"Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман пайдаланудың төлемақы ставкаларын бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 16/161-III шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 27 наурыздағы N 5/72-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 18 сәуірде N 1978 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 9/76-V Шешімімен

      Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012.12.07 № 9/76-V Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман Кодексінің 14-бабының 2 тармағына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      1."Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман пайдаланудың төлемақы ставкаларын бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 16/161-III шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1915 нөмірмен тіркелген, 2005 жылғы 26 шілдедегі "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің қосымшасы 1 қосымша болып саналсын;
      осы шешімнің қосымшасына сәйкес көрсетілген шешім 2 қосымшасымен толықтырылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы

      Облыстық мәслихаттың хатшысы

Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының 2008 жылғы 27
наурыздағы N 5/72-IV шешіміне
қосымша

Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының 2005 жылғы 23
маусымдағы N 16/161-III шешіміне
2 қосымша

      Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры
учаскелерінде орман пайдаланудың кейбір түрлерінің
төлемақысының ставкалары

Р/с

Орман пайдаланудың түрлері

Өлшем бірлігі

Айлық есеп
айырысу
көрсеткіштерін-
дегі төлем
ставкалары

1.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының қажетіне пайдалану

Га

0,05

2.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаттарына пайдалану

адам-күн

0,05

3.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін мәдени-сауықтыру мақсатында пайдалану

адам-күн

0,1

4.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттарда пайдалану

адам-күн

0,2

5.

Көкөніс, бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру:

шөлейіт және дала аймағында:

таулы аймақта:


 
 
 
 

    га

га


 
 
 
 

    8

6

6.

Қамыс дайындау мен жинау

текше метр

0,1

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады