Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009.12.08 N 384 Қаулысымен.
"Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына сәйкес және "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 , "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 маусымдағы N 561 қаулыларына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Қайтыс болуы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Б. Дүйсеноваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі
Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2008 жылғы
18 ақпандағы N 49
қаулысымен бекітілді
"Қайтыс болуы туралы анықтама беру"
мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы стандарт қайтыс болуы туралы анықтама беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін белгілейді. Қайтыс болуы туралы анықтама беру қайтыс болған фактіні көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет "Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 1-тармағының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің Реестрінің 124-тармағының негізінде іске асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті медицина ұйымдары көрсетеді.
5. Тұтынушыға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу түрі (қорытындысы) қайтыс болуы туралы анықтама беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
1) қажетті құжаттарды тапсырғаннан бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - бір күн;
2) қажетті құжаттарды тапсырған және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжатты алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 40 минут;
3) құжаттарды алуда кезек күтуге барынша берілетін уақыт, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі ретінде-10 минут.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты осы қызметті көрсететін мемлекеттік медицина ұйымдарының хабарландыру тақталарында орналастырылады.
10. Жұмыс кестесі: күнделікті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күні: жексенбі.
11. Медицина ұйымдарының мамандандырылған кабинеттерінде осы мемлекеттік қызметті көрсету үшін төмендегідей жағдайлар жасалған: үстел, орындық, қажетті құжаттардың тізбесі көрсетілген тақта.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі.
12. Қайтыс болуы туралы анықтама беру үшін, келушілер мына құжатты ұсынады:
өлген адамның жеке басын куәландыратын құжат.
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін бланкілерді және өтініштер нысандарын толтыру қарастырылмаған.
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтінішті және басқа да құжаттарды медицина ұйымдарына тапсыру қажет.
15. Өтініш иесі қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушының осы мемлекеттік қызметті алатын күні көрсетілген талон алады.
16. Қайтыс болуы туралы анықтама мемлекеттік қызметті алушының өзінің қатысуымен беріледі.
17. Мемлекеттік қызметті көрсетуді тоқтату немесе көрсетуден бас тартудың негіздері:
қажетті құжаттардың тапсырылмауы.
18. Медицина ұйымдарының қызмет көрсетудегі тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс принциптері:
1) әдептілік;
2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат;
3) тұтынушының құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғауды және құпиялылығын қамтамасыз ету.
19. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Медицина ұйымдарының жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділігі көрсеткіштерінің нысаналы маңызын жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
21. Уәкілетті тұлғаның әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану қажет болғанда тұтынушы медицина ұйымының басшысына жүгіне алады. Егер тұтынушы қолданылған шараға қанағаттанбаса немесе мәселе жоғары тұратын мекеменің қарауын талап етсе тұтынушы шағымды медициналық ұйымның уәкілетті органы - Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментіне жолдай алады: Шымкент қ., Республика даңғылы 12-А. Шағымдану тәртібін Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау департаменті директорының орынбасары түсіндіреді, кабинет:604, сымтетік: 56-53-25.
22. Шағымдар жазбаша пошта арқылы жіберіледі немесе Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің кеңсесіне Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаменті директорының атына беріледі, Шымкент қ. Республика даңғылы 12-А, кабинет:605.
23. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетілетін талон болып табылады. Шағымның қаралу барысы туралы Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау департаментінің медицина кадрларымен жұмыс жүргізу бөлімінен 56-01-68 сымтетік арқылы білуге болады.
24. Тұтынушыларды қабылдау медицина ұйымдарының белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес іске асырылады.
Жоғары тұратын орган - Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау департаментінің байланыс деректері 160050, Шымкент қаласы, Республика даңғылы 12-А.
Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау департаменті директорының қабылдау бөлмесінің сымтетігі: 56-00-47.
Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау департаменті директоры орынбасарының сымтетігі: 56-53-25.
25. Тұтынушы үшін пайдалы басқа ақпарат медицина ұйымдарының қабырғаларында және Оңтүстік қазақстан облысы әкімдігінің сайтында орналасқан: www.ontustik.kz.
"Қайтыс болуы туралы анықтама беру"
мемлекеттік қызмет көрсетудің
стандартына қосымша
Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол |
Көрсеткіштің |
Көрсеткіштің |
Көрсет- |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылығы |
|||
1.1. құжаттарды |
95 % |
80 % |
75 % |
1.2. қызмет алуды |
85 % |
50 % |
40 % |
2. Сапасы |
|||
2.1. қызметті |
90 % |
70 % |
60 % |
2.2. құжаттарды |
95 % |
85 % |
75 % |
3. Қол жетімділік |
|||
3.1. қызметті ұсы- |
85 % |
60 % |
50 % |
3.2. тұтынушы |
75 % |
45 % |
30 % |
3.3. Интернет |
50 % |
40 % |
20 % |
4. Шағымдану үдерісі |
|||
4.1. қызметтің |
0,1 % |
0,3 % |
0,4 % |
4.2. белгіленген |
95 % |
70 % |
60 % |
4.3. шағымданудың |
90 % |
60 % |
50 % |
4.4. шағымдану |
90 % |
60 % |
50 % |
5. Сыпайылық |
|||
5.1. қызметкерлер- |
90 % |
70 % |
60 % |