Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2009.12.04 N 392 қаулысы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы»Заңының 35-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы № 107 «Әкімшілік процедуралар туралы» Заңының 9-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 «Жеке және заңды тұлғаларға көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй қажетті азаматтарды есепке алу және кезекке қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында алғашқы ресми жарияланған сәтінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т. Абдоллаевқа жүктелсін және аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Т.Бұхановқа жүктелсін.
Аудан әкімі Е. Мәмбетов
Қызылжар ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 06 маусымдағы № 214
қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандарты «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй қажетті азаматтарды есепке алу және кезекке қою»
1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге қажетті азаматтарды есепке алу және тіркеуге кезекке қою.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету түрлері:
Ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын нормативтік құқықтық актінің (заңнамалық акт, Қазақстан Республикасы Президентінің актісі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісі) атауы мен бабы (тармағы).
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуір № 94-1 «Тұрғын үй қатынастары» Заңына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 «Әкімшілік процедуралары туралы» Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30 маусымдағы № 558 «Мемлекеттік қызмет көрсетудің Типтік стандарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес.
4. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе өзге де субъектілердің атауы:
«Қызылжар аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесі.
Мекен жайы: 150700 Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл селосы, Гагарин көшесі - 11, телефон 2-01-14
5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны және оның нәтижесі:
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін баспананың есебінде және кезегінде тұрған азаматтарға қызмет түрін ескерту, хабарлау.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалардың санаты.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы сол елді мекеннің тұрақты тұрғыны есебінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу мүмкіндігіне ие.
1. Әлеуметтік қорғалмаған, аз қамтылған тұрғындардың қатарында т с с.
1) Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектер, тағы осындай қатардағы тұлғалар.
2) 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектер ( ерекше тұлғаларға, мүгедек орнында)
3) мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар.
4) Созылмалы немесе ауыр науқаспен ауыратын тұлғалар.
5) Жасы толған зейнеткерлер.
6) кәмелет жасына толғанға дейін ата-анасынан айрылғандар, жиырма жасқа жетпеген жетім балалардың әскери қызметін өтеу мерзімі ұзартылғанда.
7) репатриацияланушылар.
8) техногендік апаттар мен төтенше жағдайлардан және экологиялық апаттан үйлерінен айрылған тұлғалар:
9) Көп балалы отбасылар.
10) құқықтық тәртіпті күзету, адам өмірін сақтап қалу, әскери қызмет, қоғамдық міндеттер мен мемлекеттік тапсырманы орындау барысында қаза тапқан тұлғаның отбасылары:
11) Толық емес отбасылар.
12) Мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік мекемелердің жұмысшылары, әскери қызметтегі тұлғалар мен мемлекеттік қызметке сайланған лауазымды тұлғалар.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 71-бабы 3-тармағына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй қажеттілігі бойынша есепке алынған азаматтар өтініш білдірген бір айдың ішінде жергілікті атқарушы органдар олардың отбасы мүшелерін, тұрақты мекен-жайларын анықтайды.
Шешім қабылданғаннан кейін өтініш иесіне жазбаша мәлімдеме жіберіледі.Онда мерзімді уақыты көрсетіледі.
8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы екендігін және тегін екендігін көрсету. Ақылы болған жағдайда құнын, төлеу нысанын, мемлекеттік қызметтің құнын (алым, төлем) төлеу кезінде толтырылуы талап етілетін құжаттың қажетті түрлерін (түбіртек) көрсету.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және қол жетімділігіне қойылатын талаптар туралы ақпарат көзі ретінде мемлекеттік қызмет көрсету стандартын міндетті түрде орналастыру орнын көрсету. Бұл стандартты ресми түрде жариялау көзіне, мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік қызмет көрсететін өзге де субъектінің сайтына немесе мемлекеттік қызмет
көрсету орындарының мекен-жайына сілтеме болуға тиіс.
«Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік қызмет көрсету орны болып белгіленген.
Мекен-жайы. 150700 Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл селосы, Гагарин көшесі 11, телефон 2-01-14.
10. Жұмыс кестесін (күндер, сағаттар, үзілістер) көрсету, қызметті алу үшін (алдын ала жазылуға бола ма) шарттары мен талаптарын көрсету (жедел қызмет көрсету бар ма) шарттары мен талаптарын көрсету».
«Қызылжар аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс уақыты түскі 13- ден 14-ге дейін.
11. Қызмет көрсетілетін орынның шарттарын көрсету, (үй-жай режимі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жеке мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жасалған жағдайлар, күтудің және қажетті құжаттарды дайындаудың қолайлы жағдайлары), (күту залы, үлгілер қойылған таған т.с.с.)
Қызмет көрсетілетін орында қауіпсіздік ережелері сақталған, құжаттарды дайындауға жағдай жасалған.(мемлекет қызмет алушыға
құжаттардың үлгісі жазылған тағандар орналастырылған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін соның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін қажетті құжаттар мен талаптарды көрсету:
Азаматтың тіркелу кітапшасы.
Өтініш берушінің тұрақты мекен-жайы мен отбасы мүшелері, меншік құқығын растайтын анықтама.
Әлеуметтік қорғау ұйымының өтініш берушінің әлеуметтік қолдауға зәру тұрғындардың қатарында екендігін растайтын анықтамасы.
Денсаулық сақтау мемлекеттік мекемесінің өтініш берушінің ауыр науқаспен ауыратындығын растайтын анықтамасы.
Отбасы құрамы туралы анықтама.
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылуы қажет сайтқа сілтемені не бланк берілетін орынды (өтініш т.с.с. түрлері) көрсету.
«Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары көлігі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы тұтынушыға қажетті бланктерді береді.
Мекен жайы: 150 700 Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл селосы, Гагарин көшесі 11, телефон 2-01-14.
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті сайтқа сілтемені не толтырылған бланкілерді, нысандарды, өтініштерді және басқа да
құжаттарды тапсыратын жауапты адамның мекен-жайын және кабинетінің нөмірін көрсету.
Мемлекеттік қызмет алушы қажетті құжаттарды «Қызылжар аудандық тұрғын үй құрылысы-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесінің бас маманына тапсырады.
Мекен-жайы: 150700 Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл селосы, Гагарин көшесі 11, телефон 2-01-14.
15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының мемлекеттік қызметті алған күні бар барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжаттың атауын және нысанын көрсету.
Тұтынушы мемлекеттік қызметті алған күні барлық қажетті құжаттарды мемлекеттік тұрғын-үй қорынан тұрғын үй қажетті азаматтарды есепке алу және кезекке қою бойынша мемлекеттік қызмет көрсету орнынан жазбаша мәлімдеме алады.
16. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу тәсілдері мен регламенттерінің толық тізбесін көрсету-электрондық почта, сайт арқылы, жеке бару, курьер, және т. Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесін беретін сайтқа сілтемені не жауапты адамның мекен-жайы мен кабинетінің нөмірін көрсету.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің соңғы нәтижесін «Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесінің бас маманы береді.
Мекен-жайы: 150700 Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл селосы, Гагарин көшесі 11, телефон 2-01-14.
17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негіздерінің толық тізбесін көрсету.
1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй қажетті азаматтарды есепке алу және кезекке қою кезінде мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 12 тармағында көрсетілген қажетті құжаттар толық болмаған жағдайда кері қайтаруға негіз болады.
2. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 «Тұрғын үй қатынастары» Заңының 72-бабына сәйкес соңғы бес жыл аралығында тұрмыстық жағдайы жақсы бола тұра немесе тұрғын үйін қасақана бүлдірсе мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға өтініш білдіргендер есепке алынбайды:
1) тұрғын үйін алмастырғанда;
2) Қазақстан Республикасының қай елді мекенінде болмасын меншік құқығы берілген жарамды тұрғын үйде жасау құқығынан айырылғанда;
3) бұзылуға және бүлінуге өзі айыпты болғанда;
4) мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген баспанада тұруды қажет етпеген жағдайда, баспанадан шығып кеткенде;
5) жұбайы, кәмелетке жетпеген және еңбекке жарамсыз балаларынан, сонымен қатар еңбекке жарамсыз ата-анасынан бөгде адамдарды кіргізгенде.
18. Мемлекеттік органның қызмет көрсетуде тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттарын санамалау (сыпайылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы толық ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету, тұтынушы белгілеген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету).
1) Меншігінде тұрғын үйі бар кәмелетке толмаған балалардың мүддесіне қатысты келісімдер үшін қамқоршы және қамқоршылық кеңесі шешімінің анықтамаларын беру тәртібі туралы толық және нақты ақпарат алу;
2) Тұтынушының құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуы, қорғалуы және конфиденциалдылығы, бекітілген уақытта тұтынушы алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
3) Мамандардың сыпайылығы, жауапкершілігі және кәсіби шеберлігі.
19. Тұтынушыларға қызмет көрсету нәтижелері осы үлгі стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құралған жұмыс топтары бекітеді.
21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға жәрдем көрсететін мемлекеттік орган атауын, электрондық почтасының мекен-жайын, шақыруларды өңдеу орталықтарының (сайд-орталықтар) телефон нөмірлерін не лауазымды адам кабинетінің нөмірін көрсету:
Өкілетті лауазымда тұлғаның шағымдану әрекеті (әрекетсіздігі) «Қызылжар аудандық тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығы арқылы жүзеге асырылады. Заңды мекен-жайы:
150700 Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл селосы, Гагарин көшесі 11, телефон 2-01-14. 150700 Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл селосы, Гагарин көшесі 11, телефон 2-01-14.
22. Шағым берілген мемлекеттік органның атауын, электрондық почтасының мекен-жайын, не лауазымды адам кабинетінің нөмірінкөрсету:
Шағым «Қызылжар аудандық тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесібастығының атына беріледі.
Заңды мекен-жайы: 150700 Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл селосы, Гагарин көшесі-11, телефон 2-01-14.
Қызылжар ауданы әкімі аппаратына мына мекен бойынша беріледі:
150700 Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл селосы, Гагарин көшесі-11, телефон 2-01-14, қабылдау күндері: аудан әкімі – сейсенбі сағат 10-00-ден 13-00-ге дейін.
23. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орынды көздейтін құжаттың атауын, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерін көрсету.
Азаматтардың талап-тілектерін қабылдау талоны, талап-тілектерді журналға тіркеу.
Шағымға жауап алу орны «Қызылжар аудандық тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесі.
Заңды мекен-жайы: 150700 Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл селосы, Гагарин көшесі-11, телефон 2-01-14
24. Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган, мекеме немесе өзге де субъект басшысының, оның орынбасарларының және жоғары тұрған ұйымның байланыс деректерін көрсету (сайт, электрондық почтасының мекен-жайы, жұмыс және қабылдау кестесі, мекен-жайы, телефондары.)
«Қызылжар аудандық тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесінің бастығы.
Заңды мекен-жайы: 150700 Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл селосы, Гагарин көшесі-11, телефон 2-01-14
Жұмыс кестесі: күн сайын сағат 9 00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін.
25. Тұтынушы үшін басқа да пайдалы ақпарат (шақыруларды өңдеу орталықтарының телефондары, қосымша қызметтер туралы ақпарат және т.б.)
Шағым қанағаттандарылмаған жағдайда мемлекеттік органның лауазымды тұлғасының, әрекетті әрекeтсіздікті қарастырушы органның байланыс деректемелері:
1) Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты, заңды мекен-жайы: 150000,Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі 58, электронды пошта мекен-жайы: akimat(a)sko kz
Қабылдау телефоны: 8-(7152)-46-41-25.
2) Сот.
3) Прокуратура.
Мемлекеттік қызмет көрсету
Типтік стандартына қосымша
Кесте. Сапа мен қолжетімділік көрсеткіштерінің маңызы
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері |
Көрсет- |
Көрсеткіш- |
Көрсеткіш-тің есепті жылдағы ағымдағы мәні |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылығы |
|||
1.1. құжатты |
100 |
100 |
100 |
1.2. қызмет көрсетуді алуға 40 минуттан |
0 |
0 |
0 |
2. Сапасы |
|||
2.1. % үлесі қызмет көрсету үндерісінің сапасы қанағаттанған тұтынушылар |
100 |
100 |
100 |
2.2. % үлесі лауазымды тұлғаның дұрыс ресімдеген құжаттары болған жағдайда |
100 |
100 |
100 |
3. Қол жетімділігі |
|||
3.1. % үлесі қызмет көрсету тәртібіне және ақпараттың сапасына |
100 |
100 |
100 |
3.2. % үлесі тұтынушылардың дұрыс толтырған құжаттары бірінші ретте тапсырған |
100 |
100 |
100 |
3.3. % үлесі интернет арқылы тиімді ақпараттар қазметі |
- |
- |
- |
4. Шағымдану қағидаттары |
|||
4.1. % үлесі қызмет көрсетудің осы түрімен қызмет тұтынушылардың жалпы санына негізделген |
5 |
5 |
5 |
4.2. % үлесі белгіленген |
100 |
100 |
100 |
4.3. % үлесі осы шағымдану тәртібіне |
100 |
100 |
100 |
4.4. % үлесі шағымдану мерзімдеріне |
100 |
100 |
100 |
5. Сыпайылылық |
|||
5.1. % үлесі тұлғалардың әдептілігіне |
100 |
100 |
100 |