Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012.12.07 № 9/76-V Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман Кодексінің 14-бабының 2 тармағына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1."Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман пайдаланудың төлемақы ставкаларын бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 16/161-III шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1915 нөмірмен тіркелген, 2005 жылғы 26 шілдедегі "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы 1 қосымша болып саналсын;
осы шешімнің қосымшасына сәйкес көрсетілген шешім 2 қосымшасымен толықтырылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы
Облыстық мәслихаттың хатшысы
Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының 2008 жылғы 27
наурыздағы N 5/72-IV шешіміне
қосымша
Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының 2005 жылғы 23
маусымдағы N 16/161-III шешіміне
2 қосымша
Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры
учаскелерінде орман пайдаланудың кейбір түрлерінің
төлемақысының ставкалары
Р/с |
Орман пайдаланудың түрлері |
Өлшем бірлігі |
Айлық есеп |
1. |
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының қажетіне пайдалану |
Га |
0,05 |
2. |
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаттарына пайдалану |
адам-күн |
0,05 |
3. |
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін мәдени-сауықтыру мақсатында пайдалану |
адам-күн |
0,1 |
4. |
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттарда пайдалану |
адам-күн |
0,2 |
5. |
Көкөніс, бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру: шөлейіт және дала аймағында: таулы аймақта: |
га га |
8 6 |
6. |
Қамыс дайындау мен жинау |
текше метр |
0,1 |