Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігінің 2009.09.21 N 342 Қаулысымен
«Әкімшілік процедуралар туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына, «Мемлекеттік қызмет көрсетудің бір үлгідегі стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысының 2 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесімен ата-аналарының қамқорынсыз қалған жетімдерді, балаларды әлеуметтік қамтамасыз етуге құжаттар ресімдеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты бекітілсін.
2. Аудан әкімдігінің осы қаулысы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн мерзімі өтуі бойынша қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Маковский
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы
«22» қаңтардағы № 18
қаулысымен бекітілді
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы білім бөлімі»
Мемлекеттік мекемесімен ата-аналарының қамқорынсыз қалған
жетімдерді, балаларды әлеуметтік қамтамасыз етуге құжаттар
ресімдеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің анықтамасы:
ата-аналарының қамқорынсыз қалған жетімдерді, балаларды әлеуметтік қамтамасыз етуге құжаттар ресімдеу
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі – жарым-жартылай автоматтандырылған.
3. Нормативтік құқықтық кесімнің атауы, бап (тармақ) және тармақтың мазмұны (заңнамалық кесім, Қазақстан Республикасы Президентінің кесімі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кесімі), олар негізінде мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:
«Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-ІІІ Заңының 6-бабы 4-тармағы 12) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі № 1346 «Патронат туралы Ереженің» 2 бөлімі 18 тармағы 19 тармақшасы
4. Осы мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынатын мемлекеттік органның атауы:
Мемлекеттік мекеме: «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімі»
5. Тұтынушы алуға көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу формасы (нәтижесі):
ата-ананың қамқорынсыз қалған жетімдерді, балаларды әлеуметтік қамтамасыз етуге құжаттардың толық пакеті
6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалардың санаттары:
ата-ананың қамқорынсыз қалған балалардың заңды өкілдері (қамқоршысы, қамқоршылары)
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімі:
1) Тұтынушыларға қажетті құжаттарды берген күннен бастап мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
30 күнге дейін
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің максималды уақыты:
30 минутқа дейін
3)қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің максималды уақыты:
30 минутқа дейін
8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы немесе тегін екендігін көрсету:
ата-аналарының қамқорынсыз қалған жетімдерді, балаларды әлеуметтік қамтамасыз етуге құжаттар ресімдеу тегін жүргізіледі
9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын міндетті орналастыру орындары:
Ата-аналарының қамқорынсыз қалған жетімдерді, балаларды әлеуметтік қамтамасыз етуге құжаттар ресімдеу мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы стендте орналасқан.
10. Мемлекеттік мекеменің жұмыс кестесі:
дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін,
түскі үзіліс 13-00-ден 14-00-ге дейін.
11. Қызмет көрсетудің шарттары мен орындары:
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратының күту залында орындықтар, ақпараттық стендтер ұйымдастырылған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Қажетті құжаттар мен талаптардың тізбесі, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсетулерді пайдалануға жеңілдіктері бар тұлғалар үшін:
1) ата-ананың қамқорынсыз қалған балалардың заңды өкілдерінің (қамқоршы, қамқоршылары);
2) кәмелетке толмағанның туу туралы куәлігі.
4) тұрғын үйдің жеке меншік құқығын растайтын құжат.
13. Мемлекеттік қызмет көрсетулерді пайдалану үшін толтыруға қажетті бланктар беру орны (өтініш формалары және т.б.):
Бланктар «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде беріледі.
14. Мемлекеттік қызмет көрсетуді пайдалануға қажетті толтырылған бланктар, қалыптар, арыздар және басқа да құжаттар тапсырылатын жауапты тұлғаның мекен-жайы мен кабинет нөмірі:
Қажетті құжаттардың толық пакетімен өтініш Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 206 мекен-жайы бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тапсыралады.
15. Мемлекеттік қызмет көрсетуді пайдалану үшін тұтынушының барлық құжаттарды тапсырғанын растайтын құжаттың атауы мен түрі:
Азаматтардың өтініштерін тіркеу журналы
16. Мемлекеттік қызмет көрсетулер нәтижесін жеткізу тәсілдері:
Анықтама Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 206 мекен-жайы бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жеке қатынасу кезінде беріледі.
17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту ушін себеп болған негіздердің толық тізбесі:
1) құжаттардың толық пакетін ұсынбау;
2) тапсырылған құжаттардағы мәліметтердің сәйкессіздігі;
3) кәмелетке толмағанның мүдделеріне қайшылықтар.
18. Мемлекеттік орган басшылыққа алған жұмыс принціпі:
Мемлекеттік қызмет көрсетулерді пайдалануга арызданған азаматтар:
1) қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат алуға;
2) сыпайылыққа, жауапкершілік пен кәсібилікке;
3) белгіленген үлгідегі өтінішті және оған қоса берілетін бланктарды тегін алуға;
4) қабылданған шешімі туралы хабарлама алуға арқа сүйе алады, хабарлама беруден бас тартылған жағдайда оның себептері көрсетілетін болады.
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандарттың қосымшасында көрсетілген сапалылық пен қол жеткізушілік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе басқа да субъектілердің жұмыстары бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасы мен қол жеткізушідігінің көрсеткіштерінің мақсатты тағайындалуы жыл сайын арнайы құрылған жұмысшы топтармен бекітіледі.
21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне шағымдану тәртібі:
Лауазымды тұлғаның әрекетіне шағымдану «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына арыздану арқылы білім бөлімі бастығының кабинетінде іске асырылады.
22. Шағым түскен мемлекеттік органның атауы, электрондық пошта мекен-жайы немесе лауазымды тұлғаның кабинет нөмірі:
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы.
23. Қабылданылған арызды растайтын құжат:
Үзінді талон.
24. Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның басшыларының, оның орынбасарының және жоғары тұрған ұйымның байланыс мәліметтері :
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі - Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 206, электрондық пошта мекен жайы:trmk@rambler.ru
Мекеме бастығы, телефон 2-16-94, № 1 кабинет;
Бастықтың орынбасары, телефон 22-0-75, № 2 кабинет;
Солтүстік Қазақстан облысының білім Департаменті, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі 58.
Ата-аналарының қамқорынсыз қалған
жетімдерді, балаларды әлеуметтік
қамтамасыз етуге құжаттар ресімдеу
мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартына
қосымша
Таблица. Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштерінің мағынасы
Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштері |
Көрсеткіш- |
Келесі жылдағы көрсеткіштердің мақсатты мағынасы |
Есеп беру жылдағы көрсеткіштер- |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Дер кезділік |
|||
1.1. Құжатты тапсырған кезден бастап белгіленген мерзімге қызметтер көрсетудің % (үлесі) жағдайлары |
100 |
100 |
|
1.2. Кезекте 40 минуттан астам қызмет көрсетуді пайдалануды күткен тұтынушылар % (үлесі) |
100 |
100 |
|
2. Сапа |
|||
2.1. Қызмет көрсетулер үрдісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі) |
100 |
100 |
|
2.2. Лауазымды тұлғалармен құжаттарды дұрыс рәсімдеу жағдайлары (өндірістік есептеулер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі) |
100 |
100 |
|
3. Қол жеткізушілік |
|||
3.1. Қызмет көрсетулер тәртібі туралы ақпаратқа және оның сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі) |
100 |
100 |
|
3.2. Тұтынушылармен дұрыс толтырылған және бірден тапсырылған құжаттар жағдайлары % (үлесі) |
100 |
100 |
|
3.3. Интернет арқылы қол жеткізе алатын ақпараттар қызметі % (үлесі) |
100 |
100 |
|
4. Шағымдану үрдісі |
|||
4.1. Іс бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдар % (үлесі) |
100 |
100 |
|
4.2. Белгіленген мерзімде қаралып және қанағаттандыры-лып негізделген шағымдар % (үлесі) |
100 |
100 |
|
4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі) |
100 |
100 |
|
4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі) |
100 |
100 |
|
5. Сыпайылық |
|||
5.1. Персоналдық сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі) |
100 |
100 |