Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихаттың 2012.06.06 N 21 Шешімімен
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 3-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Тайынша аудандық мәслихатының 2009.10.23 N 154 Шешімімен
1. Қоса берілген Тайынша қаласы және Тайынша ауданының аумақтарын көркейту Ережелері бекітілсін.
2. Осы Ережелер алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы С. Кочелабова
Аудандық
мәслихаттың хатшысы Қ. Ысқақов
Аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 19 наураздағы
№ 46 шешімімен бекітілген
Тайынша қаласы мен Тайынша ауданның аумақтарын көркейту Ережелері
1. Жалпы ережесі
1. Осы Ережелер «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне және басқа да нормативтік-құқықтық кесімдерге сәйкес әзірленген.
Ережелер көркейту, жасыл желектерді қорғау, инфрақұрылым объектілерін күтіп ұстау мен қорғау саласында жеке және заңды тұлғалардың қарым-қатынасын реттейді және жауапкершілігін анықтайды.
2. Осы ережелерде қолданылатын негізгі ұғымдар мен түсініктер
2. Уәкілетті орган - тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдік жолдар саласында өкілеттілігі аудан әкімдігімен белгіленген Мемлекеттік Мекеме.
3. Ішкі аулалық аумақ – құрылыстың Бас жоспарымен белгіленген балалар, контейнерлер алаңшаларын, демалу аймақтарын, шағын сәулет нысандарын қосқандағы аумақтар.
4. Қоса берілген аумақ:
1) кәсіпорындар, ұйымдар, жеке меншік түріне қарамастан мекемелердің гүлзарларды, тротуарларды, жасыл аумақтарды, арықтарды қоса алғанда өту жолында дейінгі бөлік және жер учаскесінің шекарасынан 15 метрден аспайтын нөсерағыс үшін белгіленеді. Сонымен қатар әрбір ұйымға жергілікті атқару органдарының шешімімен белгілі шекте жиыстыру үшін аумақтар бекітілген;
2) сауда павильондары үшін – 6 метр қашықтықта сыртқы қабырғадан бастап;
3) көппәтерді тұрғын үйлер, тұрғын ғимараттарда салынған дүкендер үшін – көше жаққа қарап тұрған ғимараттардың фасады бойынша, жақын маңдағы тротуардың жиегіне немесе 15 метрден аспайтын өту бөлігіне дейін;
4) жеке тұрғын үйлер үшін – жер телімінің шекарасынан 15 метрден аспайтын өту бөлігіне дейін жол болмағанда тротуардың жиегіне дейін арықтар мен нөсерағыстарды қоса есептегенде үй маңындағы шекараны қоса алғандағы жер телімі;
5. Жер телімін ұстау:
1) жер телімін ұстау дегеніміз жерді тиімді пайдалану, экологиялық қауіпсіздігін, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын сақтау және халық үшін тұрмыстық жағдайларын жақсарту мақсатында өткізілетін ұйымдастыру және техникалық іс-шаралардың жиынтығы деген сөз;
2) жер телімі деп заңнамалық тәртіпте белгіленген жер құқықтық қатынастары субъектілеріне бекітілген тұйық шекарадағы бөлінген жердің бір бөлігін айтамыз;
3) жер телімдерін ұстау меншік иелерімен немесе өз еріктерімен пайдаланушылармен немесе жұмыс құрамын, сапа бағасының критерийін, тараптардың жауапкершілігін қарастыратын персоналдың жалға алу туралы шарт жасасу жолымен жүргізіледі.
3. Шағын сәулеттік нысандарды ұстау
6. Тұрғын үй құрылыстарының аумақтары, қоғамдық аймақтар, гүлзарлар, парктер, демалатын алаңшалар шағын сәулетті нысандармен – күркелермен, көлеңке қалқалармен, гүл шоқтарымен, орындықтармен, урналармен, фонтандармен, балардың ойын құралдарымен, ересек халықтың демалатын орындарына арналған газеттік стендтермен, қоршаулармен, телефон күркелерімен, автокөлікті күтуге арналған павильондармен жабдықталады.
4. Аумақтарды ұстауға қойылатын талаптар
7. Жеке меншік түріне қарамастан кәсіпорындардың, мекеме мен ұйымдардың басшылары, дүкендердің, сауда үйлері мен павильондардың иелері, жалға алушылары:
1) қоса берілген аумақтарда күнделікті санитарлық жиыстыруды, сонымен қатар шарт негізінде өз күштерімен немесе кәсіпорындармен тұрмыстық қалдықтарды, қоқыстарды шығарып төгуді қамтамасыз ету. Салынған құрылыстар көшенің бір жағында орналасқан болса, жиыстыру көшенің және тротуардың барлық ені бойынша жүргізуге;
2) өз аумақтарында үстіңгі және жер астындағы суларды бұруға арналған суағар арықтарды, көпіршелерді, құбырларды, кәріздерді жиыстыру мен тазартуды қамтамасыз етуге;
3) ғимараттар мен үй-жайлардың қасбеттерін, қоршауларды, кіру есіктерді, балкон мен лоджия экрандарын, суағар құбырларды, кіші сәулет түрлерін жөндеу және сырлау, әкімшілік және өндірістік ғимараттардың әйнектерін, сөрелер мен терезелерін жуу, көгалдар мен жасыл көшеттерді күту, арамшөптерді уақтылы жою бойынша жұмыстардың дер кезінде атқарылуын қамтамасыз етуге;
4) жұмыстың барлық түрлерін жол салу кезіндегі қазуды, жаңадан жайластыру мен жер астын жөндеуді, жаңа құрылыстар жанындағы нөлдік циклді құрғанда тек құжатты рәсімдеу белгіленген тәртіпке сәйкес болғаннан кейін жалғастыруға;
5) санитарлық–эпидемиологиялық іс-шараларды бұзбауға тиісті.
8. Тұрғын жай орамдары, шағын аудандар аумақтарында, сондай-ақ кесіп берілген жер учаскелері шегінде аумағының аула маңы аумақтарында мына тәртіп сақталуға міндетті:
көтермелердің, жаяжолдардың, жүргіншілер жолының, орамшілік кіреберістері мен жолдарының төсемдерін қалыпты жағдайда ұстауға;
аулаларға өздігінен түрлі шаруашылық немесе қосалқы құрылыс (гараждар және басқа) салуға жол бермеуге;
аулаішілік аумақтарды құрылыс материалдарымен үйіп тастауға жол бермеуге;
өзінің балансындағы (шаруашылық жүргізуші немесе жедел басқару) инженерлік желілерді қалыпты жағдайда ұстауға, құдықтарды уақытында қарап, тазартуға;
шағын сәулет нысандарын, спорттың, ойын, балалар мен шаруашылық алаңшаларының жабдықтарын, қоршаулар мен қашаларын қалыпты жағдайда ұстауға, олардың сыртқы түрінің ұқыптылығын сақтауға.
9. Аулаішілік аумақта:
аумақты тазарту немесе апатты жағдайларды жою жұмыстарынан басқа, сағат 23-тен сағат 6-ға дейін, тыныштық пен тәртіпті бұзатын жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады;
аулаішілік және ішкіорам аумағындағы жасыл аймаққа, балалар алаңшасына, жүргіншілер жолына қызметтік және жеке меншік автокөлікпен кіруге, қоюға;
көлік құралдарын қоюға және (немесе) аялдауға арнайы бөлінбеген және белгілермен белгіленбеген орындарға қоюға жол берілмейді.
10. Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында, ашық алаңдарда, кәуәп (шашлык) дүңгіршектерінде, сауда павильондарында және басқа да, стационарлық дәретханалары жоқ жерлерде персоналдар мен келушілер үшін жылжымалы және қоғамдық дәретханалар орнату міндетті жағдай болып табылады.
11. Базарлардың жұмыс кестесі жергілікті атқару органдарының шешімі негізінде белгіленеді. Аптасына бір рет базардың барлық аумағын, негізгі және қосалқы үй-жайлардың сауда орындарының, сөрелер мен үстелдердің, мүкәммалдың аумақтарын жинау және дезинфекциялау үшін санитарлық күн жарияланады.
5. Апатты жұмыстарды жүргізу
12. Пайдалану кезінде немесе жерасты және жерүсті коммуникацияларында құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде пайда болатын апаттар, олардың дұрыс жұмыс жасауына немесе азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп тудыруға әкеліп соғатын, су объектілерінің ластануы төтенше жағдай болып табылады және олардың қалыпты жұмысын аз мерзімде орындау шараларын талапт етеді.
13. Апаттық бригаданы апат орнына жіберумен қатар пайдаланушы ұйым апаттың сипаты мен орны жайында, осы апат ауданыныда жерасты және жер үсті құрылғылары бар ұйымдарға, қоғамдық жолаушылар көлігі қызметіне, аудандық ІІБ жол полициясы бөліміне, мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасына, ауданның коммуналдық шаруашылығы уәкілетті органына және басқа да мүдделі қызметтерге хабарлайды.
14. Аймағында жерүсті немесе жерасты коммуникациялары бар заңды және жеке тұлғалар, хабарды алғаннан кейін апат орнына өздерінің орындалған сызбаларымен бірге уәкілдерін міндетті түрде жіберулері керек, ол осы жердегі орналасқан мекемеге қарасты құрылғылар мен коммуникацияларды көрсетуі керек.
15. Егер де апатты жою жұмыстары жолдың толық және жартылай жабылуын қажет еткен жағдайда, аудандық ІІБ жол полициясы бөлімі жолдың уақытша жабылуы туралы, көліктің айналып жүру бағыты және зақымдалған желілердің қожайындарымен бірге зақымның жою мерзімін бекіту жөнінде жедел шешім қабылдайды.
16. Апат жұмыстары жүргізілетін орын қалқандармен немесе белгіленген үлгідегі апаттың жарық құрылғысы және үлкен қызыл түсті шамдары бар қорғандармен қоршалады. Көшенің (магистральдің) жол жағына аудандық ІІБ жол полициясы бөлімінің келісімімен қажетті жол белгілері орнатылады. Жұмыстардың толық аяқталғанына дейін, апатты жою жұмыстарын жауап беруші тұлғалар апаттың жарықтандыру, қоршау (қалқан) орнату, жол белгілерінің қойылу жұмыстарына жауапты.
17. Апаттың салдарын жою және аумақтың абаттандырылуын қалпына келтіру үшін, апат болған күннен бір тәуліктен асырмай, жер жұмыстарын жүргізуге рұқсат алуы қажет. Көрсетілген мерзімге дейін жер жұмыстарын жүргізуге рұқсат қағазын жасамаған жағдайда қазу жұмыстары жөн-жосықсыз болып саналады және кәсіпорын қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
18. Бұзылған жол төсемдері мен басқа да абаттандыру элементтерін қалпына келтіру жұмыстары инженерлік желілердің қожайындарымен апатты жұмыстар аяқталғаннан кейін тез арада жасалады. Апатты жұмыстардан кейін жаңартылған асфальтбетон жабуының сапа кепілдігінің мерзімі 2 жылдан кем емес.
19. Апатты, жоспарлы жұмыстарды жүргізуге қатаң түрде тыйым салынады.
6. Сыртқы көріктендіру элементтерінің мазмұны
20. Бекітілген тәртіпке сәйкес шарбақтарды құру және дуалдарды, көгал қоршауларды, сауда павильондар мен шатырларды тұрғызу олардың орнатылатын орындары мен жобасы келісілгенде рұқсат етіледі.
21. Жылжымалы ұсақ бөлшек сауда орнын (тартпалар, үстелдер және т.б.) қоюға рұқсат ауданның санитарлық қызметінің келісімі бойынша селолық округ немесе қала әкімімен беріледі.
22. Жұмыстың аяғына дейін құрылыс алаңдары мен құрылысы бұзылатын орындар барлық белгіленген үлгі периметрлері бойынша дуалдармен қоршалуы тиіс. Құрылыс алаңдары және оларға келетін жолдар, көшеге шығатын көліктермен көшені ластамау үшін салынуы керек. Өндірістік жұмыс уақыты кезеңінде құрылыс ұйымына жанасып тұрған жол учаскесінің салынып жатқан объектінің екі жағынан ұзындығы 200 метр күнделікті ластан және басқа да қоқыстардан тазарту үшін бекітіледі.
23. Дүкендердің, сауда нүктелерінің қастарына қоқыс салатын урналарды олардың иелері орналастырады. Урналар сауда нүктелерінің иелерімен дұрыс күйде, мұнтаздай таза болуы, толып қалған кезде қоқыстан тазартылып және айына бір рет жуылып, дезинфекцияланып отырылуы керек.
24. Шаруашылықтарында инженерлік желілері орналасқан мекемелер басшылары канализациялық, су құбырлары және басқа да құдықтардың қақпақтары жол қабатының бетімен бірдей жабық болып, әрдайым дұрыс, сынбаған күйінде болуын үнемі қадағалауға міндетті.
25. Қатты отынмен жағылатын қазандықтардың иелері өз жер учаскелерінен үнемі қождарды шығарып отыруды, отынды өзіне бөлінген жерлерге өрт қауіпсіздігінің нормаларын сақтауымен үйілуін қамтамасыз етуге міндетті.
7. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету
26. Елді мекендер мен қала аумағына тұрмыстық және құрылыс қоқыстарын, өндірістік қалдықтарды, бос ыдыстарды, ағаш үгінділерін, жапырақтарды, қарды шығаруға жол берілмейді.
27. Кәсіпорындардың және жеке меншік үй иелерінің ішкі аумақтарын қоса алғанда, қоқыстарды, жапырақтарды, бос ыдыстарды, өндірістік қалдықтарды жағуға, алау жағуға жол берілмейді.
28. Тоғандарға және сайларға өндіріс кәсіпорындарының тазартылмаған суларын және жеке сектордың төгілетін суларын ағызуға жол берілмейді.
29. Көлік құралдарын тұрғын-жай орамдары ішінде және жалпы пайдаланатын жерлерде, су жібергіш құдықтар, тоғандар, адамдардың демалу орындары, тұрғын үй алдында жууға, тазартуға және жөндеуге жол берілмейді.
30. Жолдарды ластауға жол бермейтін, брезентпен немесе басқа материалдармен жабусыз топырақтарды, қоқыстарды, төгілмелі құрылыс материалдарын, жеңіл бос ыдыстарды, жапырақтарды, ағаш үгінділерін тасымалдауға жол берілмейді, сондай-ақ ҚТҚ полигонына қоқыстарды апаратын арнайы автокөліктерге ашық люкпен жол жүруге жол берілмейді.
31. Әр түрлі маңызы бар объектілерді гүл кестелерге, гүлзарларға, жаяжолдарға, балалар алаңшаларына, ғимараттардың арқаларына орналастыруға жол берілмейді.
32. Ауданның жергілікті атқарушы органы белгілеген жерлерден тыс жерлерде хабарландыруларды, жарқағаздарды, баспа үгіт материалдарын, хабарламаларды және басқа да көзбен шолатын ақпараттардың нысандарын орналастыруға, жапсыруға жол берілмейді.
33. Баспа үгіт материалдарын шашып тастауға жол берілмейді.
8. Аудан мен Тайынша қаласы аумағына тазарту жұмыстарын ұйымдастыру мен тазалықты қамтамасыз ету көркейту, санитарлық тазалық жұмыстары бойынша уәкілетті органдар мен қызметтердің міндеттері
34. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес осы қағидалардың сақталуын бақылау, қоршаған ортаны қорғау, өртке қарсы, санитарлық және сәулет құрылысын бақылау, ішкі істермен өз құзырлары шегінде жүргізіледі.
35. Функционалдық міндеттерге сәйкес қаланың жалпы көркейту жағдайын бақылау, комиссиялық аралау мен тексеріс жүргізу жағдайын реттеумен, мемлекеттік бақылау-қадағалау жұмыстарын уәкілетті орган жүргізеді.
9. Қағиданы бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі
36. Осы қағидаларды бұзғаны үшін кінәлі жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары мен Қазақстан Республикасындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске сәйкес жауапкершілікке шақырылады. Әкімшілік жауапкершіліктің қолданылуы, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, тәртіп бұзушыны онымен келтірілген материалдың зиянды төлеу және жіберілген кемшілікті жою міндетінен босатпайды.