстары жедел түрде, пайда болған кезде, қатерлі учаскені қоршау арқылы, жүргізілуі керек.
47. Көше жағына қараған шатырлардан қар мен мұздықтарды тазарту жұмыстары жаяужолдарға түсіру, тек күндізгі уақытта жүргізілуі мүмкін. Қарды басқа сырғанау жағынан, сондай-ақ жазық шатырлардан түсіру аула аумақтарына жүргізілуі керек. Қарды түсірер алдында жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жасау қажет. Шатырлардан түскен қарлар, мұзшықтар мен сүлгілер жедел түрде жол жағына қарай жиналады және одан әрі көшенің жолын тазартушы ұйыммен шығарылуы үшін орналастырылады.
48. Сарқынды су құбырларының аузына қар, мұз және қоқыстарды тастауға жол берілмейді.
4. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету
49. Елді мекен аумағында тұрмыстық және құрылыс қоқыстарын, өндірістік қалдықтарды, жәшіктерді, ағаш үйінділерін, жапырақтарды, қарды қала аумағына шығаруға жол берілмейді.
50. Кәсіпорындардың және жеке меншік үй иелерінің ішкі аумақтарын қоса алғанда, қоқыстарды, жапырақтарды, жәшіктерді, өндірістік қалдықтарды жағуға, алау жағуға жол берілмейді.
51. Тоғандарға және сайларға өндіріс кәсіпорындарының тазартылмаған суларын және жеке сектордың төгілетін суларын ағызуға жол берілмейді.
52. Көлік құралдарын тұрғын-жай орамдары ішінде және жалпы пайдаланылатын жерлерде, су жібергіш құдықтар, тоғандар, адамдардың демалу орындары, тұрғын үй алдында жууға, тазартуға және жөндеуге жол берілмейді.
53. Жолдарды ластауға жол бермейтін, брезентпен немесе басқа материалдармен жабусыз топырақтарды, қоқыстарды, төгілмелі құрылыс материалдарын, жеңіл жәшіктерді, жапырақтарды, ағаш үгінділерін тасымалдауға жол берілмейді, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына қоқыстарды апаратын арнайы автокөліктерге ашық люкпен жол жүруге жол берілмейді
54. Әр түрлі маңызы бар объектілерді гүл кестелерге, гүлзарларға, жаяужолдарда, балалар алаңшаларына, ғимараттардың аркаларына орналастыруға жол берілмейді.
55. Жергілікті атқарушы органдары белгілеген жерлерден тыс жерлерде хабарландыруларды, жарқағаздарды, баспа үгіт материалдарын, хабарламаларды және басқа да көзбен шолатын ақпараттарды нысандарын орналастыруға, жапсыруға жол берілмейді.
56. Баспа үгіт материалдарын шашып тастауға жол берілмейді.
5. Елді мекендер аумақтардағы қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, шығару және іске жарату
57. Үй-жайлардың аумағына контейнер орнату үшін, көлік өтуге ыңғайлы жолдары бар, арнайы алаңшалар бөлінуі қажет. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін металдан жасалған контейнерлерді қолдану керек.
58. Қатты тұрмыстық қалдықтар қоқыс шығарушы көліктермен жүргізіледі, сұйық қалдықтар кәрізсіз үй-жайлардан бөшкелері бар сорғы көліктермен шығарылады.
59. Контейнерлік алаңшалары бар аумақтарда мына талаптарды:
1) контейнерлік алаңшалар, кіреберістері мен оларға өтетін жолдардың қатты төсемдерінің болуы тиіс;
2) контейнерлік алаңшалар іргелес жатқан аумақтарға қоқыстарды шығармау үшін жаппай қоршалуы тиіс;
3) контейнер алаңшалары мен оған іргелес жатқан аумақты тиісті санитарлық ұсталуын қамтамасыз етуге;
4) контейнерлердегі тұрмыстық қалдықтарды жағуға жол бермеуге;
5) жылдың қысқы мерзімінде контейнерлік алаңшаға арнайыландырылған автокөліктің жұмысына және халықтың пайдалануына қолайлы жағдай туғызу мақсатында кіреберістері мен оларға өтетін жолдардың қар мен мұздан тазартылуын қамтамасыз етуі керек.
60. Контейнерлер орнату үшін алаңшалар тұрғын-жай және қоғамдық ғимараттардан, спорт алаңшаларынан және халықтық дем алатын орындарынан кем дегенде 25 метрдей және 100 метрден аспайтын қашықтықта болуы керек. Алаңшаның көлемі 5 контейнерлер санынан кем емес орнатуға есептелген.Контейнерлер мен алаңшаның шегіне дейін шақырым 1 метрден кем емес болуы тиіс.
61. Контейнерлерден қоқыс шығарушыларға арту кезінде түсіп қалған қоқыстарды жинау жұмыстары қатты тұрмыстық қалдықтар, ірі көлемдегі қалдықтар шығаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлері.
62. Сапаржайларда, базарларда, әуежайда, саябақтарда, демалыс аймақтарында, алаңдарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде және көпшілік баратын жерлерде, көшелерде, қоғамдық жолаушылар көлігі аялдамаларында, сауда объектілеріне кіреберістерде қоқыс салатын қораптар орнатылуы керек. Халық көп келетін орындарда қораптар бір бірінен 40 метрдей қашықтықта аулаларда, саябақтарда, алаңдарда және басқа аумақтарда 10-нан 100 метрге дейінгі арақашықтықта қораптар орнатылады. Қалалық жолаушылар көліктері аялдамаларында және сауда объектілеріне кіреберістерде екі қораптан орнатылады.
63. Қораптарды орнату мен тазалау жұмыстары мемлекеттік тапсырыс шартына сәйкес аумақты пайдаланушылармен және иелігінде немесе қолданылуында аумақтары бар шаруашылық жүргізу субъектілерімен мердігермен жүргізіледі.
64. Қораптарды жуу жұмыстары кірлеуіне қарай, аптасына бір рет орындалады. қалалық жолаушылар көліктері аялдамасында орналасқан қораптары.
6. Шағын сәулет нысандарын күтіп ұстау
65. Тұрғын-жай құрылысы аумақтары, қоғамдық аумақтар, саяжолдар, көшелер, желекжолдар, саябақтар, демалыс алаңдары шағын сәулеттік нысандармен: демалу орындарымен, көлеңкелейтін қалқалармен, гүлзарлармен, орындықтармен, қораптармен, бұрқақтармен, балалар ойнайтын, ересек адамдар демалатын құрылғылармен, қабырға газеттерімен, қоршаулармен, телефон будкаларымен (қалқалармен), автокөлік күтуге арналған павильондармен жабдықталады.
7. Тұрғын жай орамдары мен шағын аудандарды абаттандыру
66. Шағын аудандар мен орамдардың тұрғын жай аймақтары: қоқыс контейнерлерін қоятын, кір кептіретін, демалатын, балалардың ойнайтын, спортпен айналысатын, үй жануарларын қыдыртатын, автотұрақ, аялдату, жасыл аймақ үшін алаңшалармен жабдықталады.
67. Алаңшалардың саны, орналасуы мен жабдықталуы құрылыс және санитарлық нормаларға сәйкес болуы тиіс. 68. Тұрғын жай орамдары, шағын аудандар аумақтарында, сондай-ақ кесіп берілген жер учаскелері шегінде аумағының аула маңы аумақтарында мына тәртіп сақталуға міндетті:
көтермелердің, жаяужолдардың, жүргіншілер жолының, орамішілік кіреберістері мен жолдарының төсемдерін қалыпты жағдайда ұстауға;
аулаларға өздігінен түрлі шаруашылық немесе қосалқы құрылыс (гараждар және басқа) салуға жол бермеуге;
аулаішілік аумақтарды құрылыс материалдарымен үйіп тастауға жол бермеуге;
өзінің балансындағы (шаруашылық жүргізуші немесе жедел басқару) инженерлік желілерді қалыпты жағдайда ұстауға, құдықтарды уақытында қарап, тазартуға;
шағын сәулет нысандарын, спорттық, ойын, балалар мен шаруашылық алаңшаларының жабдықтарын, қоршаулар мен қашаларын қалыпты жағдайда ұстауға, олардың сыртқы түрінің ұқыптылығын сақтауға.
69. Аулаішілік аумақта:
аумақты тазарту немесе апатты жағдайларды жою жұмыстарынан басқа, сағат 23-тен сағат 6-ға дейін, тыныштық пен тәртіпті бұзатын жұмыстарды жүргізуге;
аулаішілік және ішкіорам аумағындағы жасыл аймаққа, балалар алаңшасына, жүргіншілер жолына қызметтік және жеке меншік автокөлікпен кіруге, қоюға;
көлік құралдарын қоюға және (немесе) аялдатуға арнайы бөлінбеген және белгілермен белгіленбеген орындарға қоюға жол берілмейді.
8. Апатты жұмыстарды жүргізу
70. Пайдалану кезінде немесе жерасты және жерүсті коммуникацияларында құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде пайда болатын апаттар, олардың дұрыс жұмыс жасауына немесе азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп тудыруға әкеліп соғатын, су объектілерінің ластануы төтенше жағдай болып табылады және олардң қалыпты жұмысын аз мерзімде орындау шараларын талап етеді.
71. Апаттың бригаданы апат орнына жіберумен қатар пайдаланушы ұйым апаттың сипаты мен орны жайында, осы апат ауданында жерасты және жерүсті құрылғылары бар ұйымдарға және басқа да мүдделі қызметтерге хабарлайды.
72. Аймағында коммуникациялары бар заңды және жеке тұлғалар, хабарды алғаннан кейін апат орнына өздерінің орындалған сызбаларымен бірге уәкілдерін міндетті түрде жіберулері керек, ол осы жердегі орналасқан мекемеге қарасты құрылғылар мен коммуникацияларды көрсетуі керек.
73. Егер де апатты жою жұмыстары жолдың толық және жартылай жабылуын қажет еткен жағдайда, жолдың уақытша жабылуы туралы, көліктің айналып жүру бағыты және зақымдалған желілердің қожайындарымен бірге зақымның жою мерзімін бекіту жөнінде жедел шешім қабылдайды.
74. Апат жұмыстары жүргізілетін орын қалғандармен немесе белгіленген үлгідегі апаттың жарық құрылғысы және үлкен қызыл түсті шамдары бар қорғандармен қоршалады. Көшенің (магистральдың) жол жағына қажетті жол белгілері орнатылады. Жұмыстардың толық аяқталғанына дейін, апатты жою жұмыстарын жауап беруші тұлғалар апаттың жарықтандыру, қоршау (қалған) орнату, жол белгілерінің қойылу жұмыстарына жауапты.
75. Апаттың салдарын жою және аумақтық абаттандырылуын қалпына келтіру үшін, апат болған күннен бір тәуліктен асырмай, жер жұмыстарын жүргізуге рұқсат алуы қажет. Көрсетілген мерзімге дейін жер жұмыстарын жүргізуге рұқсат қағазын жасамаған жағдайда қазу жұмыстары жөн-жосықсыз болып саналады.
76. Бұзылған жол төсемдері мен басқа да абаттандыру элементтерін қалпына келтіру жұмыстары осы кәсіпорынмен апатты жұмыстар аяқталғаннан кейін тез арада жасалады.
77. Апатты, жоспарлы жұмыстарды жүргізуге қатаң түрде тыйым салынады.
9. Жасыл өсімдіктерді қорғау және күзету
78. Жасыл өсімдіктер жалпы ұлттық игілік, маңызды емдеу факторымен және елді мекеннің әшекейі болып табылады. Олардың қорғауы мен күтіп ұстауы - әр заңды және жеке тұлғалардың міндеті.
79. Жасыл өсімдіктердің ағымдағы күтіп ұстауы, сақталынуы мен жаңартуы аумақ тиесілі заңды және жеке тұлғаларға, иелеріне және жер пайдаланушыларға жүктелінеді:
1) тұрғын шағынаудандарда, тұрғын үйлер алдындағы құрылыстардан бастап жаяужол сызығына дейін көшелерде – пәтер иелері коперативтері, тұрғын қорының иелері;
2) Жалпы пайдалану объектілерінде (саябақтар, тынымбақтар, саяжолдар және т.б.) және жаяужол сызығына дейін көше бойынша - жергілікті бюджеті есебінен шарттық негізінде жұмысты орындайтын кәсіпорындар;
3) өндірістік кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер және меншіктің түрлі нысанадағы басқа да объектілер аумағында, сондай-ақ оларға тиесілі аумақта және санитарлық-қорғау аймақта – кәсіпорындарының бастықтары мен осы объектілерінің иелері,
4) құрылысқа деп кесіп берілген аумақтарда, жұмысты бастаған күннен бастап - талап беруші немесе оның сенімхаты бойынша бас мердігер - құрылыс ұйымы,
80. Құрылыстың аясына түсіп жатқан жасыл өсімдіктерді алып тастау және қайта салу, жер астындағы коммуникацияларды және инженерлік жүйелерді жіберу жасыл өсімдіктерді жаруына немесе жер астынан алуына рұқсат болған кезде ғана жол беріледі.
81. Жұмыс жүргізген кезде қажет:
1) жасыл өсімдіктерді бұзушылықтан қоршауға,
2) елді мекендерін жолдарын, жаяужолдарын, өту жолдарын, алаңшаларды салған кезде 1 метрден кем емес диаметрмен шұңқырды қалтыруға,
3) жасыл өсімдіктерге күтім көрсету, соның ішінде:
қоқыстарды жинау, көгалдарды тырнақшамен жинауға, құрғақ жапырақтарды жинау,
арамшөптерді жұлу, көгалдарды шабуға, бұталарды қию;
ағаштардың шұңқыры құралымен жерді қопсыту, ағаштарды ағарту;
жасыл өсімдіктерге, көгалдарға, гулшараларға су құю;
ағаштардың жапырағын кесу, құрғақ бұтақтарды, сынық бұтақтарды кесу;
ағаштарды, бұтақтарды жаңарту (мамандардың консультациясы бойынша);
ауру және құрғақша ағаштарын алып тастау (комиссияның актісі бойынша);
бар болатын жасыл қорда ағаштардың және бұтақтардың жөндеу отырғысы;
жүйелі ауылшаруашылық зиян келтірушілермен және аурулармен, карантиндік арамшөптермен өз күшімен немесе өсімдіктерді қорғау станцияларымен шарт бойынша күрес жүргізу;
көгалдарда, саябақтарда және басқа да жасыл өсімдіктер бар жердерде транспорттық қаражаттың тұрағына жол берілмейді;
кесіп берілген учаскілер немесе қиыстыру далаға. Тұрғын құрылыс аумағында, саябақтарда және саяжолдарда жапырақтарды жағуына жол берілмейді.
82. Жасыл өсімдіктер аумағында мыналарға жол берілмейді:
1) құрылыс материалдарын, топырақты, ағашты, көмірді және басқа да заттарды жинау,
2) көгалдарды, гүлшараларды, шұңқырларды қоқыспен толтыру,
3) көгалдар үстінде жүру, ағаштарды, бұтақтарды сындыру мен кесу, басқа да механикалық бұзушылықтарды келтіру,
4) ағаштардың және бұтақтардың өз еркіні бойынша кесуін жүзеге асыру,
5) қоршамдарды құру, гүлдерді жырту, көп жылдағы гүлдердің түйнектерді мен сайнақтарын қазу;
6) көгалдарды және гүлшараларға автотранспортты орналастыру,
7) жарпырақтарды жағу, көгалдарда көкөністерді өсіру, ағаштарға сымдарды, әткеншектерді, жіптерді, жарнамаларды және кестелерді орналастыру, баубақша-саябақ құралдарын бұзу;
8) ортақ пайдаланылатын орындарда малды, құсты жаюға, иттерді қыдырту;
9) гүлзарлар мен гүлшоқтарында цемент қоспасы немесе бетонды дайындау.
10. Қағиданы бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі
83. Осы қағидаларды бұзғаны үшін кінәлі жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары мен Қазақстан Республикасындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес жауапкершілікке шақырылады. Әкімшілік жауапкершіліктің қолданылуы, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, тәртіп бұзушыны онымен келтірілген материалдық зиянды төлеу және жіберілген кемшілікті жою міндетінен босатпайды.